Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 26.04.2024 № 8-22-103 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау көрсетілсін.
2. Панфилов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 сәуірдегі "Панфилов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау көрсету туралы" N 5-15-116 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 23 сәуірде N 2344 тіркелген, 2013 жылғы 9 мамырдағы аудандық "Жаркент өңірі" газетінің N 18 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат, спорт және жастар ісі жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Темірбаев |
Мәслихат хатшысы | Т. Оспанов |
"КЕЛIСIЛДI" | |
Панфилов ауданының экономика | |
және бюджеттік жоспарлау бөлімі" | |
мемлекеттік мекеменің | |
басшысы | Рамазанова Сәуле Қасымқанқызы |
"2" сәуір 2014 жыл