Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5 тармақшасына және 20 бабына сәйкес, Алға аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, жұмыс орындарының саны, қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Өмірзақ) жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмысқа жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары М. Джалгаспаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Алға ауданының әкімі | А. Шериязданов |
Алға ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 37 қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, жұмыс орындарының саны, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері
№ | Мекеме атауы | Қоғам- дық жұмыс- тардың түрлері (жоба- лары) | Шарт бойынша жұмыс- тардың көлемі, 1 адамға (болжам) теңге | Жоспар бойынша | Қаржы- ландыру көздері | |
Жұмыс орында-рының саны, адам | Қарал-ған қара- жат, мың теңге | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | "Алға қалалық округі әкімінің аппараты" ММ "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ "Алға аудандық білім бөлімі" ММ "Алға аудандық орталық аурухана" КММ "Ақай селолық округі әкімінің аппараты" ММ "Бесқоспа селолық округі әкімінің аппараты" ММ "Бестамақ селолық округі әкімінің аппараты" ММ "Қарабұлақ селолық округі әкімінің аппараты" ММ "Қарағаш селолық округі әкімінің аппараты" ММ "Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ "Қарахобда селолық округі әкімінің аппараты" ММ "Маржанбұлақ селолық округі әкімінің аппараты" ММ "Сарыхобда селолық округі әкімінің аппараты" ММ "Тамды селолық округі әкімінің аппараты" ММ "Тоқмансай селолық округі әкімінің аппараты" ММ "Үшқұдық селолық округі әкімінің аппараты" ММ | "Аймақтың экология-сын жақсар- ту". "Қала және селолық округтер-дің жолдарын жөндеу" | 4500 тонн қоқыс 25000- 30000 шаршы метр | 206 | 13645,0 | Жергі- лікті бюджет |
2 | Алға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі Алға аудандық ішкі істер бөлімі "Алға аудандық Әділет басқармасы" ММ Алға аудандық Прокуратура | Тұрғындар "Санағы" | 2000- 2500 іс 300-400 әскер қатарыма адам саны | 56 | 3649,7 | Жергі- лікті бюджет |
3 | "Алға аудандық мұрағаты" ММ | "Аудан мұрағат базасын толтыру" | 250-300 іс | 4 | 252,3 | Жергі- лікті бюджет |
4 | "Ауылшаруашылық өнімдерін сұрыптаудың мемлекеттік комиссия инспектурасы" ММ | "Ауыл-ша-руашылық жұмыста- ры" | 5000 шаршы метр | 4 | 252,3 | Жергі- лікті бюджет |
| Барлығы | | | 270 | 17800,0 | |
Қоғамдық жұмыстың нақты шарттары:
Жұмыс аптасының ұзақтығы екі демалыс күндерімен бес күн құрайды, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбек ақысы жұмыс уақытын есепке алу табелінде көрсетілген нақты еңбек еткен уақытына, жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.