РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шу ауданның ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуы аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, аймақты, энергетика, байланыс, әкімшілік-аумақтық құрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Мәслихат хатшысы |
Б. Ниязбеков | Б. Саудабаев |