Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 30.06.2016 № 223 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына және 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы "Көксу ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" №14 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 12 ақпанында №2571 тіркелген, "Нұрлы көксу" газетінде 2014 жылғы 21 ақпанда №7 (4683) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасының алтыншы бағанындағы "Ең төменгі еңбекақы" сөздері "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшерінде" сөздеріне өзгертілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы | М. Бейсенов |