Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 06.01.2015 С-33/3 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № С-45/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-143 тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырда «Көкшетау» және «Степной маяк» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген «Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің:
1 тармақтың 6 азат жолы алынып тасталсын;
1 тармақтың 7 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
5 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;»;
5 тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын;
9 тармақтың 2 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің жеке өтінішіне сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады, тұрғын үй көмегі төлемдері коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жіберіледі. Телефон үшін өтемақы, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға шығатын шығындардың өтемақысы, отын (көмір) құнының шығындарына өтемақы, өтініш берушілердің «Қазпочта» Акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейлі банктердегі жеке шотына аударылады.».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының 24 кезектен
тыс сессияның төрағасы С.Кәкенов
Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы Б.Бегалин
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қаласының әкімі Ж.Жұмағұлов