Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы 14 наурыз № 768 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 285 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарулы Күштерді жасақтау үшін 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
3. Ұсынылсын:
1) "Темір аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізілсін;
2) "Темір аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
3) "Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзіреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
4. Қала және ауылдық округтерінің әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5. "Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Кусмамбетов) аудан әкіміне 2014 жылдың 7 шілдесіне және 2015 жылдың 5 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.О. Ізбасовқа және "Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Ж. Кусмамбетовқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір ауданы әкімі | Б. Қаниев |