"Жарқайың ауданының Пригород ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № А-6/194 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 маусымда № 4235 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/162 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жарқайың ауданының Пригород ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімі аппаратының басшысы Г.В.Смағұловаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

  Жарқайың ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 28 мамырдағы № А-6/194
қаулысымен бекітілді

"Жарқайың ауданы Пригород ауылы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Жарқайың ауданы Пригород ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Пригород ауылы әкімінің аппараты) ауыл әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Пригород ауылы әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Пригород ауылы әкімінің аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Пригород ауылы әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Пригород ауылы әкімінің аппаратына егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Пригород ауылы әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада бекітілген тәртіппен әкімнің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Пригород ауылы әкімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021114, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Пригород ауылы.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Жарқайың ауданының Пригород ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – государственное учреждение "Аппарат акима села Пригородное Жаркаинского района".
      10. Осы Ереже Пригород ауылы әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Пригород ауылы әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Пригород ауылы әкімі аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Пригород ауылы әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Пригород ауылы әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Пригород ауылы әкімінің аппараты миссиясы ауыл әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық іс-әрекет жасауын сапалы мен уақытымен қамтамасыз ету болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет егемендігін, конституциялық сапты қорғау және нығайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқығы мен бостандығы жөніндегі саясатын өмірде өткізу;
      2) тиісті аймақтың дамуына қажеттіліктер мен қызығушылықтармен байланысты атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын өткізуді қамтамасыз ету кезінде ауыл әкіміне көмек көрсету;
      3) ауылдың мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясатын және әлеуметтік және экономикалық процесстерін басқарудың негізгі бағыттарын жүзеге асырады;
      4) елдің қоғамдық-саяси өміріндегі заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, азаматтардың құқықтық санасының деңгейін арттыру, олардың белсенді азаматтық тұғыры жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттер.
      15. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президенттің және Үкіметтің актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс, аудан және ауыл әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің бұлжытпай орындалуын ұйымдастырады;
      2) ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді;
      3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелеріне сараптама жүргізеді, сәйкес келетін ұсыныстар мен кепілдемелер әзірлейді;
      4) әкімнің, ауыл әкімі аппаратының қызметінің құжаттамалық қамтылуын жүзеге асырады;
      5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруды және есепке алуды қамтамасыз етеді, ауыл әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырады;
      6) мемлекеттік және орыс тілдерінің тиісті қолданылуына бағытталған шараларды жүзеге асырады, іс қағаздарын жүргізу ережелерін сақтау, мемлекеттік орган жұмысының әдісі мен стилін жақсартады;
      7) мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі процедураларын жүзеге асырады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтердің көрсетілу процесін автоматтандыруды қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өзінің құзыреттілігінің аясында мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдарды сұрау және алу;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің тапсырмалары мен актілерін сапалы және уақытылы орындау;
      3) мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасының бағасы бойынша өкілетті органға тиісті ақпарат ұсыну;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
      5) жеке және заңды тұлғаларға құзыреттілігіне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Пригород ауылы әкімінің аппаратына басшылықты Пригород ауылы әкімінің аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауыл әкімі жүзеге асырады.
      18. Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен ауылдың әкімі қызметке тағайындалады немесе лауазымынан босатылады, немесе сайланады және босатылады.
      19. Ауыл әкімінің өкілеттігі:
      1) Пригород ауылы әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шаралардың қабылдануына жеке жауапты;
      2) Пригород ауылы әкімінің аппараты қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін анықтайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Пригород ауылы әкімі аппаратының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте Пригород ауылы әкімі аппаратының қызметкерлерін мадақтауды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалардың салынуын жүзеге асырады;
      5) Пригород ауылы әкімі аппаратының барлық қызметкерлерімен орындалуға тиісті оның құзыреттілігіне енетін мәселелер бойынша нұсқаулықтар береді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Пригород ауылы әкімінің аппаратын мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда ұсынады;
      7) Пригород ауылы әкімі аппаратының келешек және ағымдағы жоспарларын бекітеді;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шаралар қабылдайды және оған жеке жауапты болып табылады;
      9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ауылдың әкімі болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Пригород ауылы әкімінің аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      Пригород ауылы әкімі аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Пригород ауылы әкімінің аппаратына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Пригород ауылы әкімінің аппараты өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Пригород ауылы әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима села Пригородное Жаркаинского района"

Постановление акимата Жаркаинского района Акмолинской области от 28 мая 2014 года № А-6/194. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 27 июня 2014 года № 4235. Утратило силу постановлением акимата Жаркаинского района Акмолинской области от 20 апреля 2016 года № А-4/162

