Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № А-11/571 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 желтоқсанда № 4544 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № А-6/297 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 24.06.2024 № А-6/297 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.

      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

С.Кулагин


  Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ А-11/571 қаулысымен
бекітілді

Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 2-тармағындағы 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының ішкі тәртібін ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.

      2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің ережелерін бекіту барысында бірыңғай көзқарастарды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

      3. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлермен, сондай-ақ білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, ата-аналарымен және білім беру ұйымдарының басқа да заңды өкілдерімен білім саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің қағидаларымен өздеріне жүктелген міндеттердің сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесі

      4. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларында:

      білім беру ұйымдары әкімшілігінің және педагогтардың білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, ата-аналарымен және басқа да заңды өкілдерімен өзара әрекет етуі;

      оқу-тәрбиелеу үдерісі қатысушыларының міндеттері;

      білім алушылармен, тәрбиеленушілермен білім алуы және олардың өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдай жасау;

      ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      білім беру ұйымдары жұмысының басталу мен аяқталу уақыты және үзілістер;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтылығы қарастырылады;

      оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі.

      5. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылардың, сондай-ақ олардың ата-аналарының және басқа да заңды өкілдерінің білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларымен танысуға қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования

Постановление акимата Акмолинской области от 26 ноября 2014 года № А-11/571. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 30 декабря 2014 года № 4544. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 24 июня 2024 года № А-6/297

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 24.06.2024 № А-6/297 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Типовые правила внутреннего распорядка организации образования.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Нуркенова Н.Ж.

      3. Настоящее постановление акимата области вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

Аким области

С.Кулагин


  Утверждены
постановлением акимата
Акмолинской области
от 26 ноября 2014 года
№ А-11/571

Типовые правила внутреннего распорядка организации образования
1. Общие положения

      1. Настоящие Типовые правила внутреннего распорядка организации образования (далее - Типовые правила) разработаны в соответствии с подпунктом 24-7) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и определяют порядок организации и осуществления внутреннего распорядка организации образования.

      2. Типовые правила разработаны в целях обеспечения единых подходов при утверждении правил внутреннего распорядка организации образования.

      3. В целях обеспечения внутреннего распорядка, администрация организации образования обеспечивает соблюдение сотрудниками, а также обучающимися, воспитанниками, родителями и иными законными представителями организации образования, обязанностей возложенных на них законодательством Республики Казахстан в области образования и Правилами внутреннего распорядка организации образования.

2. Внутренний распорядок организации образования

      4. В правилах внутреннего распорядка организации образования предусматривают:

      взаимодействие администрации организации образования и педагогов с обучающимися, воспитанниками, родителями и иными законными представителями;

      обязанности участников учебно-воспитательного процесса;

      условия для получения знаний и сохранения жизни и здоровья обучающихся, воспитанников, охраны прав детей;

      организация повышения профессиональной квалификации сотрудников организации;

      время начала и окончания работы организации образования, перерывы; продолжительность учебных занятий обучающихся и воспитанников;

      поведение участников учебно-воспитательного процесса.

      5. Администрация организации образования обеспечивает доступность ознакомления сотрудников, обучающихся и воспитанников, а также их родителей и других законных представителей с Правилами внутреннего распорядка организации образования.