Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 мамырдағы № 42-3 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жамбыл ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 27-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2079 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 123-124 "Шұғыла-Радуга" газетінде жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген, Жамбыл ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасының 3-тармағының 4) тармақшасы және 4-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылыс, жер, халықтың денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді, ана мен баланы қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жамбыл аудандық мәслихаты | Жамбыл аудандық |
сессиясының төрағасы: | мәслихаты хатшысы: |
Б. Ералиев | Р. Бегалиев |