Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 26 "Көшені қайта атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 159 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қарашада № 4082 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 26 «Көшені қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-116 санымен тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада «Жем-Сағыз» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша «аулы», «село», «селоның» сөздері «ауылы», «ауыл», «ауылдың» сөздерімен ауыстырылсын;
      шешімнің орыс тіліндегі бүкіл мәтіні бойынша «аульного» сөзі тиісінше «сельского» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Ауылдық округі әкімі

Е.Калиев

О внесении изменений в решение акима Карауылкелдинского аульного округа от 18 апреля 2011 года № 26 "О переименовании улицы"

Решение акима Карауылкелдинского сельского округа Байганинского района Актюбинской области от 17 ноября 2014 года № 159. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 27 ноября 2014 года № 4082

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и Конституционным Законом Республики Казахстан от 3 июля 2013 года № 121-V «О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан и в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам исключения противоречий, пробелов, коллизий между нормами права различных законодательных актов и норм, способствующих совершению коррупционных правонарушений», аким Карауылкелдинского сельского округа РЕШИЛ:
       1. Внести в решение акима Карауылкелдинского сельского округа от 18 апреля 2011 года № 26 «О переименовании улицы» (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-4-116, опубликованное 22 ноября 2011 года в районной газете «Жем-Сагыз») следующие изменения:
      по всему тексту указанного решения на государственном языке слова «аулы», «село», «селоның» заменить словами «ауылы», «ауыл», «ауылдың»;
      по всему тексту решения на русском языке слово «аульного» заменить соответственно словом «сельского».
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Аким сельского округа

Е.Калиев