"Есеп саясатын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылғы 16 шілдедегі № 9590 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 116-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы
7 қыркүйектегі № 444 «Есеп саясатын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6505 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 263 (26324) жарияланған), мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есеп саясатында:
      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауы және ұсынуы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару
жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған
қаржылық есептілікті жасау ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8913 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
      14-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жылдық қаржылық есептілік есептіден кейінгі жылдың
1 қаңтарындағы жағдай бойынша жасалады. Жарты жылдық қаржылық есептілік ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жасалады.»;
      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және осы есеп саясатын сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар беруі мүмкін.»;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Теңгерімнен қорларды есептен шығару таңдау бойынша мынадай:
      1) ерекшелікті сәйкестендіру;
      2) орташа өлшем құны әдістерін қолдана отырып жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 79-1-тармақпен толықтырылсын:
      «79-1. Концессия шарттары бойынша активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп ережесінің «Концессия шарттары бойынша активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі» бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      80-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын;
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментіне (З.А. Ерназарова) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің Орынбасары
      – Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 сентября 2010 года № 444 "Об утверждении учетной политики"

Приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 16 июня 2014 года № 275. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 июля 2014 года № 9590

      В соответствии с пунктом пунктом 2 статьи 116 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 сентября 2010 года № 444 «Об утверждении учетной политики» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6505, опубликованный от 6 октября 2010 года № 263 (26324) в газете «Казахстанская правда») следующие изменения и дополнение:
      в Учетной политике, утвержденной указанным приказом:
      часть вторую пункта 13 изложить в следующей редакции:
      «Составление и представление консолидированной финансовой отчетности администраторами бюджетных программ осуществляется в соответствии с Правилами составления консолидированной финансовой отчетности администраторами бюджетных программ и местными уполномоченными органами по исполнению бюджета, утвержденными приказом Министра финансов Республики Казахстан от 30 октября 2013 года № 500 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8913).»;
      часть третью пункта 14 изложить в следующей редакции:
      «Годовая финансовая отчетность составляется по состоянию на 1 января года, следующего за отчетным. Полугодовая финансовая отчетность составляется по состоянию на 1 июля текущего финансового года.»;
      часть первую пункта 16 изложить в следующей редакции:
      «16. Администраторы бюджетных программ по согласованию с центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета могут издавать указания о порядке применения общих положений по бухгалтерскому учету в государственных учреждениях своей системы с учетом специфики их деятельности и соблюдением порядка ведения бухгалтерского учета в государственных учреждениях и настоящей учетной политикой.»;
      пункт 32 изложить в следующей редакции:
      «32. Списание запасов с баланса производится с использованием по выбору методов:
      1) специфической идентификации;
      2) средневзвешенной стоимости.»;
      дополнить пунктом 79-1 следующего содержания:
      «79-1. Порядок учета активов и обязательств по договорам концессии осуществляется в соответствии с разделом «Порядок учета активов и обязательств по договорам концессии» Правил бухгалтерского учета»;
      часть третью пункта 80 исключить:
      2. Департаменту методологии бюджетных процедур Министерства финансов Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в установленном порядке официальное опубликование настоящего приказа;
      3) размещение настоящего приказа на веб-портале Министерства финансов Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Департамент методологии бюджетных процедур (Ерназарова З. А.) Министерства финансов Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
 
 

      Заместитель Премьер - Министра
      Республики Казахстан – Министр
      финансов Республики Казахстан

Б. Султанов