Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 желтоқсанда № 10023 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 25.04.2018 № 140 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.05.2016 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.05.2016 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (Момышев Т.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеге жолдануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсы мен мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы



Энергетика министрі


В. Школьник



      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрі

      ________________Е. Досаев

      2014 жылғы 27 қараша

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму

      министрі

      ________________Ә. Исекешев

      2014 жылғы 24 қараша




  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2014 жылғы 14 қарашадағы
  № 126 бұйрығымен
  бекітілген

Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану,
технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды
технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи
газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.05.2016 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу (бұдан әрі - газды технологиялық еріксіз жағу) кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды әрі кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган - мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару үдерісін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      3) табиғи және ілеспе газды кәдеге жарату - кен орнында табиғи және ілеспе газды технологиялық мұқтаждықтарға және (немесе) тауар өніміне дейінгі дайындауға пайдалану мақсатында кәсіпшілік жинауды қамтамасыз ету;

      4) ілеспе газды қайта өңдеу - ілеспе газды тауарлық өнімге дейін жеткізу жөніндегі технологиялық процесс;

      5) ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағу - ілеспе және (немесе) табиғи газды пайдаланбай жою процесі.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар Заңда айқындалған.

2-тарау. Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы
пайдалану, технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және
(немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру тәртібі

      3. Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсатты (бұдан әрі - рұқсат) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) береді.

      Рұқсат беруді (беруден бас тартуды) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында қарастырылған құжаттарды алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы (өтініш беруші) уәкілетті органға сұралатын рұқсат түріне байланысты осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында қарастырылған құжаттармен бірге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар алу үшін өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді.

      5. Ұңғыма объектілеріне сынақтар жүргізу кезіндегі рұқсатты алу үшін мынадай құжаттар беріледі:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;

      2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген ұңғымалардың жекелеген объектілерін сынау жоспары;

      3) осыған дейін алынған рұқсат аясындағы ұңғыма объектілерін сынау бойынша жұмыстар жүргізілмеген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы (өтініш беруші) олардың жүргізілмеген себептерін түсіндіретін растау құжатын қоса тіркейді.

      6. Кен орнын сынамалы пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезіндегі рұқсатты алу үшін мынадай құжаттар беріледі:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;

      2) осы Қағидалардың 3-қосымшаның сәйкес мәліметтер нысаны.

      7. Ұңғымалардың объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат бекітілген жобаға сәйкес ұңғымалардың жекелеген объектілерін сынау жоспарындағы мерзімге беріледі, бірақ ұңғыманың әр объектісі үшін үш айдан артық болмауы керек.

      Ұңғыманың жекелеген объектілерін сынау жоспарында жер қойнауын пайдаланушы жасаған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9915 болып тіркелген) бекітілген Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне (бұдан басқа - әдістеме) сәйкес газ жағу көлемдері мен жұмыс түрлері бойынша күндер саны бойынша есептеулер келтіріледі.

      Кен орнын сынамалы пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде газ жағуға рұқсат мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган келісетін тиісті ілеспе газды қайта өңдеу бағдарламасымен қарастырылған нормативтері мен көлемдеріне сәйкес беріледі.

      8. Кен орындарын сынамалы пайдалану кезінде газды жағуға үш жылдан аспайтын жалпы мерзімге рұқсат берілуі мүмкін, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде газды жағу іске қосу-баптау жұмыстарымен байланысты кезең ішінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат газды қайта өңдеу бағдарламасына сәйкес мерзімге беріледі.

      9. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер негізінде жүзеге асырылады:

      1) жер қойнауын пайдаланушы (өтініш беруші) рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;

      2) жер қойнауын пайдаланушының (өтініш берушінің) және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің талаптарға және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) жер қойнауын пайдаланушыға (өтініш берушіге) қатысты айқындалған бірінші (лицензиялар) және (немесе) екінші санаттағы рұқсаттарды алуын талап ететін жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын, заңды күшіне енген сот шешімі болса;

      4) жер қойнауын пайдаланушыға (өтініш берушіге) қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде жер қойнауын пайдаланушы айқындалған бірінші (лицензиялар) және (немесе) екінші санаттағы рұқсаттарды алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.

      Жер қойнауын пайдаланушы (өтініш беруші) рұқсат беруден бас тарту себептерін алып тастағаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы (өтініш беруші) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қайта жүгіне алады.

      10. Жер қойнауын пайдаланушы қайта ұйымдастырылған және (немесе) атауы өзгерген жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы алған сәттен бастап бір ай мерзім ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса рұқсатты қайта ресімдеу туралы ерікті түрде өтініш береді. Рұқсатты беру қайта ұйымдастырылу және (немесе) атауының өзгеруі туралы мәліметтерін растайтын құжаттарды алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.


  Ұңғымалар объектілерін сынау, кен
  орнын сынамалы пайдалану,
  технологиялық жабдықты іске
  қосу-баптау, пайдалану, оған
  техникалық қызмет көрсету және
  жөндеу жұмыстары кезінде газды
  технологиялық еріксіз жағу кезінде
  ілеспе және (немесе) табиғи
  газды алау етіп жағуға рұқсаттар
  беру қағидаларына
  1-қосымша

      нысан

Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағуға
РҰҚСАТ

      Нөмірі: Берілген орны:

      Берілген күні:

      _____________________________________________________________ берілді

      (жер қойнауын пайдаланушының атауы)

      _____________________________________________________________________

      (кен орны, ұңғыма нөмірі)

      __________________________________________________________ көлемінде,

      (жағуға рұқсат етілген газ көлемі)

      _____________________________________________________________________

      (газды жағу түрі)

      _____________________________________________________________________

      (рұқсаттың қолданылу мерзімі)

      Ескертпе:

      Басшы (уәкілетті адам): тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Электрондық-цифрлық қолтаңба


  Ұңғымалар объектілерін сынау, кен
  орнын сынамалы пайдалану,
  технологиялық жабдықты іске
  қосу-баптау, пайдалану, оған
  техникалық қызмет көрсету және
  жөндеу жұмыстары кезінде газды
  технологиялық еріксіз жағу кезінде
  ілеспе және (немесе) табиғи
  газды алау етіп жағуға рұқсаттар
  беру қағидаларына
  2-қосымша

      нысан

Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану,
газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе)
табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар алу үшін
ӨТІНІШ

      (қайда) _____________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      (кімнен) ____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН,

      заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН,

      байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

      _____________________________________________________________________

      (кен орны; ұңғыма нөмірі*; қандай сатыда)

      _____________________________________________________________________

      (газ жағу қажеттілігінің себебі және негіздемесі; жылына жағылатын

      газдың болжамды көлемі (млн. м3)

      _____________________________________________________________________

      (сатылары көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған

      келісімшарттың күні, нөмірі және қолдану мерзімі)

      _____________________________________________________________________

      (келісімшартқа соңғы қосымшаның (болған жағдайда) күні, нөмірі және

      қолдану мерзімі)

      _____________________________________________________________________

      (жүргізілетін жұмыстардың жоспарлы мерзімі)

      Ұңғыма туралы деректер:*

Объектінің атауы және нөмірі


Көлемі, млн. м3


Аралығы


Объектілер бойынша сынау күндерінің саны


1


2


3


4











      * ұңғымалар объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде газды жағуға

      рұқсат алу үшін

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1. ______________________________________

      2. ______________________________________

      ...

      Ұйымның басшысы (лауазымы) __________________ _______________________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты

      20 __ ж." ____ " _________


  Ұңғымалар объектілерін сынау, кен
  орнын сынамалы пайдалану,
  технологиялық жабдықты іске
  қосу-баптау, пайдалану, оған
  техникалық қызмет көрсету және
  жөндеу жұмыстары кезінде газды
  технологиялық еріксіз жағу кезінде
  ілеспе және (немесе) табиғи
  газды алау етіп жағуға рұқсаттар
  беру қағидаларына
  3-қосымша

МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

      1. Өткен жылғы өндірілген газ, млн. м3. ______________________.

      2. Өткен жылғы жағылған газ, млн. м3. оның ішінде:

      1) кен орнын сынамалы пайдалану кезінде, млн. м3 _____________;

      2) газды технологиялық еріксіз жағу кезінде, млн. м3 _________;

      3) барлау ұңғымаларын сынау кезінде, млн. м3 _________________.

      3. Өтінім беру жылына газды жағу, млн. м3 ____________________.

      4. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе газды

      өңдеуді дамыту бағдарламасын бекіту туралы ақпарат:

      1) құжат нөмірі (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) ______;

      2) құжаттың күні (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) _____;

      3) өтінім беру жылына жағылатын газдың рұқсат етілген мөлшері,

      млн. м3 ____________________________________________________________;

      4) өтінім беру жылына газ өндіру мөлшері, млн. м3 ____________.

      5. Газ жағуды есептеу аспаптарының саны мен олардың орналасуы

      ______________________________________________________________.

      6. Газ өңдеудің және кәдеге жаратудың нақты көлемі туралы

      ақпарат:

      1) өткен жылғы газ өңдеу мөлшері, млн. м3 ____________________;

      2) өткен жылғы газ өңдеу тәсілі ______________________________;

      3) өткен жылғы кәдеге жаратылған газ мөлшері, (көзі бойынша) млн. м3 ____________________________________________________________;

      4) өткен жылғы газды кәдеге жарату тәсілі (көзі бойынша) _____;

      5) өткен жылғы технологиялық жоғалулар _______________________.

      7. Газды өндірістік үздіксіз жағу көздері (алаулары) туралы ақпарат:

      1) жалпы саны ________________________________________________;

      2) орналасқан жері ___________________________________________;

      3) биіктігі, метр ____________________________________________;

      4) өнімділігі, Hм3 мың/тәулік ________________________________.

      8. Кен орнын сынамалы пайдалану немесе игеру жобасын бекіту туралы ақпарат:

      1) құжат нөмірі (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) ______;

      2) құжаттың күні (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) _____;

      3) жобалық құжаттағы қолданыс мерзімінің басталуы ____________;

      4) жобалық құжаттағы қолданыс мерзімінің аяқталуы ____________;

      5) өткен жылғы мұнай өндірудің жобалық мөлшері, мың тонна ____;

      6) өткен жылғы газ өндірудің жобалық мөлшері, млн. м3 ________.

      9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21

      қазандағы № 64 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

      тіркеу тізілімінде 2014 жылы 28 қарашада № 9915 болып тіркелген)

      бекітілген Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе)

      табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне

      сәйкес ұңғымалар объектілерін сынау және кен орнын сынамалы

      пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және

      (немесе) табиғи газды алау етіп жағу нормативтері мен көлемдерінің

      есептемесі _________________________________________________________.

      Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт туралы деректер:

      1) келісімшарт күні _________________________________________;

      2) келісімшарт нөмірі _______________________________________;

      3) келісімшарттың қолдану мерзімі ___________________________;

      4) келісімшартқа жасалынған соңғы қосымшаның күні (бар болған

      жағдайда) _________________________________________________________;

      5) келісімшартқа жасалынған соңғы қосымшаның нөмірі (бар болған

      жағдайда) _________________________________________________________;

      6) келісімшартқа жасалынған соңғы қосымшаның қолдану мерзімі

      (бар болған жағдайда) _____________________________________________;

      7) кен орны сатысы (барлау, өнеркәсіптік игеру) ______________.

Об утверждении Правил выдачи разрешений на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа при испытании объектов скважин, пробной эксплуатации месторождения, технологически неизбежном сжигании газа при пусконаладке, эксплуатации, техническом обслуживании и ремонтных работах технологического оборудования

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 14 ноября 2014 года № 126. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2014 года № 10023. Утратил силу приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 25 апреля 2018 года № 140 (вводится в действие с 29.06.2018)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 25.04.2018 № 140 (вводится в действие с 29.06.2018).
      Сноска. В наименование приказа вносится изменение на государственном языке, текст на русском не меняется в соответствии с приказом Министра энергетики РК от 14.05.2016 № 204 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи разрешений на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа при испытании объектов скважин, пробной эксплуатации месторождения, технологически неизбежном сжигании газа при пусконаладке, эксплуатации, техническом обслуживании и ремонтных работах технологического оборудования.

