РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімдігінің 11 тамыздағы 2014 жылғы № А-7/357 қаулысымен бекітілген |
"Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі мұрағат ісі және құжаттау саласындағы басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.2. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңба, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiпте бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 23.
9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
11. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
13. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қызметінің мақсаты облыс аумағында мұрағат ісі және құжаттардың құрылуына қатысты бірыңғай мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.14. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
облыстың мемлекеттiк мұрағаттарының сақтауына қабылданған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағаттық қорының құжаттарына мемлекеттік есеп жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету.
15. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте келесі қызметтерді жүзеге асырады:
құжаттардың құндылығына ғылыми және тәжірибелік сараптама ұйымдастыру болып табылады;
облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағаттық қорының құжаттары бойынша мәліметтер базасын құрастыру;
облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздерi болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау жасау;
жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын орындауды ұйымдастыру;
облыстың аумағында орналасқан тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен қолдану;
облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздерi болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау жасау;
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
облыстың тарихы бойынша мұрағат құжаттарын жинау және қайтару;
гендерлік саясат мәселесін әзірлеуіне қатысу;
"Мұрағаттық анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету;
"Мұрағаттық анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша мемлекеттік мұрағаттарының қызметтерін үйлестіру.
16. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
мемлекеттік мұрағаттардың құрылымы мен жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
мемлекеттік мұрағаттардың жұмысын тексеруге;
меншік түріне қарамастан, ұйымдар, мемлекеттік органдарынан, құжаттаманы басқару қызметінің және ведомстволық мұрағаттар жұмысы, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаттық қоры құжаттарының жағдайы, мемлекеттік есепке алынған және оларда сақталудағы тарихи және мәдени ескерткіштер құжаттары туралы қажетті материалдар алуға;
ұйымдардың өкілдерін ведомстволық мұрағаттар және құжаттаманы басқару қызметтері жұмысының мәселелері бойынша тыңдауға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
"Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін жүзеге асыруға қажетті тауарлардың, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді іске асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру
17. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемеге жүктелген мiндеттердiң және функцияларын орындалуына дербес жауапты болатын "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы басшылықты жүзеге асырады.18. Облыс әкімі "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкiлеттiгi:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты облыстық, аудандық және қалалық мемлекеттік мұрағаттарының басшыларын лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемені білдіреді;
"Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтық актілеріне қол қояды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты мұрағаттар ұйымдарының басшыларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
"Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің және ведомствоға бағынысты мұрағаттар ұйымдарының басшыларын лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша шаралар қолданады және ол жеке жауап береді;
Сараптау-тексеру және әдістемелік комиссияның (СТӘК) жұмысын ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады;
"Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды.
20. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
21. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады."Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiктен, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiктен (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
22. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемеге бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органның қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемеге қарасты мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесi:
1) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;2)Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
3) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Атбасар қаласының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
4) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Степногорск қаласының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
5) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Ақкөл ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
6) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Аршалы ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
7) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Астрахан ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
8) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Атбасар ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
9) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Бұланды ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
10) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Бурабай ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
11) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Егіндікөл ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
12) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Еңбекшілдер ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
13) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Ерейментау ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
14) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Есіл ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
15) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Жақсы ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
16) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Жарқайың ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
17) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Зеренді ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
18) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Қорғалжын ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
19) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Сандықтау ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
20) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Целиноград ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;
21) Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының "Шортанды ауданының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі.