Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 388 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 қазанда № 9821 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 72-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидалары бекітілсін;

      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік

      тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты облыстар, Астана және Алматы қалалары білім

      басқармаларының назарларына жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр А. Сәрінжіпов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 388 бұйрығымен
бекітілген

Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге
байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы
сот үкімін орындау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234 Қылмыстық-атқару кодексінің 72-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген.

      2. Осы Қағидалардағы ұйымдар дегеніміз "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4-тармағында анықталған ұйымдар болып қабылданады (бұдан әрі - ұйымдар).

      3. Осы Қағидалар педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау тәртібін айқындайды.

2. Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс
істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйымның орындалу
тәртібі

      4. Меншік нысанына қарамастан ұйымның басшысы (бұдан әрі - басшы) педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға қабылдау кезінде тұлғалардан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есебі бойынша олардың қылмыс жасағаны туралы мәліметтің бар не жоқ екені туралы ақпарат сұратады.

      5. Тұлғаларды жұмысқа қабылдау туралы шешім шығарғанға дейін басшы күнтізбелік 7 күннің ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарынан кандидаттың педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойынша тыйым салынған шектеулерінің бар-жоғы туралы мәліметтің дұрыстығын тексереді.

      6. Басшы күнтізбелік бір күн ішінде:

      1) қызметкердің педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруына тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот үкімінің көшірмесін алғанда;

      2) педагогтың педагог лауазымын атқару құқығынан айырылғандығы туралы сот үкімінің бар екені немесе жасырылғаны анықталған жағдайда оны атқарып отырған лауазымынан босатады.

      Бұл ретте педагогке кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты өзге жұмыс ұсынылмауы тиіс.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Басшы соттың үкімімен педагог лауазымын атқаруына шектеу қойылған қызметкермен жасалған еңбек шартын бұзу кезінде күнтізбелік жеті күн ішінде қабылданған шаралар туралы білім беру саласындағы және ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

      8. Басшы жылына бір рет педагогтердің педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынған шектеулерінің бар-жоғы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық органдарымен тұрғылықты жері бойынша пробация қызметінен салыстырып тексеріп отыруға міндетті.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Басшы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен еңбек шартын жасаспауы тиіс.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.07.2021 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Об утверждении Правил исполнения приговоров суда о пожизненном запрете занимать педагогические должности и должности, связанные с работой с несовершеннолетними

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 23 сентября 2014 года № 388. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 октября 2014 года № 9821.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п.4

      В целях реализации пункта 1 статьи 72 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила исполнения приговоров суда о пожизненном запрете занимать педагогические должности и должности, связанные с работой с несовершеннолетними.

      2. Департаменту дошкольного и среднего образования, информационных технологий (Жонтаева Ж.А.):

      1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан обеспечить официальное опубликование настоящего приказа в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) довести настоящий приказ до сведения управлений образования областей, городов Астана и Алматы.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Имангалиева Е.Н.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2015 года и подлежит официальному опубликованию.


Министр

А. Саринжипов


  Утверждены
приказом Министра образования
и науки Республики Казахстан
23 сентября 2014года № 388

Правила исполнения приговоров суда
о пожизненном запрете занимать педагогические должности
и должности, связанные с работой с несовершеннолетними

1. Общее положение

      1. Правила исполнения приговоров суда о пожизненном запрете занимать педагогические должности и должности, связанные с работой с несовершеннолетними (далее - Правила), разработаны с целью реализации пункта 1 статьи 72 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан.

      2. Под организациями в настоящих Правилах подразумеваются организации, определенные пунктом 4 статьи 40 Закона Республики Казахстан "Об образовании" (далее - организации).

      3. Настоящие Правила определяют порядок исполнения приговоров суда о пожизненном запрете занимать педагогические должности и должности, связанные с работой с несовершеннолетними.

2. Порядок исполнения запрета
на занятие педагогической должности и должности, связанной
с работой несовершеннолетними в организациях

      4. Руководитель организации независимо от форм собственности (далее - руководитель) при приеме на педагогическую должность или должность, связанную с работой с несовершеннолетними, запрашивает у лица информацию о наличии либо отсутствии сведений по учетам Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о совершении им преступлений.

      5. Руководитель в течение семи календарных дней до принятия решения о приеме лица на работу осуществляет проверку достоверности сведений об отсутствии у кандидата лишения права пожизненно занимать педагогические должности и должности, связанные с работой с несовершеннолетними, в территориальном органе Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан и службы пробации по месту жительства о достоверности.

      6. Руководитель в течение одного календарного дня освобождает работника от занимаемой должности:

      1) при получении копии приговоров суда, вступившего в законную силу, о запрете работником пожизненно занимать педагогическую должность и должности, связанные с работой с несовершеннолетними;

      2) при обнаружении или сокрытии педагогам приговоров суда о лишении его права занимать педагогические должности.

      При этом педагогу не может быть предоставлена иная работа, связанная с работой с несовершеннолетними.

      Сноска. Пункт 6 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 07.04.2020 № 132 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. При расторжении трудового договора на занятие педагогической деятельностью, который запрещен работнику по приговору суда, руководитель в течение семи календарных дней информирует о принятых мерах местные исполнительные органы в области образования и уголовно-исполнительской системы органов внутренних дел.

      8. Руководитель во исполнении приговоров суда не более одного раза в год проводит сверки об отсутствии ограничений у педагогов на пожизненный запрет на занятие педагогические должности и должности, связанные с работой с несовершеннолетними, с территориальными органами Комитета правовой статистики и специальных учетов Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 8 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 07.04.2020 № 132 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Руководитель согласно подпункту 3) пункта 1 статьи 26 Трудового кодекса Республики Казахстан не заключает трудовой договор с гражданами, лишенными права занимать определенную должность или заниматься определенной деятельностью, в соответствии с вступившим в законную силу приговором суда.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа и.о. Министра образования и науки РК от 13.07.2021 № 336 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).