      Сноска. В пункт 1 вносится изменение на государственном языке, текст на русском не меняется в соответствии с приказом Министра энергетики РК от 14.05.2016 № 204 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету экологического регулирования, контроля и государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан (Момышев Т.А.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление на официальное опубликование настоящего приказа в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан в средствах массовой информации и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) опубликование настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр энергетики


Республики Казахстан

В. Школьник

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ________________ Е. Досаев

      27 ноября 2014 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр по инвестициям и развитию

      Республики Казахстан

      ________________ А. Исекешев

      24 ноября 2014 года



  Утверждены
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан
от 14 ноября 2014 года № 126

Правила
выдачи разрешений на сжигание в факелах попутного и (или)
природного газа при испытании объектов скважин, пробной
эксплуатации месторождения, технологически неизбежном сжигании
газа при пусконаладке, эксплуатации, техническом обслуживании и
ремонтных работах технологического оборудования

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра энергетики РК от 14.05.2016 № 204 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи разрешений на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа при испытании объектов скважин, пробной эксплуатации месторождения, технологически неизбежном сжигании газа при пусконаладке, эксплуатации, техническом обслуживании и ремонтных работах технологического оборудования (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" (далее – Закон) и определяют порядок выдачи разрешений на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа при испытании объектов скважин и пробной эксплуатации месторождения, технологически неизбежном сжигании газа при пусконаладке, эксплуатации, техническом обслуживании и ремонтных работах технологического оборудования (далее – технологически неизбежное сжигание газа).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) уполномоченный орган по изучению и использованию недр – государственный орган, осуществляющий функции по реализации государственной политики и контролю в сфере геологического изучения, рационального и комплексного использования недр, а также иные функции в сфере недропользования, установленные законодательством Республики Казахстан;

      2) уполномоченный орган в области нефти и газа – центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий формирование государственной политики, координацию процесса управления в сферах нефтегазовой, нефтегазохимической промышленности, транспортировки углеводородного сырья;

      3) утилизация природного и попутного газа – обеспечение на месторождении промыслового сбора природного и попутного газа в целях его использования для технологических нужд и (или) его подготовки до товарного продукта;

      4) переработка попутного газа – технологический процесс по доведению попутного газа до товарного продукта;

      5) сжигание в факелах попутного и (или) природного газа – процесс уничтожения попутного и (или) природного газа без использования.

      Иные понятия, используемые в настоящих Правилах, определены Законом.

Глава 2. Порядок выдачи разрешений на сжигание в факелах
попутного и (или) природного газа при испытании объектов
скважин, пробной эксплуатации месторождения, технологически
неизбежном сжигании газа

      3. Разрешение на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа при испытании объектов скважин, пробной эксплуатации месторождения, технологически неизбежном сжигании газа (далее – разрешение) выдается уполномоченным органом в области нефти и газа (далее – уполномоченный орган) по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Выдача разрешения (отказ в выдаче) осуществляется уполномоченным органом в течение десяти рабочих дней со дня получения документов, предусмотренных пунктами 5 и 6 настоящих Правил.

      4. Недропользователь (заявитель) подает в уполномоченный орган заявление для получения разрешений на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа при испытании объектов скважин и пробной эксплуатации месторождения, технологически неизбежном сжигании газа (далее – заявление) по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам с приложением документов, предусмотренных пунктами 5 и 6 настоящих Правил, в зависимости от вида испрашиваемого разрешения.

      5. При проведении испытаний объектов скважины для получения разрешения представляются следующие документы:

      1) заявление, согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      2) план испытания отдельных объектов скважины, утвержденный недропользователем, согласованный с территориальным подразделением уполномоченного органа по изучению и использованию недр;

      3) в случае непроведения работ по испытанию объектов скважины

      в рамках ранее полученного разрешения недропользователь (заявитель) прикрепляет подтверждающий документ объясняющий причины их непровидения.

      6. При пробной эксплуатации месторождения, технологически неизбежном сжигании газа для получения разрешения представляются следующие документы:

      1) заявление, согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      2) форма сведений согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      7. Разрешение на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа при испытании объектов скважины выдается в соответствии с утвержденным проектом согласно планам испытания отдельных объектов скважины, но не более чем на три месяца для каждого объекта скважины.

