РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі | М.Тәткеев |
Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 378 қаулысымен бекітілген |
Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы "Зеренді ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
3. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынын түседі.
6. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері - 021200, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Мир көшесі, 52.
10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан аумағында адамдар мен жануарларға ортақ аурудан тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.15. Міндеттері:
халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
заңнамамен жүктелген басқа да міндеттер.
16. Функциялары:
1) Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
жергілікті атқарушы органға профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға табыс етеді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады;
халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады;
жануарға ветеринариялық паспорт береді;
Зеренді ауданының аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы береді;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды өткізеді.
жануарлар мен адамдардың денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, жануарларды алусыз залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және өңделген жануарлардың құнын иелеріне өтейді;
Қазақстан Республикасы заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жергілікті мемлекеттік басқармасының мүддесіне сай жүзеге асырады.
2) ведомствоның функциялары:
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады;
малдарда болатын аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринарлық шараларды өткізеді;
ауыл шаруашылық малдарына бірдейлендіруді өткізеді;
ауыл шаруашылық малдарын жасанды ұрықтандыру бойынша қызметтерді көрсетеді;
малдарда болатын аса қауіпті және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринарлық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (қаражатты), атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтерді көрсетеді;
Зеренді ауданының жергілікті атқарушы органдармен салынған мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) және сою алаңдарын (ауыл шаруашылық малдарын сою бойынша алаңдарды) ұстайды;
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайды және жояды;
ветеринариялық анықтама береді;
ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізеді және одан үзінді көшірмені береді;
санитарлық түрде сою үшін ауру малдарды тасымалдау бойынша қызметтерді көрсетеді.
17. Құқықтары мен міндеттері:
өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
малдардың жұқпалы немесе жұқпалы емес ауру түрлерінің профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралары жөнінде жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;
профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін малдардың энзоотикалық ауруларының тізімдемесі бойынша жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;
ауданның аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізуге.
3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
18. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.19. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің басшысын Зеренді ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттілігі:
Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғаларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентін бекітеді;
Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне бекітілген заңнамаларға сәйкес тәртіптік жаза қолданады;
Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің бұйрықтарына қол қояды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан барлық мемлекеттік мекемелерде және де басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдайды және осыған жауапты болып табылады;
Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
21. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай–ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Зеренді ауданының коммуналдық меншігіне жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
25. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.6. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және оның ведомстваларының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. Зеренді ауданының әкімдігі жанындағы "Зеренді ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.7. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
Алексеевка поселкінің ветеринарлық пункті;Ақкөл ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
Айдабол селосының ветеринарлық пункті;
Бәйтерек селолық округінің ветеринарлық пункті;
Бұлақ ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
Викторовка ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
Исаковка селолық округінің ветеринарлық пункті;
Зеренді ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
Қызылегіс селолық округінің ветеринарлық пункті;
Қанай би атындағы селолық округінің ветеринарлық пункті;
Қонысбай селолық округінің ветеринарлық пункті;
Қызылсая ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
Күсеп ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
Ортақ селолық округінің ветеринарлық пункті;
Приречен ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
М.Ғабдуллин ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
Симферополь селолық округінің ветеринарлық пункті;
С.Сейфуллин атындағы селолық округінің ветеринарлық пункті;
Садовый селолық округінің ветеринарлық пункті;
Сарыөзек селолық округінің ветеринарлық пункті;
Троицк ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
Чаглинка ауылдық округінің ветеринарлық пункті.