Жамбыл ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы N 29-188 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментімен 2014 жылы 06 наурызда N 2603 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 мамырдағы № 34-235 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 29.05.2014 № 34-235 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 Қаулысына, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, әлеуметтік сала, мәдениет, білім, денсаулық сақтау, құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Олжабеков С.Е

      Мәслихат хатшысы                           Жұрын С.М.

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жамбыл аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі мемлекеттік мекемесі
      басшысы                                    Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы
      10 ақпан 2014 жыл

      Жамбыл ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі мемлекеттік мекемесі
      басшысы                                    Келдібекова Ләйлә Қаракүшікқызы
      10 ақпан 2014 жыл

Жамбыл ауданы маслихатының
2014 жылғы 10 ақпандағы
"Жамбыл ауданындағы аз
қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы"
N 29-188 шешіміне қосымша

Жамбыл ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын
үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 Қаулысына, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ереже

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жамбыл ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушыларды (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй - жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      5. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      Тұрғын үй көмегі:
      1) мүгедектерден және стационарлық емделуден бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын тұлғалардан, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардан, студенттерден, тыңдаушылардан, курсанттар мен магистранттардан, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, жасы сексеннен асқан тұлғаларға, үш жасқа дейінгі балаларға күтім жасайтын азаматтардан басқа, еңбек етуге жарамды жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыз тұлғалары бар отбасыларына;
      2) уәкілетті орган ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан дәлелсіз себептермен бас тартқан жұмыссыздарға тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады.
      Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтылған отбасылар (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш береді және келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы);
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжат тапсырғанда өткен тоқсанның соңғы айының төлем түбіртектерінің көшірмесін ұсынуы қажет.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      8. Уәкілетті орган өтініштерді Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген мерзімде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындау үшін негіз болып табылады.
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне ықпал ететін барлық жағдайлар жөнінде хабарлайды.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегін алу құқығына және оның мөлшеріне ықпал ететін жағдайларды уақытылы хабарламағанда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықтау фактісі бойынша).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.
      10. Тұрғын үй көмегiн тағайындау бойынша уәкiлеттi орган құжаттардың көшiрмелерiн тексерiп, оларды тiркейді және өтiнiш берушiге құжаттарының қабылдағаны туралы растайтын құжат бередi.
      11. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 Бұйрығы негізінде есептеледі.
      12. Өтемақы төлемдерiмен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      13. Коммуналдық қызметті тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистік қызметті) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, олармен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) белгілеген кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.
      14. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда келесі нормалар ескеріледі:
      1) газ тұтыну – пешпен жылытатын тұрғын үйде тұратын отбасыларына – отбасына айына 10 килограмм (бір кішкене газ баллон);
      2) электр энергиясын қолдану: 1 адамға – бір айға 70 киловатт, 2 адамға – 140 киловатт, 3 адамға – 150 киловатт, 4 және одан да көп адамы бар отбасы үшін – бір айға 180 киловатт;
      3) сумен қамтамасыз ету нормасы - әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда – көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;
      4) қатты отынды қолданатындарға: пеш жағатын тұрғын үйлерге – жылыту маусымына төрт тонна көмір, бар қажетпен жабдықталған пәтерлерді жылыту үшін электр қуатын қолданатындарға төрт тонна көмірдің құны от жағу маусымына;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шоты.
      6) жеке үйде тұратын отбасыларға тағам дайындау үшін – 12,5 текше метр табиғи газ, көппәтерлі тұрғын үйлерде тағам дайындау үшін отбасына – 18,5 текше метр табиғи газ;
      7) 1 шаршы метр ауданды жылытуға жұмсалатын табиғи газ – 7 текше метр.

3. Қаржыландыру және төлеу

      15. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру аудан бюджетiнде тиiстi қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
      16. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті органмен екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.

4. Қорытынды

      17. Осы тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi және тәртiбiмен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Жамбылского района

Решение маслихата Жамбылского района Алматинской области от 10 февраля 2014 года N 29-188. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 06 марта 2014 года N 2603. Утратило силу решением Жамбылского районного маслихата Алматинской области от 29 мая 2014 года № 34-235

      Сноска. Утратило силу решением Жамбылского районного маслихата Алматинской области от 29.05.2014 № 34-235.

      Примечание РЦПИ:
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года N 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами", Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 05 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде", Жамбылский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Жамбылского района согласно приложения.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию "По вопросам занятости, связи с общественными объединениями, социальной сферы, культуры, образования, здравоохранения, правовой реформы и законности".
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        С. Олжабеков

      Секретарь маслихата                        С. Журын

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного
      учреждения "Жамбылский
      районный отдел занятости и
      социальных программ"                       Карымбаев Жаксылык Султанович
      10 февраля 2014 года

      Руководитель государственного
      учреждения "отдел экономики и
      бюджетного планирования
      Жамбылского района"                        Келдибекова Ляйля Каракучуковна
      10 февраля 2014 года

Приложение к решению
Жамбылского районного
маслихата от 10 февраля 2014
года N 29-188 "Об определении
размера и порядка оказания
жилищной помощи малообеспеченным
семьям (гражданам) Жамбылского
района"

Размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным
семьям (гражданам) Жамбылского района

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи разработан в соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 " Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года N 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и определяет размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

1. Общие положения

      1. В настоящих размерах и порядках оказания жилищной помощи используются следующие основные понятия:
      1) доля предельно-допустимых расходов – отношение предельно - допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;
      2) совокупный доход семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      3) орган управления объектом кондоминиума – физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;
      4) уполномоченный орган – "Отдел занятости и социальных программ Жамбылского района" государственное учреждение, осуществляющее назначение и выплату жилищной помощи;
      5) расходы на содержание жилого дома (жилого здания) – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и провеку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;
      6) малообеспеченные семьи (граждане) - лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи.
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Жамбылском районе на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам) проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимися собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.
      4. Жилищная помощь, оказывается, по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      5. Доля предельно допустимого уровня расходов устанавливается к совокупному доходу семьи в размере десяти процентов.
      Жилищная помощь не назначается:
      1) семьям, имеющих лиц трудоспособного возраста, которые не работают, не учатся, не служат в армии и безработным, не зарегистрированным в уполномоченных органах по вопросам занятости, кроме инвалидов и лиц, в период их нахождения на стационарном лечении более одного месяца, учащихся, студентов, слушателей, курсантов и магистрантов очной формы обучения, а также граждан, занятых уходом за инвалидами первой и второй группы, детьми-инвалидами до 18 лет, лицами старше 80 лет, детьми в возрасте до 3 лет;
      2) безработным, без уважительных причин отказавшимся от предложенного уполномоченным органом трудоустройства, в том числе на социальные рабочие место или общественную работу, от профессиональной подготовки, переподготовки.

2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      6. Расчетным периодом для начисления жилищной помощи считается квартал года, в котором подано заявление со всеми необходимыми документами.
      Малообеспеченные семьи (граждане), имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем или аренду, теряет право на получение жилищной помощи.
      7. Для назначения жилищной помощи гражданин (семья) обращается в уполномоченный орган или в центр обслуживания населения с заявлением и предоставляет следующие документы:
      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копию правоустанавливающего документа на жилище;
      3) копию документа, подтверждающего место жительства семьи (копию книги регистрации граждан или справка с адресного бюро);
      4) документы, подтверждающие доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;
      5) счет о размере ежемесячного взноса на содержание жилого дома (жилого здания);
      6) счета на потребление коммунальных услуг;
      7) квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      8) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом;
      Заявителю для назначения жилищной помощи необходимо предоставить копии оплаченных квитанций за последний месяц предыдущего квартала.
      Документы предоставляются в подлинниках и в копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      8. Уполномоченный орган рассматривает заявления в установленные законодательством Республики Казахстан сроки и принимает решение о назначении жилищной помощи или отказе в ней. Основанием для предоставления жилищной помощи является решение уполномоченного органа.
      9. Получатели жилищной помощи в течение пятнадцати календарных дней информируют уполномоченный орган о любых обстоятельствах, влияющих на право получения жилищной помощи или ее размер.
      В случаях, когда заявитель своевременно не известил об обстоятельствах, влияющих на право получения жилищной помощи или ее размер, перерасчет производится в следующем квартале (по факту обнаружения).
      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.
      10. Уполномоченный орган по назначению и выплате жилищной помощи проверяют копии документов, регистрируют их и выдают заявителю подтверждающий документ о принятии документов.
      11. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи расчитывается на основании Приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно – коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".
      12. Нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными выплатами, эквивалентны нормам предоставления жилья на каждого члена семьи, установленным законодательством.
      13. Нормы потребления коммунальных услуг эквивалентны нормам отпуска коммунальных услуг применяемых территориальным уполномоченным органом по регулированию естественных монополий (монополистической деятельности), при установлении ими тарифов (цен) на оказываемые услуги.
      14. При назначении жилищного пособия учитываются следующие нормы:
      1) потребление газа – семьям проживающим в жилом доме с печным отоплением – 10 килограмм (один маленький газовый баллон) в месяц на семью;
      2) потребление электроэнергии: на 1-го человека – 70 киловатт в месяц, на 2 человека – 140 киловатт, на 3 человека – 150 киловатт, для семьи из 4-х и более человек – 180 киловатт в месяц;
      3) нормы на водоснабжение – на каждого члена семьи, при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм;
      4) для потребителей твердого топлива: на жилые дома с печным отоплением – четыре тонны угля на отопительный сезон, благоустроенные квартиры использующие электроэнергию для отопления стоимость четырех тонн угля на отопительный сезон;
      5) на содержание жилого дома (жилого здания) согласно счета о размере целевого взноса;
      6) семьям, проживающим в частных домах 12,5 кубических метров природного газа для приготовления пищи, в многоквартирных жилых домах 18,5 кубических метров природного газа на семью для приготовления пищи;
      7) на отопление 1 квадратного метра площади природным газом – 7 кубических метров.

3. Финансирование и выплата

      15. Финансирование выплат жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.
      16. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.

4. Заключение

      17. Отношения, не урегулированные настоящим размером и порядком оказания жилищной помощи, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.