      В планах испытания отдельных объектов скважины приводится расчет по объемам сжигания газа и количества дней по видам работ при проведении испытаний, составленных недропользователем, согласно Методике расчетов нормативов и объемов сжигания попутного и (или) природного газа при проведении нефтяных операций, утвержденной приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 21 октября 2014 года № 64 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9915) (далее – методика).

      Разрешение на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа при пробной эксплуатации месторождения, технологически неизбежном сжигании газа выдается в пределах нормативов и объемов, рассчитанных по утвержденной методике, предусмотренных программой развития переработки попутного газа, подлежащей утверждению уполномоченным органом в области нефти и газа и согласованию с уполномоченным органом по изучению и использованию недр.

      8. Сжигание газа при пробной эксплуатации месторождения может быть разрешено на общий срок, не превышающий трех лет, при пусконаладке технологического оборудования осуществляется в течение периода, связанного с пусконаладочными работами.

      При этом разрешение на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа при технологически неизбежном сжигании газа выдается на срок в соответствии с программой развития переработки попутного газа.

      9. Отказ в выдаче разрешения осуществляется по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных недропользователем (заявителем) для получения разрешения, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие недропользователя (заявителя) и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для выдачи разрешения требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан;

      3) в отношении недропользователя (заявителя) имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенных разрешений первой (лицензий) и (или) второй категорий;

      4) в отношении недропользователя (заявителя) имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого недропользователь лишен специального права, связанного с получением определенных разрешений первой (лицензий) и (или) второй категорий.

      В случае устранения недропользователем (заявителем) причин отказа в выдаче разрешения, недропользователь (заявитель) обращается повторно в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      10. В случае реорганизации и (или) изменения наименования, недропользователь (заявитель) в течение месячного срока с момента выдачи справки о государственной регистрации (перерегистрации) подает в произвольной форме заявление о переоформлении разрешения с приложением соответствующих документов, подтверждающих указанные сведения. Выдача разрешения осуществляется в течение пяти рабочих дней со дня получения документов, подтверждающих сведения о реорганизации и (или) изменения наименования.

  Приложение 1
к Правилам выдачи разрешений
на сжигание в факелах попутного
и (или) природного газа при испытании
объектов скважин, пробной эксплуатации
месторождения, технологически неизбежном
сжигании газа при пусконаладке,
эксплуатации, техническом обслуживании
и ремонтных работах технологического оборудования

      форма

РАЗРЕШЕНИЕ
на сжигание попутного и (или) природного газа при испытании
объектов скважин, пробной эксплуатации месторождения,
технологически неизбежном сжигании газа

      Номер: Место выдачи:

      Дата выдачи:

      Выдано ______________________________________________________________

      (наименование недропользователя)

      _____________________________________________________________________

      (месторождение, номер скважины)

      в объеме ____________________________________________________________

      (разрешенный объем сжигания газа)

      _____________________________________________________________________

      (вид сжигания газа)

      _____________________________________________________________________

      (период действия разрешения)

      Примечание:

      Руководитель (уполномоченное лицо): фамилия, имя, отчество (в

      случае наличия)

      Электронно-цифровая подпись

  Приложение 2
к Правилам выдачи разрешений
на сжигание в факелах попутного
и (или) природного газа при испытании
объектов скважин, пробной эксплуатации
месторождения, технологически неизбежном
сжигании газа при пусконаладке,
эксплуатации, техническом обслуживании
и ремонтных работах технологического оборудования

      форма

ЗАЯВЛЕНИЕ
для получения разрешений на сжигание в факелах попутного
и (или) природного газа при испытании объектов скважин
и пробной эксплуатации месторождения, технологически
неизбежном сжигании газа

      В ___________________________________________________________________

      (полное наименование уполномоченного органа)

      от __________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (в случае наличия) физического лица, ИИН,

      полное наименование юридического лица, адрес местонахождения,

      БИН, контактные данные (телефон, факс, электронная почта)

      _____________________________________________________________________

      (месторождение; номер скважины*; стадия)

      _____________________________________________________________________

      (причина и обоснование необходимости сжигания газа; предполагаемый

      объем сжигаемого газа в год (млн. м3)

