Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің 02.04.2024 № 127 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Тоқпейісов |
Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "08" тамыздағы "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Eрежесін бекіту туралы" № 278 қаулысына қосымша |
"Көксу ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
1) "Көксу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қуаныш" бөбек жай-бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
2) "Көксу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдәурен" бөбек жай-бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
3) "Көксу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Алпамыс" бөбек жай-бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
4) "Көксу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ер Төстік" бөбек жай-бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
5) "Көксу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" бөбек жай-бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
6) "Көксу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бөбек жай-бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
7) "Көксу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қызғалдақ" бөбек жай-бал бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
8) "Көксу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жұлдыз" бөбек жай-бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
9) "Көксу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балауса" бөбек жай-бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
10) "Көксу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Күншуақ" бөбек жай-бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
11) "Көксу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балбөбек" бөбек жай-бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
12) "Көксу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Еркем- ай" бөбек жай-бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
13) "Көксу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Көксу аудандық музыкалық мектеп" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
14) "Көксу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" балалардың демалыс және дамыту орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
15) "Қазақ орта мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) "Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) "Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №5 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) "Темірғали Исабаев атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) "Жетіжал орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Бесқайнар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23) "Амангелді атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлекетік мекемесі;
24) "Сындыбала Қырықбаева атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25) "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұқаншы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26) "Алғабас орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) "Еңбекшіқазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) "Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29) "Жамбыл атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30) "Талапты орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31) "Ақын Қабан Жырау атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32) "Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33) "Қазақстанның 10 жылдығы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34) "Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35) "Жеңіс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36) "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №12 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37) "Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Биғайша Құндақбаева атындағы № 1 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жедел басқаруындағы "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қаратал бастауыш мектебі";
38) "Орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 38 үй, пошталық индекс 041200.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы ереже "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жүзеге асырылады.
13. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
міндеттері
14. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
1) білім саласындағы мемлекет саясатын аудан аумағында жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңдарын, білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім берудің мемлекеттік стандарттарын және басқа нормативтік құжаттардың орындалуына бақылау жасау;
2) тұлғаның рухани және дене өсуінің мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік және ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру, зияткерлігін байыту арқылы тұлғалық дамуына жағдай жасау бойынша мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерінің жұмыстарын үйлестіру;
3) аудандық оқу орындары қызметінің бағыты жоғары азаматтықпен полимәдениетті тұлғаны, қазақстандық патриотизмді, тұлғаның отбасы, халық, қоғам мен мемлекет алдындағы құқығы мен міндеттер сезінуге, эстетикалық тәрбиеге бағытталған шығармашылық қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу;
4) қазақ халқының, сондай-ақ ауданда тұрып жатқан басқа ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрін зерттеу үшін жағдай жасау;
5) әскер қатарына шақырылатын жастардың психологиялық және дене дайындығы жүктемесінің төзімділігін арттыру мақсатында спортпен шұғылдандыру қамтамасыз ету;
6) семинарлар және басқа да оқу түрлерін, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру және өткізу.
15. Міндеттері:
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру мекемелерін басқарады;
2) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастырады;
3) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қамқоршылық және қорғаншылық жасауды ұйымдастыруға, оларды балалар үйлеріне немесе интернаттық ұйымдарға орналастыруға қатысады;
4) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жергілікті бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуіне бақылау жасауды ұйымдастырады және оны өз құзыреті шегінде жүргізіп отырады;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орта білім беру, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, мектептен тыс мемлекеттік ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларын тағайындайды және босатады;
6) мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық мағлұматтарды беріп отырады;
7) аймақтық деңгейде педагог кадрларды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыруға ықпал жасайды;
8) білім берудің басқару жүйесінің білім беру мониторингін және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
9) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
10) білім беру мекемелерінде мемлекеттік аралық бақылауды өткізуді ұйымдастырады;
11) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
12) оқу-әдістемелік жұмысты жүргізуді үйлестіреді және басшылықты жүзеге асырады;
13) білім мекемелерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
14) жергілікті маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;
15) жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды өткізуді ұйымдастырады;
16) ведомстволық бағынысты мекемелерде белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асырады;
17) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы үшін міндетті жазбаша нұсқамалар береді;
18) аудан тұрғындарына жалпы орта білім алу үшін теңдей мүмкіншілік жасайды.
16. Функциялары:
1) мүлікті коммуналдық мемлекеттік мекемеге бекітіп береді;
2) коммуналдық мемлекеттік мекемені ұстауға (шығын жоспарын) сметаны бекітеді;
3) коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;
4) коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару органдарының құзырының мерзімін және құру тәртібін, құрылымын анықтайды;
5) коммуналдық мемлекеттік мекемеге жауапты басшысының міндеттерін, құқықтарын және оны атқаратын лауазымынан босату негізін анықтайды;
6) жылдық қаржылық есептерді бекітеді;
7) заңнамамен белгіленген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық-талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға құқылы;
2) өз құзыретінің шегінде білім мекемелерінен, жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ресми түрде құжаттар мен ақпараттарды сұрауға және алуға құқылы;
3) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша білім мекемелердің жұмысын реттейді;
4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстылықтағы білім мекемелері басшыларының жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді;
5) аудандық сотпен, аудандық тұрғындарды еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімімен, аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен, кәмелетке толмаған балалар жөніндегі инспекциямен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларды қорғаншылық пен қамқоршылыққа алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша бірлескен жұмыстар атқарады.
3. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру
18. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшысы жүзеге асырады.
19. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан Әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары жоқ.
21. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;
3) мекеме мүлкіне иелік етеді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар береді;
4) банктік есепшоттар ашады, келісімдер жасайды;
5) барлық жұмыскерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
6) жұмыскерлерді марапаттау шараларын қабылдайды және тәртіптік шаралар қолданады;
7) заңнамаға сәйкес бағыныстылықтағы мекемелердің директорларын және меңгерушілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
8) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауда дербес жауапкершілікте болады;
9) мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады және өткізеді;
10) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзіне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін мемлекеттік сатып алулардың әкімшісі ретінде шығады;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасымен және осы Ережемен өзіне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
"Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын"Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.
4. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта
ұйымдастыру және тарату
26. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі