"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Л.Т. Базарқұлова) белгіленген тәртіппен Ережені әділет органдарында тіркеуден өткізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Әлтайұлы Өнербаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшiне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы "25" желтоқсандағы № 471 қаулысымен бекітілді |
"Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы облысы аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім саласындағы басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3.,Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Басқарманың орналасқан жері: индекс: 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Басқарманың миссиясы: Алматы облысы аумағында мектепке дейiнгі, жалпы орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсiптік бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк басқару қызметін тиімді іске асыру және балалардың құқығын қорғау болып табылады.15. Міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алып, олардың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
6) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
7) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк оңалту.
16. Функциялары:
1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;
3) балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;
5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
6) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
7) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
8) облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
9) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
10) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
11) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
12) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
13) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруды қадағалайды;
14) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
15) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
16) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
17) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
18) кәмелетке толмағандарға және әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын жүзеге асырады;
19) жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;
2) өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға;
3) өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар беруге;
4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың білім беру мекемелері мен ұйымдарында тексеру жүргізуге;
5) Басқарма құзыретіне жататын облыс әкімінің, әкімдігінің құқықтық және нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Басқарма басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
- Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
- өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері мен Басқарма қарамағындағы білім беру ұйымдары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
- Басқарма қарамағындағы білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады, ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек тәртібін қолдау жөнінде басқа да ықпал ету шараларын қолданады;
- Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
- өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Бастөбе сервистік-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жаркент көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қапал кәсіптік-техникалық колледжі" мемлкеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қапшағай көпсалалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қаскелең мәдениет колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Санджар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облысы білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көксу ауылшаруашылық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көлсай кәсіптік-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Заречный ауылындағы кәсіптік-техникалық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Заречный ауылындағы кәсіптік колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Сарыжаз кәсіптік техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талғар агробизнес және менеджмент колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талғар политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған агро-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған сервис және технология колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласындағы Қ.Байсеитов атындағы саз колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған заң колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Текелі кәсіптік колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Тоқжайлау политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Шонжы политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көксу политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Сарқан гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі" мемлекеттік кәсіпорыны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Шелек политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Сарқан политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы экономикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жауғашты ауылындағы кәсіптік-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
"Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласының "Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы № 24 "Экономика және бизнес" арнаулы лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Талдықорған қаласындағы "Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын № 20 арнаулы лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Жамбыл ауданының "Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы № 2 арнаулы гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданының "Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Талғар ауданының "Дарынды балаларға арналған Ю.Гагарин атындағы үш тілде оқытатын мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 8 арнаулы гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындығының өңірлік оқу- әдістемелік орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
"Есік кемтар балалар көмекші мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі";
"И.Нұсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекеме;
"Алматы облыстық №15 мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі;
"Қаскелең қосалқы мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесі;
"Облыстық нашар еститін және саңырау балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты" мемлекеттік мекеме;
"Талғар қаласындағы облыстық санаториялық үлгідегі мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі;
"Сарқан облыстық көмекші мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі;
"Талдықорған облыстық көмектес мектеп-интернаты" мемлекеттік мекеме;
"Панфилов облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған көмекші мектеп-интернаты" мемлекеттік мекеме;
"Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ш. Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Есік нашар көретін балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Алматы облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты" мемлекеттік мекеме;
"Айналайын" балалар үйінің" мемлекеттік мекемесі;
"Алматы облыстық № 1 балалар үйі" мемлекеттік мекемесі;
"Үштөбе балалар үйі" мемлекеттік мекемесі;
"Қапшағай қаласындағы №4 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті"мемлекеттік мекемесі;
"Текелі қаласындағы № 2 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" мемлекеттік мекемесі;
"Қаратал ауданының Үштөбе қаласындағы №3 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" мемлекеттік мекемесі;
"Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентінің №9 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" мемлекеттік мекемесі;
"Талдықорған қаласындағы №1 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" мемлекеттік мекемесі;
"Сарқан ауданының Сарқан қаласындағы №10 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" мемлекеттік мекемесі;
"Алакөл ауданының №11 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" мемлекеттік мекемесі;
"Ескелді ауданының №12 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" мемлекеттік мекемесі;
"Қарасай ауданының №13 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" мемлекеттік мекемесі;
"Еңбекшіқазақ ауданының №14 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" мемлекеттік мекемесі;
"Талғар ауданының №15 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" мемлекеттік мекемесі;
"Балқаш ауданының Бақанас ауылындағы №7 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" мемлекеттік мекемесі;
"Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы №8 психологиялық- педагогикалық коррекциялық кабинеті" мемлекеттік мекемесі;
"Алматы қаласындағы №1 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" мемлекеттік мекемесі;
"Талдықорған қаласындағы №2 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" мемлекеттік мекемесі;
"Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы №3 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" мемлекеттік мекемесі;
"Іле ауданының Өтеген-батыр кентінің №5 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" мемлекеттік мекемесі;
"Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы №6 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" мемлекеттік мекемесі;
"Алакөл ауданының Үшарал қаласындағы №4 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" мемлекеттік мекемесі;
"Райымбек ауданының Кеген ауылындағы №7 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" мемлекеттік мекемесі;
"Ақсу ауданының Жансүгіров кентіндегі №6 психолого-педагогикалық коррекциялық кабинеті" мемлекеттік мекемесі;
"Ұйғыр ауданының Шонжы ауылындағы №5 психолого-педогогикалық коррекциялық кабинеті" мемлекеттік мекемесі.