Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 15.01.2015 № 6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (үш айдан артық);
жұмыссыз тұлғалар есебінде тіркелген 50 жастан асқандар;
21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
уақтылы және маусымды жұмыс уақытының аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
емдік курсын өткен, туберкулезбен ауыратындар;
атқарушы органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған жұмыссыз тұлғалар;
әлеуметтік-медициналық оңалту курсын өткен есірткіге тәуелділер.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
3. Қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов