Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.02.2015 № 55 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 4, 5-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері;
2) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптары;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері;
4) мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. «Актөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М.Тағымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Облыс әкімі |
А.Мұхамбетов |
Келісілді: |
А.Мамытбеков |
Облыс әкімдігінің |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағытының атауы |
Өлшем бірлігі |
1 басқа субсидия нормативі, теңге |
Қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру |
бас |
5 000 |
Облыс әкімдігінің |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
1) Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы;
2) Қолдан ұрықтандыру бойынша арнайы дайындық курста өткен және тиісті құжаттары бар, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің реестрінде тіркелген техник-ұрықтандырушы маман-кадрлармен қамтамасыз етілуі;
3) Дистрибьютерлік орталықтармен аталық бұқалардың ұрықтарын сату-сатып алу жөніндегі келісім-шартының болуы;
4) 400 бастан кем емес аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша жұмысты сапалы өткізуді қамтамасыз ету;
5) Аналық мал басын, жақсартатын тұқымдардың аталық бұқаларының ұрығымен қолдан ұрықтандыруды жүргізу.
Облыс әкімдігінің |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері
Ескерту. Субсидиялар көлемдері жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімдігінің 08.08.2014 № 282 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Көрсеткіштер атауы |
Өлшем бірлігі |
2014 жылға субсидиялар көлемдері |
|
субсидияланатын көлем |
субсидия сомасы, мың теңге |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
Етті бағыттағы мүйізді ірі қара малына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу |
бас |
5 000 |
100 000 |
Тауарлы етті бағыттағы мүйізді ірі қара малына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу |
бас |
40 000 |
720 000 |
Сүтті бағыттағы мүйізді ірі қара малына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу |
бас |
2 307 |
46 140 |
Қой шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу |
бас |
120 000 |
180 000 |
Ет тұқымды бағыттағы аталық бұқаларды күтіп-бағу |
бас |
1 480 |
153 920,0 |
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық мал басын қолдан ұрықтандыру |
бас |
10 000 |
50 000,0 |
Ет өнімділігі бағыттағы мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде: |
бас |
х |
х |
Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен |
бас |
1 627 |
325 400,0 |
Асыл тұқымды мүйізді ірі қара малы |
бас |
320 |
37 760,0 |
Сүт өнімділігі бағыттағы мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде: |
бас |
х |
х |
Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан және Украинадан |
бас |
200 |
23 600,0 |
Отандық тауар өндірушілерден асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал төлдерін сатып алу, оның ішінде: |
бас |
х |
х |
отандық селекциядағы |
бас |
4 150 |
639 100,0 |
Асыл тұқымды төлдерді сатып алу, оның ішінде: |
бас |
х |
х |
қойлар |
бас |
10 606 |
84 847,0 |
жылқылар |
бас |
513 |
20 520,0 |
Барлығы: |
х |
х |
2 381 287,0 |
Облыс әкімдігінің |
Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Ескерту. Субсидиялар көлемдері жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімдігінің 08.08.2014 № 282 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ |
Өнімдердің атауы |
Өлшем бірлігі |
2014 жылға субсидиялар көлемдері |
|
субсидияланатын көлем |
субсидия сомасы, мың теңге |
|||
1 |
сиыр еті, оның ішінде: |
тонна |
2 759 |
536 580 |
1 деңгей |
тонна |
2 005 |
441 100 |
|
2 деңгей |
тонна |
100 |
17 000 |
|
3 деңгей |
тонна |
654 |
78 480 |
|
2 |
шошқа еті 1 деңгей |
тонна |
6 120 |
599 760 |
3 |
қой еті |
тонна |
150 |
15 000 |
4 |
жылқы еті |
тонна |
300 |
27 600 |
5 |
сүт, оның ішінде: |
тонна |
11 960 |
216 500 |
1 деңгей |
тонна |
6 460 |
161 500 |
|
2 деңгей |
тонна |
0 |
0 |
|
3 деңгей |
тонна |
5 500 |
55 000 |
|
6 |
қымыз |
тонна |
180 |
10 800 |
7 |
құс еті 3 деңгей |
тонна |
1 700 |
85 000 |
8 |
шұбат |
тонна |
48 |
2 640 |
9 |
тағамдық жұмыртқа 1 деңгей |
мың дана |
100 000 |
300 000 |
10 |
бұқашықтарды субсидиялаудың 1 деңгейіндегі мал бордақылау алаңдарына өткізу |
бас |
10 000 |
150 000 |
Барлығы: |
х |
х |
1 943 880 |