Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 21.11.2014 № 410 қаулысымен (алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 22 қарашадағы."Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" N 366 қаулысына (Алматы облысы әділет департаментінде 2012 жылдың 10 желтоқсанында нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2211 тіркелген, 2012 жылдың 22 желтоқсанында N 143 "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі "Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына" деген сөздері "Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 1-тармағына" деген сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы" мемлекеттік қызмет регламентінде:
2-тармағындағы "2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 –бабының 4–тармағына сәйкес" деген сөздері "2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес" деген сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкiмi А. Мұсаханов