      _____________________________________________________________________

      (дата, номер и срок действия контракта на недропользование

      с указанием стадий)

      _____________________________________________________________________

      (дата, номер и срок действия последнего дополнения контракта

      (в случае наличия)

      _____________________________________________________________________

      (планируемые сроки проведения работ)

      Данные о скважине: *

Наименование и номер объекта

Объем, млн. м3

Интервал

Количество дней испытания по объектам

1

2

5

6










      * для получения разрешения на сжигание газа при испытании объектов скважины

      Перечень прилагаемых документов:

      1. ________________________________

      2. ________________________________

      Руководитель организации (должность) ________ _______________________

      (подпись) (фамилия, имя, отчество

      (в случае наличия))

      "___" __________ 20___ года

  Приложение 3
к Правилам выдачи разрешений
на сжигание в факелах попутного
и (или) природного газа при испытании
объектов скважин, пробной эксплуатации
месторождения, технологически неизбежном
сжигании газа при пусконаладке,
эксплуатации, техническом обслуживании
и ремонтных работах технологического оборудования

ФОРМА СВЕДЕНИЙ

      1. Добыто газа за прошедший год, млн. м3 _____________________.

      2. Общий объем сожженного газа за прошедший год, млн. м3 _____;

      из них:

      1) при пробной эксплуатации, млн. м3 _________________________;

      2) при технологически неизбежном сжигании, млн. м3 ___________;

      3) при испытании разведочных скважин, млн. м3 ________________.

      3. Сжигание газа на заявляемый год, млн. м3 _________________.

      4. Информация об утверждении программы развития переработки попутного газа уполномоченного органа в области нефти и газа:

      1) номер документа (протокола, письма либо иного подтверждающего документа) _________________________________________;

      2) дата документа (протокола, письма либо иного подтверждающего документа) _________________________________________________________;

      3) разрешенный объем сжигаемого газа на заявляемый год, млн. м3 ______;

      4) объем добычи газа на заявляемый год, млн. м3 ______________.

      5. Количество приборов учета сжигания газа и их месторасположение___________________________________________________.

      6. Информация о фактических объемах переработки и утилизации газа:

      1) объем переработки газа за прошедший год, млн. м3 __________;

      2) способ переработки газа за прошедший год __________________;

      3) объем утилизированного газа за прошедший год (по источникам), млн. м3 _______________________________________________;

      4) способ утилизированного газа за прошедший год (по источникам) ________________________________________________________;

      5) технологические потери газа за прошедший год, млн. м3 _____.

      7. Информация об источниках (факелах) непрерывного производственного сжигания газа:

      1) общее количество __________________________________________;

      2) месторасположение _________________________________________;

      3) высота, метр_______________________________________________;

      4) производительность, тыс. Нм3/сут __________________________.

      8. Информация об утверждении проекта пробной эксплуатации или проекта разработки месторождения:

      1) номер документа (протокола, письма либо иного подтверждающего документа) _________________________________________;

      2) дата документа (протокола, письма либо иного подтверждающего документа) _________________________________________________________;

      3) срок действия проектного документа с ______________________;

      4) срок действия проектного документа по _____________________;

      5) проектные объемы добычи нефти за прошедший год, тыс. тонн ______;

      6) проектные объемы добычи газа за прошедший год, млн. м3 ____.

      9. Расчет нормативов и объемов сжигания попутного и (или) природного газа и при пробной эксплуатации месторождения, технологически неизбежном сжигании газа, согласно Методике расчетов нормативов и объемов сжигания попутного и (или) природного газа при проведении нефтяных операций, утверждаемой Приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 21 октября 2014 года № 64 (зарегистрированной в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 28 ноября 2014 года № 9915) __________________________

      ____________________________________________________________________.

      Данные о контракте недропользования:

      1) дата контракта_____________________________________________;

      2) номер контракта ___________________________________________;

      3) срок действия контракта ___________________________________;

      4) дата последнего дополнения контракта (в случае наличия)____;

      5) номер последнего дополнения контракта (в случае наличия) __;

      6) срок действия дополнения контракта (в случае наличия) _____;

      7) стадия месторождения (разведка, промышленная разработка) __.