Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 21/3 "Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 27/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қыркүйекте № 4374 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережелерінің 2 тармағына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Сандықтау аудандық мәслихатының «Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 21/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3968 тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2014 жылы 24 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;
      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу үшін немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде және әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       М.Қасымова

      Аудандық мәслихатының
      хатшысы                                    С.Клюшников

      КЕЛІСІЛДІ

      Сандықтау ауданының әкімі                  Е.Сағдиев

О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 21/3 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2014 год"

Решение Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области от 10 сентября 2014 года № 27/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 30 сентября 2014 года № 4374

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», пунктом 2 Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183, Сандыктауский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение сессии Сандыктауского районого маслихата «О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2014 год» от 24 декабря 2013 года № 21/3 (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3968, опубликованное 24 января 2014 года в газете «Сандыктауские вести») следующие изменения:
      заголовок решения изложить в новой редакции:
      «О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2014 год»;
      пункт 1 изложить в новой редакции:
      «1. Предоставить меры социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2014 год в виде подъемного пособия в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю, бюджетного кредита для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратный размер месячного расчетного показателя.».
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата                        М.Касымова

      Секретарь районного
      маслихата                                  С.Клюшников

      СОГЛАСОВАНО

      Аким Сандыктауского района                 Е.Сагдиев