РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңына сәйкес Изобильный ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Ерейментау ауданы Изобильный селосының көшелерінің атауларын өзгерту туралы» Изобильный ауылының 2010 жылғы 19 мамырдағы № 5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-9-153 болып тіркелген, «Ереймен», «Ерейментау» газеттерінде 2010 жылғы 22 мамырда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
«Изобильный ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы»;
1 тармақтың 1 азат жолы келесі редакцияда баяндалсын:
«1. Изобильный ауылындағы көшелерінің атаулары өзгертілсін:».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Изобильный ауылы
әкімінің м.а. Р.Сүлейменова
«КЕЛІСІЛДІ»
«Степногорск қаласының сәулет
және қалақұрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Жұмабаев
«Степногорск қаласының
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы И.Ковцур