Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 11.03.2015 № а-3/108 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесі негізінде, атқарылатын қызметтер, өкілеттіктер және штаттық бірліктердің өткізілуіне байланысты, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қосымшаланған Ережесі бекітілсін.
2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары А.А.Қалмұхамбетовке жүктелсін.
3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Рахметов
Ақмола облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ а-6/239 қаулысымен
бекітілген
«Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы «Ветсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ведомствосы бар.
3. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, 020900, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 13.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу табылады.
15. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Есіл ауданының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
16. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) қаңғырған иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
2) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді;
3) өткізілген ветеринариялық шаралар туралы ақпаратты қызықтырушы тұлғаларға ұсынуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
5) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады;
6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
8) аудан аумағында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді анықтау туралы шешімдер қабылдау;
9) аудан аумағында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларды немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
10) сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринарлық дәрігерінің қатысуымен ауылдық округтер мен оның елді мекендерінде, қалада ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
13) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
14) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
15) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
16) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энизоотиялық ауруларының тізбесі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;
17) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
18) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
19) ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру.
17. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) аудан аумағында жұқпалы аурулар туындаған жағдайда ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынысы бойынша жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешім қабылдауға;
3) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық кешенді іс-шаралар өткізілген соң ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынысы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешім қабылдауға;
4) жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;
5) жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;
6) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энизоотиялық ауруларының тізбесі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;
7) «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Есіл ауданы жанындағы «Ветсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және орындау үшін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға құқылы.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Есіл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады;
2) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өкілеттік шеңберін және міндеттерін анықтайды;
3) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметшілерін лауазымға тағайындайды және жұмыстан босатады;
4) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
5) мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің атынан мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда өкілеттілік етеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асырады.
«Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. «Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.