РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің 386-бабына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 19-бабының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2014 № 265 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | А. АХМЕТ |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
| 2014 жылғы 15 тамыздағы № 232 облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген |
Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық қызметтер мен ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың қарамағындағы қолданыстағы жеке тұрғын үйлер аумақтарын, азаматтардың бау-бақша, бейіт участкелерін қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау тәртібін белгілейді.2. Жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, басқаруында жасыл желектер мен уәкілетті органдар бар Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдіктеріне жүктеледі.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) Ақтөбе қаласы мен аудандардағы жасыл желектердің тізілімі – Ақтөбе қаласы мен аудандардың аумағындағы жасыл желектердің түрлері, түрлік құрамы, алаңның көлемі, жағдайы және орналасуы туралы деректердің жиынтығы;
2) мамандандырылған ұйым – қажетті материалдық және білікті еңбек ресурстары бар, жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, шаруашылық жүргізуші субъект;
3) ұшар бастарын қалыптастыру – пішіндеуге келетін, жекелеген ағаштардың, бұталардың және жолдағы өсімдіктердің бұташалары мен ұзарған жерлерін оларға белгілі бір әсемдік беру мақсатында кесу және жасыл желектерді "жасарту";
4) дендрологиялық жоспар (дендрожоспар) – көкжелектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су қоймаларының және бұдан кейін құрылыс салу аймағын ескере отыра ашық учаскелерімен үйлесімде өсіп тұрған жасыл желектердің және отырғызуға жоспарланған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің түрлік және сандық құрамы көрсетілген Ақтөбе қаласы мен аудандардың шегінде жасыл желектерді отырғызу жоспары;
5) жасыл желектерді амалсыз кесу – белгіленген тәртіппен түгендеуге, орман ауруларын зерттеуге және шаруашылық мақсаттар үшін пайдаланылуға жататын ағаштарды кесу;
6) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау мен түлетуге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
7) жасыл желектер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және аудан мен қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты, шөпті өсімдіктер;
8) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы діңдерді қатты қысқарту, ұзарған жерлерін сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің ажарын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
9) осы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бұзғандығы үшін жауапкершілік – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік, экономикалық жағынан ықпал ету шараларын қолдану;
10) жасыл желектерді қайта отырғызу – тігінен немесе көлдеңен тамыр жүйесіне таралуы бойынша (1,8 метрден бастап одан биіктеу) жерде соқтасымен бірге қайта отырғызудың жоғары технологиясын сақтай отырып, жасы І сыныптағы соқтасы бар (10 жылға дейін), сирек - жасы ІІ сыныпта (жапырақты тұқымдар үшін 11 жылдан 20 жылға дейін және қылқан жапырақтылар үшін 21 жылдан 40 жылға дейін) жапырақты және қылқан жапырақты өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу;
11) жасыл желектерді зақымдау - ағаш-бұтақ өсімдіктерінің бөрікбасына, діңіне, тамыр жүйесіне, шөпті өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйесіне өсімін тоқтатуға алып келмейтін залал келтіру. Тамыр жүйесінің механикалық термиялық немесе химиялық зақымдануы, тамыр қыртысы тұтастығының, топырақ үсті жамылғысы тұтастығының бұзылуы және залалдың өзге де түрін келтіру зақымдану болып табылады;
12) жаппай санитарлық кесу – көп мөлшерде желден, қардан құлаған, құрғаған және ауырған (ағаштардың 40% астамы) жасыл алқаптардың, саябақтардың, бақтардың белгілі бір алаңдарында жүргізілетін ағаштар мен бұталарды кесу;
13) жасыл желектерді сақтау – көріктендіру және құрылыс жұмыстарының дағына түсетін, аса құнды желек тұқымдарын сақтауға бағытталған кешенді шаралар. Сақтау – құрылыс жүргізу кезінде желектердің бүлінуіне жол бермеу үшін қоршау және басқа да әдістермен жүзеге асырылады;
14) жасыл желектерді жою – өсімінің тоқтауына алып келетін жасыл желектердің зақымдануы;
15) көгалдандырылған аумақ – табиғи өсімдіктер, жасанды жасалған саябақ кешендері мен нысандары, гүлзарлар, бақтар, көкжелектер, гүлзарлар орналасатын жер учаскесі;
16) күту - өсімдіктің төменгі бөлігі мен топырағына күтім жасау (қоректендіру, суару, қопсыту);
17) нысан (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициенті (бұдан әрі – НЖК) – кесуге ұсынылған нысанның тіршілік қабілетін ескеретін, жасыл желектердің сапалық жәй-күйі, оның одан әрі өмір сүруінің әлеуетті қабілеті;
18) өтемдік (кепілдік) отырғызу жоспары – отырғызудың сандық, тұқымдық құрамы, көлемі, күнтізбелік мерзімі, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың кескіндемелік сызбасы бар, рұқсат етілген санитарлық кесуге, амалсыз кесуге немесе заңсыз кесуге ұшыраған жасыл желектер көлемін сол деңгейде өтейтін ағаштарды отырғызу жоспары;
19) санитарлық кесу – ауырған, зақымданған, құрғай бастаған және құрғаған ағаштары кесілетін, қала жасыл желегінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілетін (іріктемелік, жаппай) кесу;
20) санитарлық қырқу – авариялық жағдай жасайтын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысына кедергі келтіретін) зақымдалған, қураған, құрғақ, ауру бұтақтарды қырқу;
21) техникалық қадағалау – жасыл желектерді жасау (өтемдік отырғызуларды қоса кіргізгенде), күту және қорғау технологияларының сақталуына және белгіленген қағидалардың, жасыл желектерді отырғызу және күту технологияларының сақталуына қадағалау (бақылау) жүргізу;
22) уәкілетті орган – тиісті қала, аудан әкімдігі белгілеген жасыл желектерді күту және қорғау саласында функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме;
23) іріктемелік санитарлық кесу – құрғаған, өлген, желден құлайтын, қардан құлайтын, қардан сынатын барлық сынып жастағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ тамыры зақымдалған, сәрпіңке мен өзге де таз ауруларына шалдыққан ағаштарды кесу;
Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2014 № 265 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Ақтөбе облысының елді мекендерінің аумағындағы барлық жасыл желектер, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке үй құрылыстары мен саяжайларда және қала мен аудандардың коммуналдық қызметтерінің қарауына жататын зираттардың учаскелеріндегі өсіп тұрған жасыл желектерді қоспағанда, қол сұғылмайтын қалалық және аудандық жасыл қорды құрайды.
