Бурабай аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 5С-12/4 "Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 5С-29/1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 мамырда № 4188 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 наурыздағы № 5С-40/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 03.03.2015 № 5С-40/5 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй көмегін тағайындау» стандартына сәйкес Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай аудандық мәслихаттың «Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 5С-12/4 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3627 тіркелген, 2013 жылғы 7 ақпанда «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасындағы:
      1 тараудың 1 тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      1 тараудың 3 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «3. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.»;
      1 тараудың 7 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «7. Бурабай ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
      2 тараудың 11 тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;»;
      2 тараудың 11 тармағының 9) тармақшасы алынып тасталсын;
      2 тараудың 14 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн төлемдер, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысы отбасының осы мақсаттарға белгіленген 10 % шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XXIX (кезектен тыс)
      сессиясының төрағасы                       Ж.Бектұров

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ө.Бейсенов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    Н.Нұркенов

О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 20 декабря 2012 года № 5С-12/4 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Бурабайскому району"

Решение Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 15 апреля 2014 года № 5С-29/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 15 мая 2014 года № 4188. Утратило силу решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 3 марта 2015 года № 5С-40/5

      Сноска. Утратило силу решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 03.03.2015 № 5С-40/5 (вступает в силу и вводится в действие со дня подписания).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 «О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», стандартом оказания государственной услуги «Назначение жилищной помощи», утвержденного Постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами» Бурабайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Бурабайского районного маслихата «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Бурабайскому району» от 20 декабря 2012 года № 5С-12/4 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3627, опубликовано 7 февраля 2013 года в районных газетах «Бурабай» и «Луч») следующие изменения:
      в Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Бурабайскому району, утвержденных указанным решением:
      подпункт 4) пункта 1 главы 1 исключить;
      пункт 3 главы 1 изложить в новой редакции:
      «3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.»;
      пункт 7 главы 1 изложить в новой редакции:
      «7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в Бурабайском районе.»;
      подпункт 3) пункта 11 главы 2 изложить в новой редакции:
      «3) копию книги регистрации граждан либо адресную справку, либо справку сельских и/или аульных акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя;»;
      подпункт 9) пункта 11 главы 2 исключить;
      подпункт 1) пункта 14 главы 2 изложить в новой редакции:
      «1) оплата на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем не превышает предельно-допустимый уровень расходов семьи на эти цели 10 (десять) %;».
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
      XXIX (внеочередной) сессии
      районного маслихата                        Ж.Бектуров

      Секретарь
      районного маслихата                        У.Бейсенов

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Бурабайского района                   Н.Нуркенов