Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 10.09.2020 № 73-3 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Қордай ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық–инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық |
сессиясының төрағасы | мәслихаттың хатшысы |
М. Қасенов | Б. Әлімбет |
Қордай аудандық мәслихатының 2014 жылғы "2" сәуірдегі № 28-9 шешімімен бекітілген |
Қордай ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қордай ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары (әрі қарай - Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуіріндегі Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, қоқысты әкету қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
қызмет көрсетуші – коммуналдық қызметтерді көрсетумен айланысатын заңды немесе жеке тұлға;
өтініш иесі (жеке тұлға) – жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тұлға;
уәкілетті орган – "Жамбыл облысы, Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен Қордай ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
3) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
4. Қордай ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
5. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Отбасының (азаматтардың) шекті ұйғарынды шығындарының үлесі отбасының (азаматтардың) жиынтық табысының 7 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
6. Тұрғын көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына" сәйкес анықталады.
7. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш қабылдау ағымдағы тоқсанның ішінде жүргізіледі және тоқсанға толығымен тағайындалады.
8. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын жайы (үйі,пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларыға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Мүгедектерді, магистратураны қоса алғандағы күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбек етуге қабілеті болса да жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекіткен Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін көшірме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асыра алмайды.
11. Тұрғын үй көмегін алушылар он күн ішінде қандай да болсын тұрғын үй меншігі нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендері туралы және тұрғын үй көмегі мөлшеріне әсер ететін басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегін дұрыс емес есептеген жағдайда уәкілетті органға хабарлайды.
12. Тұрғын үй көмегінен заңсыз алынған сомалар алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
13. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормалары ескеріледі:
1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының нормалары:
жеке басты азаматтар үшін – 30 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
екі және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әрбір мүшесіне 18 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
2) электр қуатын тұтыну нормасы (айына) - отбасының әрбір мүшесіне 80 киловатт;
бес және одан да көп мүшелі отбасына – 200 киловатт;
3) газ шығындарының нормасы (айына):
газ жылыту пешінің (1 шаршы метрге) - 7,88 текше метр;
газбен ас дайындау (отбасының әрбір мүшесіне) - 22 текше метр;
Коммуналдық кызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистік қызметті) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіткен кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.
3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
14. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын өтеу өтемақы соммалары уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
4. Қорытынды ережелер
15. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.