РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде әділет органдарында Ереженің тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Қ.Қайнарбековке жүктелсін.
4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № А-6/312 қаулысымен бекітілді |
"Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есептілікті жүргізу саласында қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83-үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
11. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Ақмола облысы қаржы басқармасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Ақмола облысының бюджетін орындау және коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатын іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.14. Міндеттері:
1) жергілікті бюджеттің орындалу үрдісін үйлестіруді ұйымдастыруды;
2) мемлекеттік мекемелерді қаржылық жағдайы туралы мүдделі тұлғаларды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз ету;
3) облыстық коммуналдық мүлікті басқару.
15. Функциялары:
1) облыстық бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару бойынша жергілікті уәкілетті органның жұмысын үйлестіру;
2) бюджеттік ақшаны басқару, соның ішінде Қазақстан Республикасының Халық банкінде салымдарында (депозиттер) уақытша бос бюджеттік ақшаларды орналастыру бойынша рәсімдерді іске асыру және көлемдерді анықтау;
3) жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті жүргізу;
4) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 124, 125-баптарына сәйкес бюджеттік есептілікті құрастыру және ұсыну, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118, 120-баптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті құрастыру және ұсыну;
5) "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін және ұстауын қамтамасыз ету;
6) төлемдер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарын, міндеттемелер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарын қалыптастыру, бекіту және жүргізу және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, түсімдердің жиынтық жоспарын және мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен, олардың қарамағында қалатын ақша шығынын келісу, қолма қол бақылау шоттарын ашуға, мемлекеттік мекемелердің кодтарын жабуға және беруге рұқсат беру;
7) жергілікті бюджеттің бюджеттік қаражатын игеру және түсімдері, Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша бюджеттік мониторинг жүргізу, облыс бюджетінің кіріс бөлігін және облыстық бюджетті атқару туралы талдамалық есепті қалыптастыру;
8) аудандық бюджеттердің қолма қол тапшылығын жабуға, шұғыл шығындарға жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлу бойынша өтінішті қарастыру, қорытынды беру, ақшаны пайдалану және оның қалдығы туралы облыс әкімдігіне есепті ұсыну;
9) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен ұсынылатын мемлекеттік сатып алу және есептілік үрдісіне мониторинг жүргізу және қызмет көрсету;
10) өз құзіреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
11) облыстық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау бойынша шараларды іске асыру;
12) өз құзіреті шегінде облыстық мемлекеттік коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген негізгі қаражатты қабылдау-тапсыру және шығару мәселелерін мақұлдау;
13) облыстық коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкіне есепке алуын ұйымдастыру;
14) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша саудалар өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымын анықтауға қатысты "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурс өткізу;
15) облыстық коммуналдық меншікті жекешелендіруді іске асыру, соның ішінде жекешелендіру үрдісін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектілерін сатып алу-сату шарттарын жасауды және әзірлеу мен сатып алу-сату шарттарының сақталуын бақылауды іске асыру;
16) облыстық коммуналдық мүлікті кейін сатып алу құқығынсыз мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға мүліктік жалға (жал) (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа), кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға ұсыну, облыстық коммуналдық мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға өтеусіз пайдалануға беру;
17) мемлекеттік заңды тұлғаларға өтеусіз пайдалануға облыстық коммуналдық мүлікті ұсыну;
18) облыстық коммуналдық мүлікпен сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлік басқарушысымен міндеттемелерді орындауға бақылауды іске асыру;
19) облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік акция пакеттері облыстық коммуналдық мүліктің құрамына кіретін (жарғылық капиталда қатысу үлесі) мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық-шаруашылық қызметі (даму) жоспарларының орындалуына талдау жасау;
20) тіркеу (қайта тіркеу) кезінде әділет органдарына ұсыну үшін тиісті заңды тұлғалардың тұрғылықты жері туралы үлестік қатысуымен акционерлік қоғамдарға және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, облыстық мемлекеттік заңды тұлғаларға анықтамалар беру;
21) Ақмола облысы әкімдігінің тиісті қаулысы болған кезде облыстық коммуналдық мүліктің құрамына түскен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте (акционерлік қоғам) мемлекеттік үлестермен иелену (акция пакетімен), пайдалану және басқару құқықтарын жүргізу;
22) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесіне Қазақстан Республикасы заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді іске асыру.
16. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) бюджетті орындауды қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды орындау үшін жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік органдардан ақпараттарды және есептерді, басқа да мәліметтерді сұратып алдыру;
2) түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған тәртіпте, жылдық сомаларды қоса есептегендегі міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
3) коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпиялық тәртіптеменің сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттің орындалуына қатысты құжаттармен еш кедергісіз танысу;
4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар, мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындардан мемлекеттік сатып алу жөніндегі есептерді және тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоспарланған сатып алу номенклатурасын сұратып, белгіленген мерзімде алдыру;
5) коммуналдық мүлікті басқару мәселелері бойынша мемлекеттік заңды тұлғалардан ақпарат сұрау;
6) сатып алушылармен коммуналдық меншік объектілерін сатып алу-сату шарттарына сәйкес міндеттемелердің, сонымен қатар басқа да шарттық міндеттемелердің орындалуына бақылау жүргізу мақсатында облыстық коммуналдық мүлік сатып алушыларынан ақпарат сұрату;
7) бақылау жүргізуге, оның ішінде коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқару шарттарына сәйкес міндеттемелерді орындаулары бойынша сенімгер басқарушылардың есебін тыңдауға және ақпарат сұрату;
8) осы тармақтың 6), 7) тармақшаларымен қарастырылған құқықтарды іске асыру үшін мүдделі органдармен келісім бойынша ведомствоаралық комиссиялар құру;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген мерзімдерде және тәртіпте бюджеттік есептілікті құру және облыс әкімдігіне, облыстың тексеру комиссиясына, ішкі қаржылық бақылау органдарына ұсынуды қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 124, 125-баптары);
10) "Бюджеттік қаражаттарды басқару" үшінші бағыты бойынша облыстың мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігін бағалау;
11) өз құзыретінің аясында облыстық коммуналдық меншікті басқару;
12) "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін іске асыру үшін қажетті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге мемлекеттік сатып алу өткізуді іске асыру;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен басшылықты "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.18. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Басшының өкілеттігі:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;
"Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мамандардың құқықтарын, бөлімше құрылымдарының өкілдігін және міндеттерін анықтайды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемені білдіреді;
"Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтық актілеріне қол қояды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
"Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша шаралар қолданады және ол жеке жауап береді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды.
20. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
21. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.