РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасынасәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылдық округі Масақ ауылының атауы Қазтай Ұлтарақов ауылы деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Мұқановқа (келісім бойынша) жүктелсін.
3. Осы бірлескен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Облыс әкімі А. Мұсаханов
Облыстық мәслихаттың
хатшысы Е. Келемсеиіт
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы Е. Миразов