РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы "Текелі қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 27-172 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 17 сәуірде № 2675 тіркелген, 2014 жылы 25 сәуірде қалалық "Текелі тынысы" газетінің № 17 (3176) жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
33-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Айтқазы Кәкімұлы Шәкірбековке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
cессиясының төрағасы | В. Стрельцов |
Қалалық мәслихат | |
хатшысы | Н. Калиновский |