Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Бестоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № а-6/300 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 4289 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № а-4/152 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № а-4/152 (қол қойылған күнінен бастап күшінен енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Бестоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы З.Б.Жүсіповаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ерейментау ауданының әкімі Т.Қ.Мұханбеджанов

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 16 маусымдағы
№ а-6/300 қаулысымен
бекітілді

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Бестоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Бестоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) ауылдық округ әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен Бестоғай ауылдық округі әкімімен ресімделетін шешімдер мен өкімдерді қабылдайды.
      7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 020804, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Бестоғай селосы, Целинная көшесі.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Бестоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары

      13. Мемлекеттік мекеменің миссиясы: тиісті аумақтарды дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктерімен байланысып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.
      14. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері ауылдық округ әкімінің қызметін ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.
      15. Мемлекеттік мекеменің атқаратын міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет егемендігін, Конституциялық құрылысын қорғау және бекіту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету саясатын жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс, аудан және округ әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің мінсіз орындалуын ұйымдастырады;
      3) ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырады;
      4) ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің талдауын жүргізеді, тиісті ұсыныстар дайындайды;
      5) мемлекеттік органның жұмысына объективті талдау жасайды, ауылдық округ әкімнің қатысумен шешімді қажет ететін маңызды мәселелерді анықтайды;
      6) заң және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік және еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті бекітуге көмектеседі;
      7) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарайды, оларды қабылдауды ұйымдастарады;
      8) мемлекеттік және орыс тілдерін дұрыс қолдануға бағытталған шараларды, іс жүргізу ережелерінің сақталуын, мемлекеттік орган жұмысының тәсілдері мен әдістерін жақсартуды жүзеге асырады.
      16. Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің құқығы мен міндеттері:
      1) Өз құзыреттігі шегінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
      2) мемлекеттік көліктерді, байланыс жүйелері мен коммуникацияларды пайдалану;
      3) мамандарды жұмысқа тарту, оның ішінде құқық қорғау, қаржы, салық және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін шарт негізінде;
      4) мемлекеттік билік органдары қызметінің құрылымын жетілдіру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, еңбек шартының, олармен шығарылған актілердің талаптарын сақтау;
      6) қызметшілерді кәсіби дайындау және қайта дайындау және біліктіліктерін жетілдіруді қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекемені басшылық ету ауыл әкімімен жүзеге асырылады, ол ауыл әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапкершілікті атқарады.
      18. Ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы Ережесіне сәйкес лауазымға тағайындалады, өкілеттілігі тоқтатылады және лауазымынан босатылады.
      19. Ауылдық округінің әкімі:
      1) мемлекеттік орган мамандарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
      2) заңнамаға сәйкес ауылдық округ аппаратының қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады;
      3) мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарда ауылдық округі әкімі аппаратының мүддесіне өкілдік етеді;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған, шаралар қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауапкершілік атқарады;
      5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ауылдық округі аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалауға құқылы;
      6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 10.04.2015 № а-4/202 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайда жедел басқару құқығында мүлкі болуы мүмкін.
      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
      21 Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, ауылдық округі әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима Бестогайского сельского округа" Ерейментауского района Акмолинской области

Постановление акимата Ерейментауского района Акмолинской области от 16 июня 2014 года № а-6/300. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 23 июля 2014 года № 4289. Утратило силу постановлением акимата Ерейментауского района Акмолинской области от 20 апреля 2016 года № а-4/152

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Ерейментауского района Акмолинской области от 20.04.2016 № а-4/152 (вступает в силу и вводится в действие со дня подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Типового положения государственного органа Республики Казахстан, утвержденным Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410, акимат Ерейментауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат акима Бестогайского сельского округа" Ерейментауского района Акмолинской области.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Ерейментауского района З.Б. Жусупову.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Аким Ерейментауского района Т.К.Муханбеджанов

