Ескертпе. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 29.10.2014 ж. № 36-4 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.
2014 жылға арналған Сарысу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына келесі әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш сомасында бюджеттік кредит.
2.
«2013 жылға арналған Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 14-4 (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 1932 болып мемлекеттiк тiркеуден өткен, «Сарысу» газетiнiң 2013 жылғы 15 мамырдағы № 38 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3.
Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат |
Аудандық мәслихат |