5. Жасыл желектерді сақтау және қорғау бойынша шаралар кешенін азаматтармен, меншік нысанына қарамастан, лауазымды және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
6. Жобалық, құрылыс және шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаларда белгіленген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметтерді ұйымдастыруға арналған жоба алдындағы және жобалық құжаттамада топографиялық түсірілімге енгізілген жасыл желектердің күйі туралы толық және шынайы мәліметтер болуға тиіс. Егер учаскеде 15 астам ағаш өсіп тұрса, бекітілген ведомствалық нұсқаулыққа сәйкес түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне зерттеу жүргізу қажет.
7. Нысандарды жобалау және салу кезінде нысан құрылысын салуға бөлінген жер телімінің кем дегенде 20% аумағын көгалдандыруды қарастыру қажет.
8. Елді мекен аумағындағы жалпы пайдаланылатын аумақтарда орналасқан жасыл алқаптар, белгіленген тәртіппен келісілген қала дамуының бас жоспарына кіретін жер учаскелерін қоспағанда құрылыс салуға жатпайды.
9. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі көгалдандырылған аумақтарды дамыту сәулет және қала құрылысы органдары қорытындысының негізінде, көгалдандыру жағынан қала құрылысы нормасын сақтай отырып, әкімдіктің уәкілетті органының келісіміне сәйкес жүргізіледі.
10. Заңда белгіленген тәртіпте, елді мекендердің бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынған, жасыл желектерді амалсыз кесуге, соның ішінде және Қызыл кітапқа кіретін, жер телімдерінде ғана рұқсат етіледі.
2. Жасыл желектерді есепке алу, күтіп-ұстау және қорғау
11. Жасыл желектердің барлық түрі есепке алынады.Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді есепке алу (1-қосымшада) белгіленген нысанға сәйкес тізілімге енгізіліп, есепке алынатын нысан шекарасында орналасқан жасыл желектерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
12. Уәкілетті орган бекіткен, ведомствалық нұсқаулар негізінде құрастырылған жасыл желектерді есепке алу нәтижесін көрсететін құжат, белгіленген тәртіппен ресімделген түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу құжаттарының негізінде жасалған жасыл желектердің жоспары (дендрожоспар) болып табылады.
13. Жасыл желектерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне зерттеу жүргізуді уәкілетті орган тендер негізінде жүзеге асырады.
Уәкілетті орган, белгіленген тәртіппен, жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу құжаттарының көшірмелерін жасыл қормен жұмыс жасау кезінде ұсыныс ретінде пайдалану үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдерінің аппараттарына жібереді.
14. Амалсыз кесуге жататын және 15 астам ағашы бар учаскелер шегінде түрлік құрамын, сандық және сапалық күйін, жасын (диаметрін) ескере отыра жасыл желектерге түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне тексеру жүргізу қажет. Оны тапсырысшы осы жұмыс түрлерін жүргізуге құқығы бар мамандандырылған ұйымдармен келісім бойынша жүргізеді.
15. Ақтөбе қаласының және аудандардың жасыл желектердің тізілімі мына мақсаттарда жүргізіледі:
1) жасыл желектердің саны мен сапасы және жәй-күйі туралы шынайы мәліметтерді алу және есебін жүргізу;
2) жасыл желектерді қорғау, сақтау және көгалдандырылған аумақтарды дамыту саласындағы қала және аудандардың жұмысының негізгі бағыттарын анықтау;
3) халықты, жергілікті атқарушы органдарын жасыл желектердің саны мен жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
16. Жасыл желектерді Тізімдеу жұмыстарын ұйымдастыру табиғатты қорғау саласының қаражаттары арқылы жүргізіледі.
17. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі жасыл желектерді күтіп-ұстау мен қорғауды мына жағдайларды қоспағанда Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктерінің аппараттарымен жүзеге асырады:
1) арнайы саябақтарда меншік иелеріне немесе меншік иесі өкілеттеген тұлғаға жүктеледі;
2) тұрғын ықшам аудандарында, тұрғын үйлердің алдындағы көшелерде құрылыстан жаяусоқпаққа дейін – ішкі аула аумағы шегінде тұрғын үй қорының иелеріне;
3) өнеркәсіп кәсіпорындары аумақтары мен меншіктің өзге нысандарында, сондай-ақ бөлінген және бекітілген аумақтарда және санитарлық–қорғау аймақтарында – иелеріне немесе осы нысандарды пайдаланушыларға;
4) құрылыс үшін бөлінген аумақтарда – тапсырысшыға жүктеледі.
18. Көпшілік пайдалануындағы жерлерде, жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау жұмыстарын арнайы бюджеттік бағдарлама әкімшісі – Ақтөбе қалалық және аудандық әкім аппараттарымен тендер өткізген жағдайда мамандандырылған мекеме, тендермен айқындалған құжаттамалардың мерзіміне және жағдайына сәйкес жүргізеді.
Ескерту. 18 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2014 № 265 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
19. Уәкілетті органының рұқсатына сәйкес жүргізілген санитарлық кескендігі, амалсыз кескендігі үшін өтемдік қалпына келтіру жер учаскесінің сол аумағында үш есе көлемде биіктігі 2 метрден кем емес жапырақ тұқымдас, ал қылқан жапырақтылар үшін 1 метрден кем емес (І және ІІ сыныптағы сападағы) көшеттер отырғызу жолымен жүргізіледі.
Көшеттердің тамыр жүйесінен жоғары діңгегінің диаметрі кем дегенде 3 сантиметр (діңгек бөлігінің 1,3 метр биіктікте) болуы керек. Мұндай кезде амалсыз кесілген ағаштардың орнына өтемдік отырғызу сол жер телімі аумағында (қалалық және аудандық сәулет шарттары ескеріліп) үш есе көлемінде жүргізіледі.
Санитарлық кесу және жасыл желектерді кесу жүргізілетін аумақта отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда уәкілетті органы одан әрі өтемдік отырғызу жүргізу үшін белгіленген тәртіппен қала және аудан сәулет бөлімдерімен келісілген арнайы учаскелерді анықтайды.
Жалпы пайдаланылатын жерлердегі өтемдік отырғызуларды тек қана жалпы пайдаланылатын жерлерде жасыл желектерді күту және ұстау, көгалдандыруды жүргізетін мамандандырылған ұйымдар (келісім-шарт негізінде) жүзеге асырады.
Көшеттерді отырғызу жөніндегі жұмыстарды орындау уәкілетті органы бекіткен қалада жасыл желектерді егу жөнінде ведомствалық нұсқаулықтың негізінде жасалады.
Ескерту. 19 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2014 № 265 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
20. НЖК бойынша 4 және 5 сыныптағы апатты жағдайдағы, қураған және қартайған жасыл желектерді кесу кезінде заңды және жеке тұлғалар әрбір апатты жағдайдағы жасыл желекті кескені үшін жасыл желек кесілген жерде немесе уәкілетті органы белгілеген учаскеге жасыл желектерді кепілді өтемдік отырғызу ретінде 1 (бір) көшет отырғызады.
Ескерту. 20 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2014 № 265 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
21. Апаттық ахуалдың пайда болуын – ұзақ тұрған (қартайған), апатты (құлап қауіп төндіретін), қураған ағаштардың, қатты піскен (тіршілігі қысқа мерзімді, жылдам өсетін: жасы 40-тан асқан теректердің барлық түрі; жасы 20-дан асқан жемісті ағаштар; жасы 50-ден асқан аласа шегіршін, вавилон қара шілігі) және басқа да ағаш түрлерінің өздігінен құлауын болдырмау үшін желектің сапалық жағдайына қарамастан (ұшар басы, жапырағы, діңгегі) 4 және 5 санаттағы НЖК-ны қолдана отырып, алдын ала зерттеу жүргізудің (оның ішінде аудандардағы жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу нәтижесіне сәйкес НЖК қолдана отырып көшеттердің жоспарланған өтемдік отырғызылуын ескеру, апатты (қартайған) ағаштарды құлату жөнінде бағдарлама әкімшілерінің, жасыл желектерге қызмет ету үшін тендерді ұтып алған арнайы ұйымдардың, Ақтөбе қаласы мен аудандардың құтқару қызметтері, төтенше жағдайлар органдарының, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша ағаштарды амалсыз кесуге немесе санитарлық кесуге рұқсатнама беріледі.
22. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі, ғимараттар мен үй-жайлардың, көп қабатты тұрғын үйлер аумақтарында желдің және табиғи сипаттағы өзге де оқиғалардың, жол-көлік апаттары нәтижесінде құлаған апатты ағаштарды жинау, құлаған жерлерді өз уақытында санитарлық тазалау және ағаш қалдықтарын шығару жер пайдалану шекарасындағы, сол аумақ қарайтын мекемелерге немесе қызмет көрсететін учаскелері бойынша мамандандырылған кәсіпорындарға жүктеледі.
23. Жасыл желектерді күтіп-ұстау жөніндегі бағдарламалардың әкімшілері көгалдандыру мәселелері бойынша табиғатты қорғау шараларын қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшін күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде әкімдіктің уәкілетті органына апатты ағаштарды санитарлық кесу немесе амалсыз кесу жүргізілген орындарға ірі көлемде отырғызылатын көшеттердің саны мен түрі нақты көрсетілген, қаланың жасыл қорын қалпына келтіру жөніндегі өтемдік жұмыстарды жүргізуге қаржыны ұйымдастыруға тапсырыс береді.
24. Өнеркәсіптік, азаматтық мақсаттағы ғимараттардан және жеке тұрғын үй құрылысынан кемінде 5 м қашықтықта өсіп тұрған ағаштың бөрікбасы ғимарат үшін қауіп туғызса - жабынды, балконды, лоджияны бүлдіретін және тамырлары ғимарат іргетасын қирататын болса, оларды санитарлық қырқуға, амалсыз кесуге рұқсат "3.01-01-2002 Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жайғасымдау және салу Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары мен ережелеріне" сәйкес шектесетін аумақта өтемдік отырғызуды анықтаумен, апатты жасыл желектерді кесу (НЖК бойынша 4 және 5 санаттары) ретінде беріледі.
25. Жасыл желектерді заңсыз кескен жағдайда өтемдік қалпына келтіру биіктігі 2 метрден кем емес жапырақ тұқымдас көшеттерін, сондай-ақ биіктігі кемінде 1 метрден кем емес (І және ІІ сыныптағы сападағы) қылқан жапырақты тұқым көшеттерін он есе көлемінде отырғызу жолымен (2-қосымшаны ескере отырып) жүргізіледі. Діңгегінің диаметрі көшеттің жоғары тамыр жүйесінен (діңгек бөлігі 1,3 метр биіктікте) 3 сантиметрден кем болмауы керек. Заңсыз кесу жүргізілген аумақта ағаш отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда уәкілетті органы өтемдік отырғызуды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен арнайы учаскелерді белгілейді.
Ескерту. 25 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2014 № 265 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
26. Жасыл желектер заңсыз кесілген жағдайда өтемдік қалпына келтіру жұмыстары заң бұзушылыққа жол берген заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
27. Жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруді жеке тұлғалар дербес меншік аумақтарында, ал заңды тұлғалар жасыл желектерді оларды одан әрі күтудің (оның ішінде екі жыл бойы күтіп-баптау жұмыстары) міндетті шарттарын сақтай отырып арнайы мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шарт бойынша жүргізеді. Жалпы пайдаланудағы жерлерде көшеттерді өтемдік отырғызуда қаладағы жасыл желектерді құруға техникалық қадағалауды жүзеге асыратын арнайы мамандандырылған мекемелерді қатыстырумен жүзеге асырылады. Жасыл желектерді отырғызу технологиясына техникалық қадағалау жүргізу уәкілетті органы бекіткен, Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді құру жөнінде техникалық қадағалауды жүргізу нұсқаулығы негізінде орындалады.
Ескерту. 27 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2014 № 265 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
28. Бюджет қаражаты есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде (күрделі құрылыс, жолдарды, жаяу соқпақтарды, арық желілерін жөндеу және сол тәрізді) және коммерциялық құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдарға (тапсырыс берушілер мен мердігерлер) құрылыс жобаларында жасыл желектерді құру немесе қалпына келтіру (жобада қарастырылған) жөніндегі, жұмыстарын көгалдандыру жұмыстары аяқталғаннан кейінгі екі жыл бойы оларды күтіп-баптау жұмыстарын ескере отырып қаржыландыруды қарастыруы қажет.
29. Қатты өскен немесе зақымдалған жасыл желек өздігінен құлаған кезде, кінәлі тұлғаларды анықтау мүмкін емес жағдайда жасыл желектерді қалпына келтіру белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
30. Жалпы пайдалану жерлерінде және жеке аумақтарда өсетін жасыл желектер механикалық зақымдалған немесе жол-көлік оқиғалары салдарынан жойылған жағдайда кінәлі тараптар осы Қағидалардың 25, 26 тармағына сәйкес зақымдалған немесе жойылған желектердің өтемдік қалпына келтірілуін жүргізеді.
31. Отырғызылған жасыл желектер жойылған жағдайда оның мүддесі үшін кесу жүргізілген тұлға немесе мамандандырылған ұйым (әрекеттегі кепілді міндеттеменің келісім-шарты бойынша) жасыл желектерді қайта отырғызады және олар отырғызылғаннан кейін екі жыл ішінде әрі қарай күтілуін қамтамасыз етеді.
32. Қажетті күтіп – ұстау, жасыл желекті қалпына келтіру мүмкіндігінің жоқтығына, механикалық зақымдалуға, көшеттердің баяу өсуіне байланысты, отырғызылған жерде көшеттердің жоқтығының (ұрланған) анықталуына байланысты жасыл желектердің жойылғандығы анықталған жағдайда (қурағандарын қоспағанда) оларды қалпына келтіру жасыл желектерді күту жауапкершілігі жүктелген тұлғалар есебінен жүргізіледі. Отырғызуды қалпына келтіру, уәкілетті органмен келісілген, мерзімі көрсетілген өтемдік қалпына келтіру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
33. Құрылыс және өзге жұмыс түрлерін жүргізген кезде осы учаскедегі сақталуға жататын, кесуге немесе санитарлық қырқуға жатпайтын барлық жасыл желектер тиімді қорғауды қамтамасыз ететін арнайы қорғаныс қоршауларымен (ағаш-бұта өсімдігі діңінің, көшеттің, көкжелектердің, гүлзарлардың айналасына, қажетті жағдайда ұшар бастарын қорғау) механикалық және өзге зақымдалулардан қорғалуға тиіс.
3. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, ұшар бастарын қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау
34. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, ұшар бастарын қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау осы Қағидада белгіленген тәртіппен жүргізіледі және жасыл желектер өсіп тұрған жер учаскесіне жер пайдалану құқығын айғақтайтын құжаттарды және өзге қажетті құжаттарды міндетті көрсетуі бойынша немесе осы Қағидада белгіленген тәртіппен бекітілген бағдарлама әкімшілерінің табиғат қорғау шаралары жоспарына сәйкес уәкілетті органының ресми рұқсатымен ғана ресімделеді (осы Қағидалардың 3, 4, 5 қосымшаларына сәйкес).Ескерту. 34 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2014 № 265 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
35. Жасыл желектерді санитарлық кесу, амалсыз кесу, сүңгегін тазалау және санитарлық қырқу жыл бойы жүргізіледі.
36. Кесу үдерісі үшін және кесудің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін келесі шарттарды сақтау керек:
1) бұтақтардың табиғи биіктігін және пішінін айтарлықтай өзгертпеу;
2) үлкен кесінділердің шеттері ұқыпты тазалану және маймен өңделу керек;
3) санитарлық кесуді қоспағанда кесудің өтетін мерзімі;
4) қылқан өсімдіктерді майлау міндетті емес, кесінді диаметрі 2 см артық болса жапырақты үшін міндетті;
5) өркендеу қабілеті жақсы ағаштар кесуге жатады, жасын есепке алғанда (ағаштың жасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым кесудің дәрежесі төмен болады).
37. Жасыл желектерді қайта отырғызу бір жылдың ішінде әкімдіктің уәкілетті органы берген рұқсатта көрсетілген уақытта, арнайы қайта отырғызу технологиясын сақтай отырып жүргізіледі. Жапырақты және қылқанжапырақты тұқымдылардың дұрыс орнығуы мақсатында оларды күз түскеннен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.
38. Ағаштарды жасарту және қалың біткен ағаштарды сирету тозаңдану басталғанға дейін немесе күздің аяғына дейін жүргізіледі.
39. Жаңа құрылысты оның ішінде, жаңғыртуға түсетін аумақтардағы құрылысты (бұрыннан бар жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда) олардың нысаналы мақсатына қарамастан (жоспарланған жеке тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс нысандары, әкімшілік ғимараттары, коммуникацияның, қызмет көрсету саласы нысандарының барлық түрлері) және жер учаскесіне құқықты ұйымдастыру кезінде жасыл желектерді кесу, түгендеу мен орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдары негізінде уәкілетті органының ресми рұқсаты бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 39 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2014 № 265 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
40. Жалпы пайдаланатын жерлердегі жасыл желектері бар аумақтарды күту жөніндегі бағдарламалар әкімшілері, заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ аумақтарында жасыл желек өсетін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланушылар жыл сайын көктемгі және жазғы (сонымен қатар күзгі кезеңде) жасыл желектерді зиянкестерден (жәндіктерден, паразиттік өсімдіктерден) және аурулардан сақтау үшін химиялық препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану тәртібін сақтай отырып химиялық әдістермен және басқа да биологиялық дәрі-дәрмектермен химиялық және фитосанитариялық өңдеу жөніндегі шараларды ұйымдастырады және өткізеді.
41. Осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген тұлғалардың химиялық және фитосанитариялық өңдеулерді жүргізуі, жасыл желектерді қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруы алдын ала бекітілген шаралар жоспары бойынша жүргізіледі және аудандық әкімдіктерге жүктеледі, ал жүргізілген жұмыстарға бақылау жасау өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөніндегі уәкілетті органдарға жүктеледі.
42. Жалпы пайдаланатын жерлерде жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесуді және санитарлық қырқуды осы Қағидалардың 40 тармағында көрсетілген жағдайлары қоспағанда, міндетті түрде уәкілетті органы рұқсатын алдын ала рәсімдеу арқылы, сол жер учаскесінде қызмет көрсететін арнайы мамандандырылған мекеме жүргізеді.
Ескерту. 42 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2014 № 265 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
43. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде, жасыл желекті қалпына келтіру белгіленген тәртіппен (көгалдандыру жобасы бойынша) тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
44. Ағаштың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын, ғимараттар мен үй-жайлардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның ішінде жол жүру белгілерін жауып тұрса) қауіпсіздігінің бұзылуына алып келетін төтенше және апатты жағдайларда аталған жасыл желектерді кесу және санитарлық қырқу рұқсатты ресімдеусіз шұғыл түрде жүргізіледі. Кесу немесе санитарлық қырқу деректері төтенше жағдайлар органдарының құтқарушы қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, артынша уәкілетті органға хабарланады.
