Жақсы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5ВС-31-1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 қарашада № 4446 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 8С-15-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 11.12.2023 № 8С-15-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 21.09.2022 № 7С-36-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16 бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 21.09.2022 № 7С-36-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Жақсы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 21.09.2022 № 7С-36-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Алып тасталды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 21.09.2022 № 7С-36-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық
мәслихат сессиясының
төрағасы
Б.Жанәділов
      Жақсы аудандық
мәслихатының
хатшысы
Б.Жанәділов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Жақсы ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков


  Жақсы аудандық мәслихатының
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 5ВС-31-1 шешіміне
қосымша

Жақсы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 21.09.2022 № 7С-36-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен: өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.06.2023 № 8С-6-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Жақсы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.06.2023 № 8С-6-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.06.2023 № 8С-6-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.06.2023 № 8С-6-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы), төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі –портал) арқылы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.06.2023 № 8С-6-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.06.2023 № 8С-6-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Жаксынском районе

Решение Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 22 октября 2014 года № 5ВС-31-1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 11 ноября 2014 года № 4446. Утратило силу решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 11 декабря 2023 года № 8С-15-3

      Сноска. Утратило силу решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 11.12.2023 № 8С-15-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок решения - в редакции решения Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 21.09.2022 № 7С-36-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", статьей 11 Закона Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан", Жаксынский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 21.09.2022 № 7С-36-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Жаксынском районе, согласно приложению к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 21.09.2022 № 7С-36-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Исключен решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 21.09.2022 № 7С-36-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
сессии Жаксынского
районного маслихата
Б.Джанадилов
      Секретарь Жаксынского
районного маслихата
Б.Джанадилов

      СОГЛАСОВАНО

      Аким Жаксынского района К.Суюндиков


  Приложение к решению
Жаксынского районного
маслихата от 22 октября
2014 года № 5ВС-31-1

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Жаксынском районе

      Сноска. Решение дополнено приложением в соответствии с решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 21.09.2022 № 7С-36-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Жаксынском районе разработаны в соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 12.06.2023 № 8С-6-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее- возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции решения Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 12.06.2023 № 8С-6-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 12.06.2023 № 8С-6-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат (достижение ребенком с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6 Для возмещения затрат на обучение заявитель обращается в уполномоченный орган через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "электронного правительства" (далее – портал) с заявлением по форме согласно приложению 1 или 2 к Правилам возмещения затрат с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      При обращении заявителя за назначением выплаты по возмещению затрат на обучение посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений и получения необходимых сведений, предусмотренных в форме заявления согласно приложению 2 к Правилам возмещения затрат, осуществляется самим заявителем.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 12.06.2023 № 8С-6-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Размер возмещения затрат на обучение равен трем месячным расчетным показателям ежемесячно на каждого ребенка с инвалидностью.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции решения Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 12.06.2023 № 8С-6-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девять приложения 3 к Правилам возмещения затрат.