"Жамбыл аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 30-4 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 сәуірде № 2163 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 шілдедегі № 28-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 19.07.2018 № 28-5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоланысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 және "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қосымша беріліп отырған "Жамбыл аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік–құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихаты Жамбыл аудандық
      сессиясының төрағасы: мәслихат хатшысы:
      Б. Ералиев Р. Бегалиев

  Жамбыл аудандық мәслихатының
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 29–8 шешімімен бекітілген

"Жамбыл аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекеменің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекеме (әрі қарай "мәслихат Аппараты"), Жамбыл аудандық мәслихаттың оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. "Жамбыл аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – "мәслихат Аппараты") өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мәслихат аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты мәслихат хатшысының өкімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін құқықтық кесімдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі № 123 үй, пошталық индекс: 080200.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жамбыл аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Мәслихат аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппараты функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Мәслихат аппаратының миссиясы: Жамбыл аудандық мәслихаттың оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету.

      15. Міндеттері: Жамбыл аудандық мәслихатының ұйымдық және сессиялық қызметін қамтамасыз ету.

      16. Функциялары:

      1) мәслихаттың аудан әкімі аппаратымен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және өзін-өзі басқару органдарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шеңберінде өзара іс-қимылын жүзеге асырады;

      2) өз жұмысын мәслихаттың, оның тұрақты және басқа да комиссияларының жұмыс жоспарына сәйкес жасалған ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарлары негізінде жүргізеді;

      3) мәслихат депутаттарына өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға, азаматтарды қабылдауды, есептерді және сайлаушылармен кездесулерді ұйымдастыруға тәжірибелік көмек және ықпал көрсетеді, оларды қажетті анықтама материалдарымен қамтамасыз етеді, мәслихатқа түскен ақпараттарды талдайды;

      4) мәслихат сессияларында депутаттар айтқан ұсыныстар мен сын-ескертпелерді орындалуы бойынша іс шаралар жасауды ұйымдастырады, тұрақты комиссиялармен бірлесе отырып, олардың орындалу барысына бақылауды жүзеге асырады;

      5) депутаттық сұраулардың уақытылы қаралуына есеп және бақылау жүргізеді;

      6) әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша материалдар әзірлеуге қатысады, депутаттардың оқуын жүзеге асырады, барлық деңгейдегі мәслихаттардың озық тәжірибесін жинақтап, оны іс жүзіне асырады;

      7) іс жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді, мәслихат аппаратында құжаттармен жұмыстың түрлері мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды, олардың уақытында орындалуына бақылау қояды;

      8) баяндамалардың, шешімдердің, анықтамалардың және мәслихат қызметі бойынша басқа да құжаттардың жобаларын дайындауды ұйымдастырады, мәслихат шығарған нормативтік өкімдік құжаттардың түпнұсқаларын дайындауды, шығаруды және сақтауды қамтамасыз етеді, мәслихат сессияларының хаттамаларын жүргізеді, талапқа сай етіп әзірлейді;

      9) белгіленген тәртіп бойынша кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға, мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының шешімдерін жеткізеді;

      10) азаматтардың хаттарын, арыздары мен шағымдарын есепке алуды, тіркеуді жүргізеді, олардың уақытылы қаралуын ұйымдастырады;

      11) құжаттарды басуды, көшірмесін түсіруді және жедел көбейтуді қамтамасыз етеді;

      12) материалдарды рәсімдеу, сақтау және уақытылы мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді;

      13) аппарат қызметкерлерінің жеке іс құжаттарын есепке алуды ұйымдастырады.

      17.Құқықтары мен міндеттері:

      Құқықтары:

      1) мәслихат депутаттарынан олардың қызметі жөніндегі мәселелер бойынша мәліметтер, ақпараттар сұратуға;

      2) өзінің қызмет барысында пайда болған ұсыныстарды мәслихат қарауына енгізуге;

      3) тиісті мемлекеттік және қоғамдық органдардан, заңды тұлғалардан жұмысқа қажетті құжаттар мен материалдар сұратуға;

      4) мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және ғылыми мекемелердің қызметкерлерін мәслихаттың және оның комиссияларының қарауына ұсынылған мәселелерді дайындауға қатысу үшін тартуға;

      5) тиісі бойынша мемлекеттік және қоғамдық органдарға, заңды тұлғаларға қарау үшін депутаттық сауалдарды, ұсыныстарды, азаматтардың арыз және шағымдарын жолдауға;

      Міндеттер:

      1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;

      2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;

      3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;

      4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Мәслихат аппаратына басшылықты аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын мәслихат хатшысы жүзеге асырады.

      19. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.

      20. Мәслихат хатшысы орынбасарлары болмайды.

      21. Мәслихат хатшысының өкілеттігі:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;

      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;

      6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

      6-1) осы Заңына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

      8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;

      9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;

      10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

      11) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.

      Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

      22. Мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын мәслихат хатшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      24. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения государственного учреждения "Аппарат Жамбылского районного маслихата"

Решение маслихата Жамбылского района Жамбылской области от 18 марта 2014 года № 30-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 17 апреля 2014 года № 2163. Утратило силу решением Жамбылского районного маслихата Жамбылской области от 19 июля 2018 года № 28-5

      Сноска. Утратило силу решением Жамбылского районного маслихата Жамбылской области от 19.07.2018 № 28-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указами Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" и от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата" Жамбылский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое положение государственного учреждения "Аппарат Жамбылского районного маслихата".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Жамбылского районного маслихата по вопросам социально-экономического развития района, по бюджету, местным налогам и вопросам городского хозяйства.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня его государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Секретарь
      Жамбылского Жамбылского
      районного маслихата: районного маслихата:
      Б. Ералиев Р. Бегалиев

  Утверждено решением
Жамбылского районного
маслихата от 18 марта 2014 года
№ 30–4

Положение государственного учреждения "Аппарат Жамбылского
районного маслихата"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Жамбылского районного маслихата" (далее – "Аппарат маслихата") является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере обеспечения деятельности соответствующего маслихата, его органов и депутатов.