45. Күзеттік және санитарлық қорғау аймақтары 10 метрден бастап 55 метрге дейінгі аралықты құрайды. Бұл аумақтарда тиісті ұйымдар қызмет көрсетеді. Қорғалатын және санитарлық – қорғау аймақтары бойындағы жасыл желектерді санитарлық кесу, қажетті амалсыз кесу, санитарлық қырқу, ұшар бастарын қалыптастыру, жасарту жұмыстары уәкілетті органның рұқсатынсыз, бірақ уәкілетті органына жалпы пайдаланатын аталған жер учаскесінде қызмет көрсететін мамандандырылған мекемені және көрсетілген аумақты күту жөніндегі бағдарламаның әкімшісіне, ескерту арқылы (72 сағаттың ішінде жүргізілетін жұмыс түрлерінің кестесін ұсынып) желілері ведомстваға қарайтын мамандандырылған қызметтер жүргізеді. Бұл жағдайда жасалатын жұмыс түрлерін орындаудың технологиясы қатаң сақталуы қажет.
Ескерту. 45 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2014 № 265 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
46. Су ресурстарының (өзендер, су айдындары) жер үсті көздеріндегі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін өзен арнасында, су айдындарында өскен жасыл желектерді кесу шұғыл түрде жүргізіледі. Кесу дерегі аудандардың төтенше жағдайлар органдары мен экологиялық қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, артынша 72 (жетпіс екі) сағаттың бойында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға хабарланады.
47. Кесілген жасыл желек пен ұнталған қалдықтарды (үгінділер, бұталар, жапырақтар, қабықтар) жұмыс жүргізілген жерде жинау мен сақтауға рұқсат етілмейді. Кесілген қалдықтарды үю, буып-түю және тасымалдау бойынша барлық жұмыстар техника қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкестікте жүргізілуге тиіс.
48. Жасыл желектерді қайта отырғызу бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін тапсырысшы олардың одан әрі ұстап-күтілуін қамтамасыз етуге міндетті.
49. Құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, сүңгегін тазалауға, санитарлық қырқуға, қайта отырғызуға рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар тапсырылуы тиіс:
1) құрылыс жұмыстарының түрлеріне қарамастан, құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында, соның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында:
уәкілетті орган басшысының атына басшының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектің орны көрсетілген өтініш;
жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі;
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (салынып жатқан және жаңартылатын нысандар үшін);
өсіп тұрған жасыл желектердің тұқымдық және сандық құрамы, егер тұрғын үй орналастыру мүмкіндігі қарастырылған учаскесінде 15 артық ағаш өссе, жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдарын;
өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген кепілдік хат;
осы Қағидалардың 19, 26, 27, 30-тармақтарын ескере отыра, мамандандырылған ұйыммен жасалған өтемдік көгалдандыру туралы келісім-шарт.
2) бұрыннан тұрған нысандардың аумағын көріктендіру және эстетикалық келбетін жақсарту үшін:
уәкілетті орган басшысының атына басшының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектің орны көрсетілген өтініш;
жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі (қолда барда);
өсіп тұрған жасыл желектердің тұқымдық және сандық құрамы, олардың жәй-күйі көрсетілген жер учаскесінің топографиялық түсірілімі және егер құрылыс жүргізілетін жерде 15-тен артық ағаш өссе, жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдарын;
өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген кепілдік хат;
осы Қағидалардың 19, 27, 28, 31, 32-тармақтары ескерілген, мамандандырылған ұйыммен жасалған өтемдік көгалдандыру туралы келісім-шарт.
3) жасыл желектер шектесетін аумақтарда өскен жағдайда жеке және заңды тұлғалар үшін:
уәкілетті орган басшысының атына өтініш;
жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі;
өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтау уақыты көрсетілген кепілдік хат.
50. Жасыл желектерді санитарлық кесуге, қайта отырғызуға рұқсатты рәсімдеу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдерінің аппараттары – мынадай құжаттар тапсыруға тиісті:
1) уәкілетті орган басшысының атына басшының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектің орны көрсетілген өтініш;
2) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердің орналасуы көрсетілген жобалық көгалдандыру жоспары;
3) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтау уақыты көрсетілген кепілдік хат.
Жасыл желектердің санын, тұқымдық құрамын, сапасын Қағидалардың 18 тармағына сәйкес анықталған, арнайы мамандандырылған ұйымдарды қатыстыра отырып, бағдарламалардың әкімшілері өз бетінше анықтайды.
51. Қайта салынатын нысандар үшін жеке және заңды тұлғалар жасыл желектерді кесуге рұқсат беру туралы өтініш жасаған кезде, олар осы Қағидалардың 49-тармағы 1) тармақшасына сәйкес құжаттардың көшірмелерін тапсыруы қажет.
52. Өтініш уәкілетті орган маманының сол жерге барып жер учаскесіне міндетті тексеріс жүргізуімен қаралады, оған тапсырыс немесе өтініш берушінің өкілі қатысады.
53. Берілген рұқсат өтініш берушіге тәуелді емес жағдайға байланысты қолданылған болмаса, уәкілетті орган рұқсатты орындау мерзімін өтінішкердің өтініші негізінде жаңа мерзімге ұзартуы мүмкін. Сонымен бірге, осы Қағидалардың 49-тармағында қарастырылған құжаттар қайта берілмейді. Рұқсатты орындау мерзімін ұзарту уәкілетті орган маманының сол жерге барып тексеріс жүргізуімен және зерттеу актісі жасалуымен жүзеге асырылады.
54. Санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, санитарлық қырқуға және сүңгектерін қалыптастыруға түсетін (қаралатын учаскедегі) желектің 15 (бірліктен) артық сандық құрамын алдын ала анықтаған жағдайда тапсырысшы алдын ала өтінішке қоса белгіленген тәртіппен түгендеу және орман ауруларына бейімділік деңгейін зерттеу материалдарын тапсырады.
55. Жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, санитарлық қырқуға, отырғызуға, сүңгектерін түзетуге рұқсат күшінің мерзімін климаттық жағдайларға және желектердің түрлік құрамына байланысты, алайда ағымдағы күнтізбелік жыл айының соңғы күнінен кешіктірмей уәкілетті органы дербес анықтайды.
Ескерту. 55 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2014 № 265 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
56. Кесілуге, қалпына келтіруге және өтемдік отырғызуға жататын жасыл желектердің саны көрсетілген, жүргізілген кесу және өтемдік отырғызу туралы белгісімен, осы Қағидаларға (2-қосымшаға) сәйкес, белгіленген үлгідегі, рұқсатқа қайтармалы талон рұқсатпен бірге беріледі. Өтемдік отырғызу аяқталғаннан кейін рұқсатқа қайтармалы талон уәкілетті органға қайтарылады.
57. Көгалдандырылған аумақтарға осы Қағидалармен мыналарға рұқсат етілмейді:
1) жасыл желектерді зақымдауға немесе құртуға;
2) алау жағуға, түскен жапырақ пен құрғақ шөпті жағуға;
3) тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен, ағынды сумен қоқыстауға және ластауға;
4) ағаштан шырын өндіруге, жазулар, оюлар салуға, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әртүрлі көрсеткіштерді, сымдарды орналастыруға және ағашқа ілмек пен шеге қағуға;
5) автокөлік құралдарының, құрылыс техникасы мен өзге техниканың, осы аумақты пайдалануға және жасыл желекті күтуге байланысты техниканы қоспағанда, өтуі мен тұруына;
6) автокөлік құралдарын жууға;
7) көкжелекке көлік құралдарын қоюға;
8) мал жаюға;
9) әртүрлі жүктерді, оның ішінде құрылыс материалдарын үюге;
10) ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды сақтамай, жасыл желектер алып жатқан учаскелерге төбеден қар түсіруге;
11) жасыл желекке залал келтіруге қабілетті өзге әрекеттер жасауға және шарасыздық танытуға.
4. Жасыл желектерді қорғау мен күту саласындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
58. Осы Қағидалардың сақталуын бақылау iшкi iстер органдарымен және орман, балық және аң шаруашылығының саласындағы уәкілетті органдармен, сондай-ақ ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерімен құзыреттері шегінде жүзеге асырылады.59. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін, кінәлі тұлғалар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
| Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларына 1-қосымша |
____ жылғы 1 қаңтардағы
қала немесе аудан жасыл желектерінің реестрі
Жасыл желектер көлемін объектілерінің (учаскелерінің) жер санаты, өсімдік типі және функционалдық міндеті бойынша көлемін үлестіру.Елді мекеннің атауы
Әкімшілік аудан:_____________________
Жауапты ие:_________________________
Жасыл желектерінің реестрі
Кесте
N р/с түгендеу, жасыл желектер төлқұжатының № | Жерлердің функционалдық міндеті (желектердің санаты) | Топтастыру коды | Ағаш өсімдігі | |||||
Бірлі-жарым ағаштар, дана | топтары, біртекті ағаштары, дана | Шоқ тоғай мен бақшалар, дана | Сызықтық желекті- лер, дана | НЖК | Қорыт нды, дана | |||
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
Бұталы өсімдіктер | |||||
бірлік, дана | Табиғи қоршау, ұзына бойы метр | Қатардағы көшеттер, дана | Топтастырылған көшеттер, дана | НЖК | барлығы ұзына бойы/дана |
| | | | | |
| | | | | |
АШЫҚ КЕҢЕСТІК | |||||||||||
ГҮЛДІКТЕР | КӨГАЛ АЛАҢДАР | ||||||||||
жылдық, шаршы метр | көп жылдық, шаршы метр /дана | кон- тей- нер- лік, дана | суат тық, шаршы метр | аль- пина- рий, рока- рий, шаршы метр | НЖК | бар- лығы: шаршы метр / дана | пар- тер, шаршы метр | кәдімгі, шаршы метр | жер беті қабаты, шаршы метр | НЖК | бар- лығы: шаршы метр / дана |
| Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларына 2-қосымша |
Жасыл желектерді кесуге берілген рұқсатқа сәйкес
өткізілген жұмыстарды бақылау бойынша
РҰҚСАТҚА ҚАЙТАРМАЛЫ ТАЛОН
Тапсырыс беруші: ______________________________, берілген рұқсаттын № мен мезгілі _________________________________________________ | | | | | | | | |
Рұқсатқа сәйкес кесуге жататын жасыл желектердің орналасқан жер | Рұқсатқа сәйкес кесуге жататын ағаштардың табиғи құрамы | Саны (дана) | Жасыл желектер- дің нақты кесілуі | Рұқсатқа сәйкес өтемақы отырғызуға жататын ағаштардың орналасқан жері | Рұқсатқа сәйкес өтемақы отырғызуға жататын ағаштардың табиғи құрамы | Саны (дана) | Жасыл желек- тердің шынды- ғында отырғы- зылуы | Ескер- тпе |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
