2015 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 326 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10016 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 131 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 13.03.2015 № 131 (2015 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау тәртібінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету критерийін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы бойынша 2015 жылғы 1 тоқсанға кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «2014 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 73 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 9745 тіркелген және 2014 жылғы 1 қазандағы № 191 (27812) «Казахстанская правда» газетінде, 2014 жылғы 1 қазандағы № 191 (28414) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Әлеуметтік көмек департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Т. Дүйсенова

Об определении черты бедности на 1 квартал 2015 года

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 15 декабря 2014 года № 326. Зарегистрирован в Министерстве юстиции 25 декабря 2014 года № 10016. Утратил силу приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 марта 2015 года № 131

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения и социального развития РК от 13.03.2015 № 131 (вводится в действие с 01.04.015).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п.5

      В целях установления критерия оказания социальной помощи малообеспеченным гражданам Республики Казахстан для определения размера адресной социальной помощи в соответствии с пунктом 4 Правил определения черты бедности, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 2000 года № 537, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Определить черту бедности на 1 квартал 2015 года по Республике Казахстан в размере 40 процентов от прожиточного минимума, рассчитанного за истекший квартал Министерством национальной экономики Республики Казахстан.
      2. Признать утратившим силу приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 11 сентября 2014 года № 73 «Об определении черты бедности на 4 квартал 2014 года» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9745 и опубликованный 1 октября 2014 года № 191 (27812) в газете «Казахстанская правда»; 1 октября 2014 года № 191 (28414) в газете «Егемен Қазақстан»).
      3. Департаменту социальной помощи обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в средствах массовой информации и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) доведение настоящего приказа до областных, городов Астана и Алматы управлений координации занятости и социальных программ.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Жакупову С.К.
      5. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2015 года.

      Министр                                    Т. Дуйсенова