      2. Аппарат Жамбылского районного маслихата не имеет ведомства.

      3. Государственное учреждение "Аппарат Жамбылского районного маслихата" (далее – аппарат маслихата) осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      7. Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает правовые акты, оформляемые распоряжениями секретаря маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности аппарата маслихата утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      9. Местонахождение: Республика Казахстан, Жамбылская область, Жамбылский район, село Аса улица Абая.123, почтовый индекс: 080200.

      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Аппарат Жамбылского районного маслихата".

      11. Настоящее Положение является учредительным документом

      аппарата маслихата.

      12. Финансирование деятельности аппарата маслихата осуществляется из местного бюджета.

      13. Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями аппарата маслихата.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного органа

      14. Миссия аппарата маслихата: обеспечивающее деятельность Жамбылского районного маслихата, его органов и депутатов.

      15. Задачи: Обеспечение организационной и сессионной деятельности Жамбылского районного маслихата.

      16. Функции:

      1) осуществляет взаимодействие маслихата с аппаратом акима района, трудовыми коллективами, предприятиями, организациями, учреждениями и органами самоуправления, в пределах полномочий, представленных законодательством Республики Казахстан;

      2) ведет свою работу на основе перспективных и текущих планов, составляемых в соответствии с планами работы маслихата, его постоянных и иных комиссий;

      3) оказывает практическую помощь и содействие депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, организации приема граждан, отчетов и встреч с избирателями, обеспечивает их необходимыми справочными материалами, обобщает поступающие в маслихат информации;

      4) организует разработку мероприятий по выполнению критических замечаний и предложений, высказанных депутатами на сессиях маслихата, осуществляет совместно с постоянными комиссиями контроль за ходом их выполнения;

      5) осуществляет учет и контроль за своевременным рассмотрением депутатских запросов;

      6) участвует в подготовке материалов по вопросам административно-территориального устройства, осуществляет учебу депутатов, обобщает и внедряет в практику передовой опыт работы маслихатов всех уровней;

      7) обеспечивает единый порядок делопроизводства, разрабатывает предложения по совершенствованию форм и методов работы с документами в аппарате маслихата, осуществляет контроль за своевременным их исполнением;

      8) организует подготовку проектов докладов, решений, справок и других документов по вопросам деятельности маслихата, обеспечивает оформление, выпуск и хранение подлинников нормативно-распорядительных документов, издаваемых маслихатом, осуществляет ведение, соответствующее оформление протоколов сессий маслихата;

      9) доводит в установленном порядке до предприятий, учреждений и организаций, должностных лиц и граждан решения маслихата и его постоянных комиссий;

      10) осуществляет учет и регистрацию писем, заявлений и жалоб граждан, организует своевременное их рассмотрение;

      11) обеспечивает печатание, копирование и оперативное размножение документов;

      12) обеспечивает оформление, хранение и своевременную передачу материалов в архив;

      13) организует учет личных дел работников аппарата.

      17. Права и обязанности:

      Права:

      1) запрашивать у депутатов маслихата сведения, информацию по вопросам их деятельности;

      2) вносить на рассмотрение маслихата предложения, возникающие в процессе своей деятельности;

      3) запрашивать у соответствующих государственных и общественных органов, юридических лиц для работы документы и материалы;

      4) привлекать работников государственных органов, общественных организаций и научных учреждений для участия в подготовке вопросов, вносимых на рассмотрение маслихата и его постоянных комиссий;

      5) направлять по принадлежности в государственные и общественные органы, юридическим лицам для рассмотрения по существу депутатские запросы, предложения, заявления и жалобы граждан;

      Обязанности:

      1) не допускать принятия решений, не соответствующих основным направлениям внутренней и внешней политики;

      2) соблюдать интересы Республики Казахстан в обеспечении национальной безопасности;

      3) придерживаться общегосударственных стандартов, устанавливаемых в общественно значимых сферах деятельности;

      4) обеспечивать соблюдение прав и законных интересов граждан.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство аппарата маслихата осуществляется секретарем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат маслихата задач и осуществление им своих функций.

      19. Секретарь маслихата является должностным лицом, работающим на постоянной основе. Он избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии. Секретарь маслихата избирается на срок полномочий маслихата.

      20. Секретарь маслихата не имеет заместителей.

      21. Полномочия секретаря маслихата:

      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, обеспечивает составление протокола и вместе с председателем сессии подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;

      2) содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;

      3) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;

      4) руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;

      5) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;

      6) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;

      6-1) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии настоящего Закона;

      7) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;

      8) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата, и депутатских групп;

      9) представляет маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;

      10) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет

      меры по контролю за их исполнением;

      11) выполняет по решению маслихата иные функции.

      При отсутствии секретаря маслихата по решению председателя сессии маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.

      22. Аппарат маслихата возглавляется секретарем маслихата, избираемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      23. Аппарат маслихата может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      24. Имущество, закрепленное за аппаратом маслихата, относится к коммунальной собственности.

      25. Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение аппарата маслихата осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.