Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 25.02.2015 № 40/3 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 18 наурыздағы № 30/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4104 тіркелген, 2014 жылғы 5 мамырда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы:
кіріспе бөлімі жаңа редакцияда баяндалсын:
«Осы Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (әрі қарай – Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленді және Есіл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі мен мөлшерін айқындайды.»;
5 тармақ келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
«Тым артық немесе заңсыз тұрғын үй көмегінің тағайындалуына алып келген көрінеу дәйексіз мәліметтерді ұсынған жағдайда отбасы (азамат) заңсыз алған соманы ерікті түрде, бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарады.»;
6 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«Өтініш қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсетуді тағайындау және нәтижелерін беру «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.»;
7 тармақ, 9 тармақтың 2 тармақшасы, 10, 11 тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы С.Құдабаев
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов
«12» қараша 2014 жыл