Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 30.03.2020 № 65-5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
2. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 20-6 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2001 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 қыркүйектегі № 139-140 аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихаттың |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Д. Абдраимов | Б. Әлімбет |