Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 23.06.2015 № 34/14 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 18 ақпанындағы № 103 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
4. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды облысының
әкімі Б. Әбдішев
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
28 наурыз 2014 жыл
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 14/10 қаулысына
1-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал
басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға
дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі
Субсидиялау бағыты |
Өлшем бірлігі |
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу |
бас |
3 678 |
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 14/10 қаулысына
2-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық
мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді
жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар
1. |
Ірі қара малды қолдан ұрықтандыруда жұмыс тәжірибесінің, жұмыс мерзімін мал асылдандыру инспекциясы саласындағы уәкілетті органнан тізімі бойынша растауымен бар болуы |
2. |
Жеке меншігінде немесе ұзақ мерзімді жалдауда сұйық азотты тасымалдайтын ЦТК түріндегі арнайы ыдыспен жабдықталған автокөліктің болуы |
3. |
Жеке меншігінде тұқымды бұқалардың ұрығын сақтайтын СДС 35 түріндегі арнайы ыдыстың болуы |
4. |
Штатында сәйкес мамандықтар бойынша қызметкерлердің болуы |
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 14/10 қаулысына
3-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы
өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.12.2014 № 66/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Сала атауы |
Субсидиялау бағыты |
Өлшем бірлігі |
Субсидиялау нормативі, теңге |
Субсидиялау көлемі |
Субсидиялар сомасы, мың теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы |
Асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу |
бас |
20 000 |
6 637 |
132 740,0 |
Тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу |
бас |
18 000 |
69 389 |
1 249 002,0 |
|
Отандық етті бағытағы асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу |
бас |
154 000 |
2 577 |
396 817,0 |
|
Жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп – бағу |
бас |
104 000 |
249 |
25 896,0 |
|
Сиыр етін өндіру үшін мал азығы құнын арзандату |
тонна |
250,0 |
30 000,0 |
||
3 деңгей |
тонна |
120 000 |
250,0 |
30 000,0 |
|
Барлық сомма |
1 834 455,0 |
||||
Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы |
Импортталған селекциялық ірі қара мал сатып алу (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды малды қоса есептегенде) |
бас |
118 000 |
491 |
57 938,0 |
Сүт өндіру үшін мал азығы құнын арзандату |
тонна |
100 000,0 |
|||
2 деңгей |
тонна |
15 000 |
1 300 |
19 500,0 |
|
3 деңгей |
тонна |
10 000 |
8 050 |
80 500,0 |
|
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды өтеу |
бас |
3 678 |
14 014 |
51 544,0 |
|
Барлық сомма |
209 482,0 |
||||
Етті бағыттағы құс шаруашылығы |
Құс етін өндіру үшін азық құнын арзандату |
6 300 |
315 000,0 |
||
3 деңгей |
тонна |
50 000 |
6 300 |
315 000,0 |
|
Барлық сомма |
315 000,0 |
||||
Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы |
Асыл тұқымды тәуліктік балапандарды сатып алу (ақырғы) |
бас |
50 |
51 080 |
2 554,0 |
Тағамдық жұмыртқа өндіру үшін азық құнын арзандату |
325 850 |
977 550,0 |
|||
1 деңгей |
мың дана |
3 000 |
325 850 |
977 550,0 |
|
Барлық сомма |
980 104,0 |
||||
Қой шаруашылығы |
Тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу |
бас |
1 500 |
104 112 |
156 168,0 |
Асыл тұқымды қой сатып алу |
бас |
8 000 |
2 992 |
23 936,0 |
|
қой етін өндіру үшін азық құнын арзандату |
тонна |
100 000 |
1 000 |
100 000,0 |
|
Барлық сомма |
280 104,0 |
||||
Жылқы шаруашылығы |
Асыл тұқымды жылқы сатып алу |
бас |
40 000 |
478 |
19 120,0 |
жылқы етін өндіру үшін азық құнын арзандату |
тонна |
92 000 |
1 435 |
132 000,0 |
|
қымыз өндіру үшін азық құнын арзандату |
тонна |
60 000 |
1 050 |
63 000,0 |
|
Барлық сомма |
214 120,0 |
||||
Шошқа шаруашылығы |
шошқа етін өндіру үшін азық құнын арзандату |
тонна |
98 000 |
3 010,2 |
295 000,0 |
ЖИЫНЫ |
4 128 265,0 |