РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д. Әбдіқасымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Қ. Иманалиев |
Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 386 қаулысымен бекітілген |
"Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкімнің және әкімдік қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
"Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің атынан мемлекет болып табылады.
3. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080400, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:аудан әкімдігінің және әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
15. Міндеттері:
1) аудан әкімдігі жұмыс Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;
2) аудан аумағында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және жергілікті атқарушы органдармен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
Функциялары:
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар жұмысына талдау жүргізеді, аудан әкіміне, әкімдігіне және жоғары тұрған органдарға олардың сұраған мәселелері бойынша ақпарат беру;
- 7 түрі бойынша азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу (тууды, некені қию, некені бұзу, әке болуды анықтау, бала/қыз асырап алу, тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды, қайтыс болуды тіркеу);
- азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қайталама куәліктер, анықтамалар беру;
- "АХАЖ ТП", "ХҚКО ИАЖ" жүйесін жүргізу;
- e.gov.kz электронды Үкімет порталы бойынша қызмет көрсету;
- азаматтық хал актілерін тіркеу туралы ақпараттық қызмет көрсету;
- мемлекеттік органдарымен қарым-қатынас орнату және тізім, есеп беру тағы да басқа;
- бақылау қадағалау өкілеттілігі берілген мемлекеттік органдарына ақпарат беру;
- өзінің өкілеттігі бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету (Минск, Кишинев Конвенция бойынша);
- азаматтардың жүгінуі бойынша қызмет көрсету;
- нотариус, адвокаттардың сұранысы бойынша жауап қайтару;
- әділет органдарына есеп беру;
- мемлекеттік ұйым, органдарынан олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты сұрату және қайтару.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Қордай аудандық әкімдігінің 02.02.2015 № 45 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2) аудан әкімі аппаратының тоқсан сайын жұмыс жоспарын дайындау;
3) аудан әкімінің, әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
4) аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әділет органында тіркеуді және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
5) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда атқарушы тәртіп жағдайына талдау жүргізу және осы мәселе бойынша аудан әкімін ақпараттандыру;
6) аудан әкімі аппаратының жұмысын, әкімдік отырыстарының, мәжілістердің, семинарлардың және басқа да іс-шаралардың өткізілуін жоспарлайды, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастыру;
7) әкім шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларын, аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарының жобаларын әзірлеу;
8) әкімнің, әкімдіктің, аудан әкімі аппараты басшысының актілерін тіркеуді және таратуды жүзеге асырады;
9) әкім және әкімдік жанындағы консультативтік-кеңестік органдардың, аудан әкімі аппараты жанындағы комиссиялардың қызметін қамтамасыз етеді;
10) аудан әкімдігінің отырыстарын, аудан әкімінің мәжілістерін, әкім күндерін, бақылау сағаттарын, құқықтық жалпыға міндетті оқытуды және өзге де іс-шараларды дайындауды және өткізуді жоспарлайды және ұйымдастырады, материалдарды, мәжіліс хаттамаларын ресімдеу және таратуды жүзеге асырады;
11) ауданның мемлекеттік органдарымен және әкім аппаратының арасындағы ұйымдастыру және ақпараттық байланысты жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық органдарының, сонымен қатар, облыс әкімінің және әкімдігінің актілерімен тапсырмаларының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның жергілікті атқарушы органдарымен орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
13) әкімнің және әкімдік мүшелерінің кіріс құжаттарын уақытылы қарауын ұйымдастырады, олардың алғашқы өңделулерін, алдын-ала қаралуын, тіркелуін, сақталуын, есебін, жеткізілуін және таратылуын жүзеге асыру;
14) әкімнің, әкімдіктің, аудан әкімі аппаратының қызметтерін құжаттамалық қамтамасыз етуді, оның ішінде, құпия іс жүргізуді жүзеге асырады, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құпиялық тәртіпті қамтамасыз ету;
15) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін жүзеге асыру;
16) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыру;
17) ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік басқару органдарының азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-әрекетін ұйымдастыратын әкімдіктің ресми сайтын қолдауды және дамытуды қамтамасыз ету;
18) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадрлар мониторингін жүзеге асыру;
19) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды, тағылымдамадан өтуін, тәлімгерлікті, қызметін бағалауды ұйымдастыру;
20) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін аттестаттауды, конкурстық таңдауды, қызметте өсуін, тәртіптік жазаға тартуды, жұмыстан босатуды ұйымдастыру және жүргізу;
21) ауданда ақпараттандыру деңгейін арттыру және ақпараттық жүйелерді дамыту жөніндегі жұмысты жүргізу;
22) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруды қамтамасыз ету;
23) ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін электрондық қызметтерді дамыту бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға көмек көрсету;
24) мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
25) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есептеуді және қарауды қамтамасыз етеді, әкімнің, әкім орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының азаматтарды жеке қабылдау жүргізулерін ұйымдастыру;
26) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Құқықтары мен міндеттері:
1) соттарда, тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынаста аудан әкімінің, әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының мүдделерін ұсыну;
2) аудан әкімінің, әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдарының, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
4) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;
5) әр деңгейдегі әкімдіктердің мәжілістеріне, жергілікті атқарушы органдардың алқаларына, жиналыстарына қатысуға;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
7) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына тексерулерді тұрақты негізде жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға;
9) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
10) облыс және аудан әкімдігінің, сонымен қатар ҚР Үкіметінің мәжілісінің қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға ауылдық округ әкімдері аппараттарының, бөлімдердің және басқа да республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын органдардың қызметкерлерін қатыстыруға;
11) мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға;
12) әкімдік, әкімнің және әкім аппараты атынан сотта талапкер және жауапкер болуға;
13) "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
16. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.17. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары жок.
19. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, азаматтармен өзара қарым-қатынаста аудан әкімі аппаратының атынан өкілдік ету және сенімхат беру;
2) әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуы және аппараттың өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;
3) аудан әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының болашақтағы және ағымдағы қызметін жоспарлауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, облыс және аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің, облыс және аудан әкімдіктері қаулыларының орындалуына бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
5) бақылау мәселелері бойынша аудан әкімі аппараты бөлімдерінің, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және бөлімдердің жұмысын үйлестіреді;
6) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік қызметшілерінің аттестаттау, конкурстық таңдау, қызметте өсу, тәртіптік жазаға тарту, тағылымдамадан өту, тәлімгерлікті, тиімділігін бағалау, біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды өткізу бойынша қызметтерді қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
7) аудан әкімдігінің отырыстарының өткізілуін, отырыстарды дайындауды және өткізуді ұйымдастыру;
8) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда атқарушы тәртіп жағдайына талдау жүргізу, аудан әкімін ақпараттандыру;
9) сайлау өткізу, аудан сайлаушыларының тізімін, алқа отырысына алғашқы кандидаттардың тізімін жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
10) құзыретіне кіретін және аудан әкімінің шешімін талап етпейтін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен хат алысулар жүргізу;
11) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
12) еңбек шарты бойынша қабылданған қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмысқа тағайындайды, босатады, тәртіптік жауапкершілікке тартады, марапаттау, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешу, іссапар құжаттарын рәсімдейді, жыл сайынғы еңбек демалыстарын береді;
13) бұйрықтар шығарады және аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қою;
14) нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалардың және өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құру;
15) өз құзыреті шегінде аудан әкімі аппаратының ақшалай қаражаттарын басқарады, бюджеттік қаражаттардың нысаналы қолданылуына бақылауды жүзеге асыру, қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар;
16) аудан әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізілетін мәселелердің, қаулылардың, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларының аудан әкімдігі Регламентімен белгіленген тәртіппен өтуінің және бекітілуінің сақталуын қамтамасыз етеді;
17) аудан әкімі аппаратындағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
18) аудан әкімі аппаратының шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржыны жұмсауға басшылық жасайды;
19) аудан әкімінің кадр саясатын іске асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
20) аудан әкімдігі қаулыларының, хаттамалық тапсырмаларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің расталған көшірмелерін жіберудің тізбесін бекітеді;
21) аппарат басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі;
22) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
"Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
22. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.