Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық испекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық испекторының 2014 жылғы 12 тамыздағы № 1-26/372 ұсынысының негізінде Еңбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің "Ел-Қоныс" шаруа қожалығы аумағында ұсақ мүйізді малдарының арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылау "Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Э.Жапетоваға жүктелсін.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбек ауылдық округі әкімінің м.а: | К.Есенгужина |