Қартал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 37-155 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 03 қарашада № 2902 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 09 тамыздағы № 10-37 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 09.08.2016 № 10-37 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қаратал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, заңдылықты, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы Б. Құмаров
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Б. Смаилов

  "Қаратал ауданының әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларын бекіту
туралы" Қаратал аудандық мәслихатының
2014 жылғы "27" қазандағы № 37-155
шешіміне қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидалары

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер-жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия-өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімнің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі-Алматы облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері-Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы-отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай-азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкiлеттi орган-жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;
      8) уәкілетті ұйым-"Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      9) учаскелік комиссия-әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама-әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      6. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбесі:
      1) 15 ақпан-Ауғаныстаннан кеңес әскерін шығарған күні;
      2) 26 сәуір-Чернобыль апатының күні;
      3) 9 мамыр-Жеңіс күні.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек алушылардың санатының тізбесі және шекті мөлшерлері:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері-76 айлық есептік көрсеткіш;
      2) женілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар-26 айлық есептік көрсеткіш;
      3) женілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар-26 айлық есептік көрсеткіш;
      4) женілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары-26 айлық есептік көрсеткіш;
      5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтар-5 айлық есептік көрсеткіш;
      6) Қазақстан Республикасының жоғары білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінің оқу ақысын төлеу үшін, әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа табысы, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, отбасы құрамында студенттері бар аз қамтылған отбасылар, табыстарын есепке алмай жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-500 айлық есептік көрсеткіш, бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде;
      7) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде-отбасына 200 айлық есептік көрсеткіш.
      Бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде байланыс қызметін (абоненттік төлем), қатты отын шығындарын, коммуналдық қызметтер шығындарын төлеуге Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
      Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздеме болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесін басшылыққа алады.
      8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Алматы облысының жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйым не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі-Үлгілік қағида) № 504 қаулысының 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжатты және/немесе актіні.
      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі-үш ай.
      12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағиданың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағиданың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      20. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда-негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      21. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру жергілікті бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
      27. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Каратальского района

Решение Каратальского районного маслихата Алматинской области от 27 октября 2014 года N 37-155. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 03 ноября 2014 года N 2902. Утратило силу решением Каратальского районного маслихата Алматинской области от 09 августа 2016 года № 10-37

      Сноска. Утратило силу решением Каратальского районного маслихата Алматинской области от 09.08.2016 № 10-37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Каратальский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Каратальского района, согласно приложению к настоящему решению.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата "По вопросам жилищно-коммунального хозяйства, транспорта и связи, бытового обслуживания, торговли, общественного питания, социально-культурного обслуживания населения, законности, правопорядка, обеспечения прав, свобод и защиты интересов населения".
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии
      районного маслихата Б. Кумаров
      Секретарь районного
      маслихата Б. Смаилов

  Приложение к решению Каратальского
районного маслихата от "27"
октября 2014 года № 37-155 "Об
утверждении Правил оказания социальной
помощи, установления размеров и
определения перечня отдельных
категорий нуждающихся граждан
Каратальского района"

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее-Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года за № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий граждан" и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:
      1) памятные даты-события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;
      2) специальная комиссия-комиссия, создаваемая решением акима города республиканского значения, столицы, района (города областного значения), по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;
      3) прожиточный минимум-необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины рассчитываемой органами статистики Алматинской области;
      4) праздничные дни-дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;
      5) среднедушевой доход семьи (гражданина)-доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;
      6) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;
      7) уполномоченный орган-исполнительный орган города республиканского значения, столицы, района (города областного значения), района в городе в сфере социальной защиты населения, финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи.
      8) уполномоченная организация-Республиканское государственное казенное предприятие "Государственный центр по выплате пенсий Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан";
      9) участковая комиссия-комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно–территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;
      10) предельный размер-утвержденный максимальный размер социальной помощи.
      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее-получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.
      4. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и статье 16 Закона Республики Казахстан 13 апреля 2005 "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.
      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).
      6. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания единовременной социальной помощи:
      1) 15 февраля-День вывода советских войск из Афганистана;
      2) 26 апреля-День Чернобыльской катастрофы;
      3) 9 мая-День Победы.

2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      7. Перечень категорий получателей и предельные размеры социальной помощи:
      1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны-76 месячных расчетных показателей;
      2) лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны-26 месячных расчетных показателей;
      3) лица, приравненные по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны-26 месячных расчетных показателей;
      4) другие категории лиц, приравненные по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны-26 месячных расчетных показателей;
      5) граждане имеющие социально-значимые заболевания-5 месячных расчетных показателей;
      6) дети-сироты и дети оставшиеся без попечения родителей без учета доходов, малообеспеченные семьи, имеющие в составе семьи студентов, со среднедушевым доходом не превышающим величину прожиточного минимума, установленного по области, предшествовавшем кварталу обращения за назначением социальной помощи на оплату стоимости за обучение на дневных отделениях в организациях высшего образования, технического и профессионального образования, послесреднего образования Республики Казахстан-500 месячных расчетных показателей в пределах средств, предусмотренных бюджетом на текущий финансовый год;
      7) при причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара-200 месячных расчетных показателей на семью.
      Ежемесячная социальная помощь без учета доходов оказывается участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, на оплату расходов за коммунальные услуги, расходов твердого топлива, услуг связи (абонентская плата) в размере 3 месячных расчетных показателей в пределах средств, предусмотренных бюджетом на текущий финансовый год.
      Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:
      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;
      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания;
      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму по области.
      Специальная комиссия при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются перечнем категорий получателей социальной помощи.
      8. К памятным датам и праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с местным исполнительным органом Алматинской области.
      9. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

3. Порядок оказания социальной помощи

      10. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому местным исполнительным органом по предоставлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.
      11. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму сельского округа представляет заявление с приложением следующих документов:
      1) документ, удостоверяющий личность;
      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;
      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к Постановлению Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года за № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий граждан" (далее-Типовые правила);
      4) сведения о доходах лица (членов семьи);
      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.
      Срок обращения за социальной помощью при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара-три месяца.
      12. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      13. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким сельского округа в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).
      14. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 Типовых правил и направляет их в уполномоченный орган или акиму сельского округа.
      Аким сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.
      15. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.
      16. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.
      17. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.
      18. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.
      19. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.
      В случаях, указанных в пунктах 15 и 16 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима сельского округа.
      20. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.
      21. По одному из установленных оснований социальная помощь в течение одного календарного года повторно не оказывается.
      22. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:
      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;
      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);
      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного местными представительными органами порога для оказания социальной помощи.
      23. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных местным бюджетом на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      24. Социальная помощь прекращается в случаях:
      1) смерти получателя;
      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы соответствующей административно-территориальной единицы;
      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;
      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.
      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.
      25. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      26. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".
      27. Отношения, не урегулированные настоящими Правилами, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.