Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде «Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Қаржы бөлімі) алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әзімхан Қилыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Шүкеев
Байзақ ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 188 қаулысына қосымша
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың
таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі келесідей айқындалады:
Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін |
Таза табыс сомасынан 5 пайыз |
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін |
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз |
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін |
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз |
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін |
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз |
Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін |
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз |
Таза табыс 1000 000 001 теңге және одан жоғары |
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз |