Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 56 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 2149 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 29.01.2015 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1, 2 қосымшаларға сәйкес:
      1) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері;
      2) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруға жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Жолдасбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
      Г.С. Исаева
      "26" наурыз 2014 жыл

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 19-шы наурыздағы
№ 56 қаулысына 1-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі


Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Ірі қара мал шаруашылығы

1
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу

бас

2 801,82

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 19-шы наурыздағы
№ 56 қаулысына 2-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруға жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар

Р/с№

Субсидиялау бағыттары

Өлшемдер мен талаптар

1.
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу
1. Ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруға қажетті құрал жабдықтардың болуы;
2. Азот және бұқа ұрықтарын таситын арнайы техниканың болуы;
3. Арнайы жануарларды қолдан ұрықтандырушы маманның болуы;
4. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттының болуы;
5. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасы;
6. Ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық басына ұрықтандыру актісінің және тексеру жүргізу актісі;
7. Отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарын есепке алмағанда) ұрықты сатып алуға шарттың болуы.

      

Об утверждении нормативов субсидий на возмещение до 100% затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, а также критерии и требования к поставщикам

Постановление акимата Жамбылской области от 19 марта 2014 года № 56. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 8 апреля 2014 года № 2149. Утратило силу постановлением акимата Жамбылской области от 29 января 2015 года № 11

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жамбылской области от 29.01.2015 № 11 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2014 года № 103 "Об утверждении Правил субсидирования из местных бюджетов на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства" акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить согласно приложениям 1, 2:

      1) норматив субсидий на возмещение до 100 % затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсоных хозяйствах;

      2) критерии и требования к поставщикам по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление сельского хозяйства акимата Жамбылской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) обеспечить размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе Акимата Жамбылской области.

      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима области М. Жолдасбаева.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области К. Кокрекбаев

      И.о. Министра сельского хозяйства

      Республики Казахстан

      Г.С. Исаева

      26 марта 2014 год

  Приложение № 1
к постановлению акимата
Жамбылской области
№ 56 от 19 марта 2014 года

Норматив субсидий на возмещение до 100 % затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах

Направление субсидирования

Единица измерения

Нормативы субсидий за 1 единицу, тенге

1

Возмещение до 100 % затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах

голов

2 801,82

  Приложение № 2
к постановлению акимата
Жамбылской области
№ 55 от 19 марта 2014 года

Критерии и требования к поставщикам по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах

№ п/п

Направление субсидирования

Критерии и требования

1

2

3

1.

Возмещение до 100 % затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах

1. Наличие инструментов для проведения искусственного осеменения маточного поголовья крупного рогатого скота;
2. Наличие спецтехники для подвоза азота и семени быков производителей;
3. Наличие осеменатора поискусственному осеменению животных;
4. Наличие договора по оказанию услуг по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах;
5. Справку-расчет затрат по оказанию услуг по искусственному осеменению одной головы маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах;
6. Наличие акта осеменения и акта обследования осемененного маточного поголовья крупного рогатого скота;
7. Наличие договора на приобретение семени у отечественного племенного центра (за исключением племенных центров).