"Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № а-7/355 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 тамызда № 4311 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № а-4/152 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № а-4/152 (қол қойылған күнінен бастап күшінен енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы З.Б.Жүсіповаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 14 шілдедегі
№ а-7/355 қаулысымен
Бекітілді

"Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мал Аман" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, 020800, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Әл-Фараби көшесі, 23.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан аумағында адамдар мен жануарларға ортақ аурудан тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
      заңнамамен жүктелген басқа да міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      жергілікті атқарушы органға профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға табыс етеді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады;
      халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
      жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады;
      жануарға ветеринариялық паспорт береді;
      Ерейментау ауданының аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы береді;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды өткізеді;
      жануарлар мен адамдардың денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, жануарларды алусыз залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және өңделген жануарлардың құнын иелеріне өтейді;
      Қазақстан Республикасы заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жергілікті мемлекеттік басқармасының мүддесіне сай жүзеге асырады.
      2) ведомствоның функциялары:
      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады;
      малдарда болатын аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринарлық шараларды өткізеді;
      ауыл шаруашылық малдарына бірдейлендіруді өткізеді;
      ауыл шаруашылық малдарын жасанды ұрықтандыру бойынша қызметтерді көрсетеді;
      малдарда болатын аса қауіпті және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринарлық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (қаражатты), атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтерді көрсетеді;
      Ерейментау ауданының жергілікті атқарушы органдармен салынған мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) және сою алаңдарын (ауыл шаруашылық малдарын сою бойынша алаңдарды) ұстайды;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайды және жояды;
      ветеринариялық анықтама береді;
      ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізеді және одан үзінді көшірмені береді;
      санитарлық түрде сою үшін ауру малдарды тасымалдау бойынша қызметтерді көрсетеді.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      малдардың жұқпалы немесе жұқпалы емес ауру түрлерінің профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралары жөнінде жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;
      профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін малдардың энзоотикалық ауруларының тізімдемесі бойынша жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;
      ауданның аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізуге.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      18. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің басшысын Ерейментау ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттілігі:
      "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғаларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентін бекітеді;
      "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне бекітілген заңнамаларға сәйкес тәртіптік жаза қолданады;
      "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің бұйрықтарына қол қояды;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан барлық мемлекеттік мекемелерде және де басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдайды және осыған жауапты болып табылады;
      Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      21. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Ерейментау ауданының коммуналдық меншігіне жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. "Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және оның ведомстваларының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мал Аман" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района"

Постановление акимата Ерейментауского района Акмолинской области от 14 июля 2014 года № а-7/355. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 14 августа 2014 года № 4311. Утратило силу постановлением акимата Ерейментауского района Акмолинской области от 20 апреля 2016 года № а-4/152

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Ерейментауского района Акмолинской области от 20.04.2016 № а-4/152 (вступает в силу и вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Типового положения государственного органа Республики Казахстан, утвержденным Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410, акимат Ерейментауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Ерейментауского района З.Б. Жусупову.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Аким Ерейментауского района Е.Нугманов

  Утверждено
постановлением акимата
Ерейментауского района
от 14 июля 2014 года
№ а-7/355

Положение о государственном учреждении "Отдел ветеринарии Ерейментауского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим функции в сфере ветеринарии.
      2. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" имеет ведомство:
      казенное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Мал Аман" при акимате Ерейментауского района.
      3. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" по вопросам своей компетенции, в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района": Республика Казахстан, Акмолинская область, 020800, Ерейментауский район, город Ерейментау, улица Ал-Фараби 23.
      10. Полное наименование государственного учреждения - государственное учреждение "Отдел ветеринарии Ерейментауского района".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом Государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района".
      Если государственному учреждению "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения

      14. Миссия: Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" осуществляет государственную политику в области ветеринарии, в целях охраны здоровья населения от болезней общих для человека и животных на территории района.
      15. Задачи:
      охрана здоровья населения от болезней, общих для животных и человека;
      защита животных от болезней и их лечение;
      обеспечение ветеринарно-санитарной безопасности;
      охрана территории Республики Казахстан от заноса и распространения заразных и экзотических болезней животных из других государств;
      предупреждение и ликвидация загрязнения окружающей среды при осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности в области ветеринарии.
      16. Функции:
      1) функции государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района":
      внесение предложений в местный исполнительный орган по перечню энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет бюджетных средств;
      осуществляют ведение, свод, анализ ветеринарного учета и отчетность и представления их в уполномоченный орган области в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии;
      организуют проведение мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных и ведение базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;
      организуют и проводят просветительскую работу среди населения по вопросам ветеринарии;
      организуют государственную комиссию по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;
      организация проведения ветеринарных мероприятий по профилактике особо опасных болезней животных по перечню, утверждаемому Правительством Республики Казахстан;
      организовывают строительство скотомогильников (биотермических ям);
      выдают ветеринарную справку, действующую на территории Ерейментауского района;
      проводит ветеринарные мероприятия по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      возмещение владельцам стоимости обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      2) функции ведомства:
      организация хранения, транспортировки (доставки) ветеринарных препаратов по профилактике особо опасных болезней животных, за исключением республиканского запаса ветеринарных препаратов, местным исполнительным органам районов (городов областного значения);
      проведения ветеринарных мероприятий против особо опасных, незаразных и энзоотических болезней животных;
      проведения идентификации сельскохозяйственных животных;
      оказания услуг по искусственному осеменению сельскохозяйственных животных;
      оказания услуг по транспортировке (доставке), хранению ветеринарных препаратов против особо опасных и энзоотических болезней животных, а также транспортировке (доставке) изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных;
      содержания скотомогильников (биотермических ям), убойных площадок (площадок по убою сельскохозяйственных животных), строительство которых организовано местным исполнительным органом Ерейментауского района;
      отлов и уничтожения бродячих собак и кошек;
      выдачи ветеринарной справки;
      ведения базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачи выписки из нее;
      оказания услуг по транспортировке больных животных на санитарный убой.
      17. Права и обязанности:
      запрашивать и получать необходимую информацию от уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и иных организаций для осуществления возложенных на него задач;
      внесение предложений в местный исполнительный орган по ветеринарным мероприятиям по профилактике заразных и незаразных болезней животных;
      внесение предложений в местный исполнительный орган по перечню энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет бюджетных средств;
      внесение предложений в местный исполнительный орган области о ветеринарных мероприятиях по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории района.

3. Организация деятельности государственного учреждения

      18. Руководство государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" задач и осуществление им своих функций.
      19. Руководитель государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом Ерейментауского района.
      20. Полномочия руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района":
      определяет функциональные обязанности и полномочия должностных лиц государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района";
      в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района";
      утверждает регламент работы государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района";
      в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района";
      подписывает приказы государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района";
      представляет государственное учреждение "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" во всех государственных учреждениях и иных организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      принимает меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного учреждения

      21. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" относится к коммунальной собственности Ерейментауского района.
      23. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения

      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

6. Перечень организаций, находящихся в ведении государственного учреждения "Отдел ветеринарии Ерейментауского района" и его ведомств

      1. Казенное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Мал Аман" при акимате Ерейментауского района.