Бөлім басшысы __________
Орындаушы. ___________, тел.____________
"____"_________201__ уәкілетті органмен қабылданды __________, ________
(қолтанба)
| Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларына 3-қосымша |
Жасыл желектерді зерттеу
АКТІСІ 200___ ж. "____" ____________
Көше______________________________________________________________________________________________________________________
аудан ______________________________________ Ақтөбе қаласы мен аудандар
Бiздер, төменде қол қоюшылар, _______________________________
уәкілетті органның
_____________________________________________________________
лауазымды тұлғасы (лауазымы, А.Ж.Т, органның атауы)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
және тапсырыс берушiнiң өкiлi
_____________________________________________________________
түсетiн жасыл желектерге зерттеу жүргiздi
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Нәтижесiнде анықталды:
№ | Жасыл желек- тердің тұқым-дық құрамы | Кесілетін | Қайта отырғызу | Сақталады | Сапалық (нақты) жағдайы | |||||
Мөлшер саны | Ағаш материалы | Мөлшер саны | Ағаш материалы | Мөлшер саны | Ағаш материалы | Жақсы | Қанағат | Қанағат емес | ||
1 | | | | | | | | | | |
2 | | | | | | | | | | |
3 | | | | | | | | | | |
4 | | | | | | | | | | |
5 | | | | | | | | | | |
6 | | | | | | | | | | |
7 | | | | | | | | | | |
8 | | | | | | | | | | |
9 | | | | | | | | | | |
10 | | | | | | | | | | |
Ескертпе: Тексеру актісі ағашты кесуге немесе отырғызуға құқық беретiн құжат болып табылмайды.
Тапсырысшының өкiлi алды ________ А.Ж.Т.
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы қолы А.Ж.Т.
| Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларына 4-қосымша |
Жасыл желектердi кесуге, амалсыз кесуге,
қайта отырғызуға берілген
РҰҚСАТ
1. Кәсiпорынның аталуы (СТН) (тапсырысшы, өтініш беруші)2. Кәсiпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырысшы, өтініш беруші)
3. Сұралған учаскенің мақсаты
4. Орналасқан жерi
5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме
6. Жер учаскесінiң меншiк түрi (№, күнi)
7. Уәкiлеттi органның жасыл желектерді зерттеу актiсi
8. Ақтөбе қаласы мен аудандардың жасыл желек қорын өтемдiк қалпына келтiру жөніндегі мiндеттеме (кепiлдiк хат)
9. Көгалдандырудың (көріктендірудің) жобалық жоспары
ҚОРЫТЫНДЫ
Уәкілетті орган (толық атауы) жасыл желектердiң жәй-күйiн ескере отырып, зерттеу актiсiне сәйкес жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесудi келiсiеді:"- ағаш-бұтақты жасыл желектердің нақты (сандық, сапалық) жағдайын, сондай-ақ қайта отырғызу жұмыстарын жүргізу мерзімі мен жұмыстардың аяқталатын күнін көрсету қажет".
Бұл жағдайда бірінші басшыға мына талаптарды орындау міндеттеледі:
1. Жер асты және жер үстi коммуникацияларын қорғау нормаларымен ережелерiн сақтай отырып, сәнді-бағалы жасыл желектерді отырғызу жолымен өтемдiк қалпына келтiру бойынша шараларды жүргiзу.
2. Жасыл желектердi қорғау, күту мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенiн жүргiзу.
3. Рұқсат күшінің мерзімі
4. Тапсырысты рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, тапсырысшы жазбаша түрде атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге тиіс.
Қосымша: ____________
Ескертпе: ____________
Уәкілетті органның басшысы А.Ж.Т.
| Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларына 5-қосымша |
Жасыл желектердi пішіндемелік қырқуға (жасартуға),
санитарлық кесуге, сүңгегін тазалауға
РҰҚСАТ
1. Кәсiпорынның атауы (СТН) (тапсырысшы, өтініш беруші)2. Кәсiпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырысшы, өтініш беруші)
3. Сұралған учаскенің мақсаты
4. Орналасқан жерi
5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме
6. Жер учаскесінiң меншiк нысаны (№, күнi)
ҚОРЫТЫНДЫ
Уәкілетті орган (толық атауы) жасыл желектердiң жәй-күйiн ескере отыра, зерттеу актiсiне сәйкес келіседі:- жұмыс түрлерін (тұқымдық құрамын, желектер санын, диаметрін, өсетін жерін, сондай-ақ жұмыс жүргізу мерзімін көрсете отыра төмендегі жасыл желектерді түзеуді, пішіндемелік немесе санитарлық кесуді, сүңгегін тазалауды).
Бұл жағдайда бiрiншi басшыға мына талаптарды орындау мiндеттеледi:
1. Жасыл желектердi күту, ұстау мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенiн жүргiзу.
2. Рұқсат күшінің мерзімі.
3. Тапсырысты рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, тапсырысшы жазбаша түрде атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге тиіс.
Ескертпе: ____________
Уәкілетті органның басшысы А.Ж.Т.