Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 1032 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 3859 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 5062 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.12.2015 № 5062 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабының 5-4) тармақшасына және 18-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырылсын.
      2. Меншік түріне қарамастан жұмыс берушілерге халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісім-шарт негізінде әлеуметтік жұмыс орындарын құру ұсынылсын.
      3. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Бөртебаева Н.Х.):
      1) халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды тиісті жылға қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаржы шегінде, бекітілген тізбеге сәйкес алты айға дейінгі мерзімде уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жолдасын;
      2) жалақының 50 % көлемінде, бірақ тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген төменгі еңбекақы көлемінен аспайтын мөлшерде жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдаған қызметкерлердің еңбек ақысын төлеудегі шығынын ішінара төлеуді жүргізсін.
      4. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Абдулаева А.С.) 002-102-149 "Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар" бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған қызметкерлердің еңбек ақысын төлеудегі шығынын ішінара төлеуді қаржыландыруды іске асыруды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А.Арынғазиеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Е.Омаров

      

Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения

Постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 3 апреля 2014 года № 1032. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 29 апреля 2014 года № 3859. Утратило силу постановлением акимата города Актобе Актюбинской области от 28 декабря 2015 года № 5062

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Актобе Актюбинской области от 28.12.2015 № 5062 (вводится в действие с 01.01.2016).
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 5, подпунктом 5-4)статьи 7 и статьей 18-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 149 "О занятости населения", постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат города Актобе ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать социальные рабочие места для трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения.
      2. Рекомендовать работодателям, независимо от их форм собственности, создавать социальные рабочие места для обеспечения трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения на основе договора с государственным учреждением "Городской отдел занятости и социальных программ".
      3. Государственному учреждению "Городской отдел занятости и социальных программ" (Буртибаева Н.Х.):
      1) направлять безработных граждан из целевых групп населения на социальные рабочие места для временного трудоустройства сроком до шести месяцев, в соответствии с утвержденным перечнем, в пределах средств, предусмотренных на эти цели в бюджете города на соответствующий год;
      2) производить частичную компенсацию затрат работодателей на оплату труда, принятых на социальные рабочие места работников в размере 50% заработной платы, но не более размера минимальной заработной платы, определенной законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.
      4. Государственному учреждению "Отдел экономики и финансов города Актобе" (Абдулаева А.С.) обеспечить осуществление финансирования частичной компенсации затрат работодателей на оплату труда, принятых на социальные рабочие места работников за счет средств местного бюджета по бюджетной программе 002-102-149 "Дополнительные меры по социальной защите граждан в сфере занятости населения".
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Актобе Арынгазиеву А. А.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

Аким города
Е. Умаров