Ескерту. Тақырыбқа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы әкімдігінің 15.08.2018 № 376 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 15.08.2018 № 322 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 27-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына, облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 16 маусымдағы қорытындысына, Ақтөбе қаласы әкімдігі мен мәслихатының ұсыныстарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қаласы Россовхоз ауылы Өрлеу ауылы деп қайта аталсын.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы әкімдігінің 15.08.2018 № 376 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 15.08.2018 № 322 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
3. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. МҰХАМБЕТОВ |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
М. ИТЕҒҰЛОВ |