  Утверждено
постановлением акимата
Ерейментауского района
от 16 июня 2014 года
№ а-6/300

ПОЛОЖЕНИЕ
государственного учреждения "Аппарат акима Бестогайского сельского округа" Ерейментауского района Акмолинской области
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Бестогайского сельского округа" Ерейментауского района Акмолинской области (далее – Государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности акима сельского округа.
      2. Государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые решениями и распоряжениями акима Бестогайского сельского округа, и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс 020804, Республика Казахстан, Акмолинская область, Ерейментауский район, село Бестогай, улица Целинная.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Аппарат акима Бестогайского сельского округа" Ерейментауского района Акмолинской области.
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения.
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из республиканского и местных бюджетов, бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан.
      12. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения.
      Если государственному учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссией государственного учреждения является обеспечение проведения общегосударственной политики исполнительной власти в сочетании с интересами и потребностями развития соответствующей территории.
      14. Задачи государственного учреждения: организационное и правовое обеспечение деятельности акима сельского округа.
      15. Государственное учреждение выполняет следующие функции:
      1) проводит в жизнь политику Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверенитета, конституционного строя, обеспечение прав и свобод граждан;
      2) организует безусловное исполнение Законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства, постановлений акиматов области и района, решений и распоряжений акимов области, района и села;
      3) реализует стратегию социально-экономического развития сельского округа;
      4) проводит анализ проблем социально-экономического развития сельского округа, готовит соответствующие предложения и рекомендации;
      5) проводит объективный анализ государственного органа, выявляет важнейшие проблемы подлежащие решению с участием акима сельского округа;
      6) содействует вопросу обеспечения законности и правопорядка, укреплению государственной и трудовой дисциплины, общественного порядка;
      7) рассматривает служебные документы и обращения граждан, организует их прием;
      8) осуществляет меры, направленные на надлежащее применение государственного и русского языков, соблюдение правил делопроизводства, улучшения стиля и методов работы государственного органа.
      16. Для осуществления своих функций государственное учреждение имеет права и обязанности:
      1) В пределах своей компетенции запрашивает и получает необходимые информации, документы и иные материалы от должностных лиц государственных органов и других организации;
      2) использовать государственные транспортные средства, системы связи и коммуникации;
      3) привлекать к работе специалистов, представителей правоохранительных, финансовых, налоговых и других государственных органов, в том числе на договорной основе;
      4) вносить акиму района предложения по совершенствованию структуры деятельности органов государственной власти;
      5) соблюдать требования трудового законодательства Республики Казахстан, трудового договора, изданных им актов;
      6) обеспечивать работникам профессиональную подготовку, переподготовку и повышение их квалификации.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением осуществляется акимом сельского округа, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат акима сельского округа задач и осуществление им своих функций.
      18. Аким сельского округа избирается на должность, прекращает полномочия и освобождается от должности в порядке, установленными Правилами избрания на должность, прекращения полномочий и освобождения от должности акимов городов районного значения, сельских округов, поселков и сел Республики Казахстан, не входящих в состав сельского округа, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 24 апреля 2013 года № 555.
      19. Аким сельского округа:
      1) определяет обязанности и полномочия специалистов государственного органа;
      2) налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников аппарата акима сельского округа;
      3) представляет аппарат акима сельского округа в государственных органах и других организациях;
      4) принимает меры, направленные на противодействие коррупции и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      5) вправе рассматривать дела об административных правонарушениях и налагать административные взыскания за административные правонарушения, согласно Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", совершенные на территории сельского округа;
      6) осуществляет другие полномочия в соответствии с законодательством.
      Сноска. Пункт 19 с изменением, внесенным постановлением акимата Ерейментауского района Акмолинской области от 10.04.2015 № а-4/202 (вводится в действие со дня официального опубликования).

4. Имущество государственного органа

      20. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособление имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за государственным учреждением относится к коммунальной собственности.
      22. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и управление государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение государственного учреждения осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.