Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 155 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 3860 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 277 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Облыстық жергілікті атқарушы органмен келісілген атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері осы шешімдегі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: Б.Х. Нургазин
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: Б.Т. Бисекенов

  Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 155 шешімімен бекітілген

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері

      Келесі санаттарға:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерiнде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
      мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 15 мың теңге мөлшерiнде;
      мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
      қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
      атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 18 жасқа дейінгі бала тәрбилеп отырған аз қамтылған отбасыларға, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай 20 мың теңге мөлшерiнде;
      онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандар және туберкулездің әртүрлі нысандарымен ауыратын азаматтар емделу мерзімі уақытында (жылдың 6 айға дейінгі шекте) денсаулық сақтау мекемесінің тізімі бойынша, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Азаматтардың кейбір санаттары біржолғы әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқылы болған жағдайда, (статусына сәйкес) әр түрлі атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмектің тек бір түрі (мөлшері бойынша ең жоғары) көрсетіледі.
      Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Ойыл ауданындағы екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.

Об установлении единого размера социальной помощи к памятным датам и праздничным дням

Решение маслихата Уилского района Актюбинской области от 16 апреля 2014 года № 155. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 29 апреля 2014 года № 3860. Утратило силу решением Уилского районного маслихата Актюбинской области от 24 декабря 2015 года № 277

      Сноска. Утратило силу решением Уилского районного маслихата Актюбинской области от 24.12.2015 № 277 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Уилский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить согласованный с местным исполнительным органом области единый размер социальной помощи к памятным датам и праздничным дням, согласно приложения к настоящему решению.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.
      Председатель сессии районного маслихата: Б.Х. Нургазин
      Секретарь районного маслихата: Б.Т. Бисекенов

  Утверждены решением Уилского районного маслихата от 16 апреля 2014 года № 155

Единый размер социальной помощи к памятным датам и праздничным дням

      Следующим категориям:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 100 тысяч тенге;
      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 50 тысяч тенге;
      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 50 тысяч тенге;
      другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 30 тысяч тенге;
      лицам, трудившимся и проходившим воинскую службу в тылу, не менее 6 месяцев в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года, получающим специальное государственное пособие, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 15 тысяч тенге;
      женам (мужьям) умерших участников Великой Отечественной войны, не признававшихся инвалидами, не вступившим в повторный брак, ко Дню Победы – 9 Мая, в размере 25 тысяч тенге;
      родителям и женам умерших воинов-афганцев, не вступившим в повторный брак, ко Дню Победы – 9 Мая, в размере 25 тысяч тенге;
      инвалидам, получающим государственные социальные пособия, ко Дню инвалидов – второе воскресенье октября, в размере 30 тысяч тенге;
      малообеспеченным семьям из числа получателей государственной адресной социальной помощи, воспитывающим детей до 18 лет, ко Дню защиты детей - 1 июня, в размере 20 тысяч тенге;
      гражданам, страдающим онкологическими заболеваниями, ВИЧ-инфицированным и больным различной формой туберкулеза в период лечения, в размере 10 месячного расчетного показателя (в пределах до 6- месяцев в году) по спискам медицинских учреждении.
      В случае наличия права отдельных категории граждан на социальную помощь (в соответствии статуса) к различным памятным датам и праздничным дням, оказывается один вид социальной помощи (более высокий по размеру).
      Выплата сумм социальной помощи производится через отделения банков второго уровня Уилского района путем перечисления денежных средств на лицевые счета или картсчета получателей.