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жаркаинского района Акмолинской области от 20.04.2016 № А-4/162 (вступает в силу и вводится в действие со дня подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", акимат Жаркаинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат акима села Пригородное Жаркаинского района".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Смагулову Г.В.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Аким Жаркаинского района А.Уисимбаев

  Утверждено постановлением
акимата Жаркаинского района
от 28 мая 2014 года № А-6/194

Положение
государственного учреждения
"Аппарат акима села Пригородное Жаркаинского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима села Пригородное Жаркаинского района" (далее – аппарат акима села Пригородное) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности акима села.
      2. Аппарат акима села Пригородное осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и Законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Аппарат акима села Пригородное является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, счета в органах казначейства.
      4. Аппарат акима села Пригородное вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Аппарат акима села Пригородное имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Аппарат акима села Пригородное по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями акима и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности аппарата акима села Пригородное утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 021114, Республика Казахстан, Акмолинская область, Жаркаинский район, село Пригородное.
      9. Полное наименование государственного органа:
      на государственном языке - "Жарқайың ауданының Пригород ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      на русском языке - государственное учреждение "Аппарат акима села Пригородное Жаркаинского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом аппарата акима села Пригородное.
      11. Финансирование деятельности аппарата акима села Пригородное осуществляется из местного бюджета.
      12. Аппарату акима села Пригородное запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями аппарата акима села Пригородное.
      Если аппарату акима села Пригородное законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссией аппарата акима села Пригородное является обеспечение качественного и своевременного информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического функционирования деятельности акима села.
      14. Задачи:
      1) проведение в жизнь политики Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверенитета, конституционного строя, обеспечению безопасности, территориальной целостности Республики Казахстан, прав и свобод граждан;
      2) оказание содействия акиму села в обеспечении проведения общегосударственной политики исполнительной власти в сочетании с интересами и потребностями развития соответствующей территории;
      3) осуществление основных направлений государственной, социально-экономической политики и управления социальными и экономическими процессами в селе;
      4) осуществление мер по укреплению законности и правопорядка, повышению уровня правосознания граждан и их активной гражданской позиции в общественно-политической жизни страны;
      5) иные задачи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      15. Функции:
      1) организует безусловное исполнение Законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства, постановлений акиматов области и района, решений и распоряжений акимов области, района и села;
      2) разрабатывает проекты решений и распоряжений акима села;
      3) проводит анализ проблем социально - экономического развития села, готовит соответствующие предложения и рекомендации;
      4) осуществляет документационное обеспечение деятельности акима, аппарата акима села;
      5) обеспечивает учет и рассмотрение обращений физических и юридических лиц, организует проведение личного приема граждан акимом села;
      6) осуществляет меры, направленные на надлежащее применение государственного и русского языков, соблюдение правил делопроизводства, улучшения стиля и методов работы государственного органа;
      7) осуществляет процедуру организации и проведения государственных закупок;
      8) обеспечивает автоматизацию процесса оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      9) осуществляет иные функции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) в пределах своей компетенции запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от должностных лиц государственных органов и других организаций;
      2) исполнять качественно и в срок акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, акимов и акиматов области, района;
      3) предоставлять соответствующую информацию в уполномоченный орган по оценке качества оказания государственных услуг;
      4) соблюдать нормы действующего законодательства Республики Казахстан;
      5) давать физическим и юридическим лицам разъяснения по вопросам, отнесенным к компетенции;
      6) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство аппаратом акима села Пригородное осуществляется акимом села, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат акима села Пригородное задач и осуществление им своих функций.
      18. Аким села назначается на должность и освобождается от должности, либо избирается и освобождается в порядке определяемом Президентом Республики Казахстан.
      19. Полномочия акима села:
      1) организует и руководит работой аппарата акима села Пригородное и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на него функций и задач, а также за непринятие мер по противодействию коррупции;
      2) определяет функции и полномочия работников аппарата акима села Пригородное;
      3) назначает на должности и освобождает от должностей работников аппарата акима села Пригородное в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      4) осуществляет в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан поощрения работников аппарата акима села Пригородное, оказание материальной помощи, наложение на них дисциплинарных взысканий;
      5) дает указания по вопросам, входящим в его компетенцию обязательно для выполнения всеми работниками аппарата акима села Пригородное;
      6) представляет аппарат акима села Пригородное в государственных органах и других организациях в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      7) утверждает перспективные и текущие планы аппарата акима села Пригородное;
      8) принимает меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      9) осуществляет другие полномочия в соответствии с законодательством.
      Исполнение полномочий акима села в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      20. Аппарат акима села Пригородное может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество аппарата акима села Пригородное формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за аппаратом акима села Пригородное относится к коммунальной собственности.
      22. Аппарат акима села Пригородное не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение аппарата акима села Пригородное осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.