Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.08.2015 № 45/08 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру және спорт саласында көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" № 118 қаулысына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Cпорт шеберiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi cпорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) "Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 22/01 "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 01 шілдедегі
№ 33/04
қаулысымен бекітілді
"Cпорт шеберіне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi cпорттық разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Cпорт шеберіне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi cпорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру және спорт саласында көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" № 118 қаулысымен бекітілген "Cпорт шеберіне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi cпорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстың дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - спорттық атақ беру туралы, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға санаттар беру туралы, спорттан төреші санатын беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының өтініші (ұсынымы) болып табылады.
8. Әр процестің мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері: құжаттарды қабылдау, тіркеу, құжаттарды бұрыштама қою үшін басшылыққа жолдау (15 минут);
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы: құжатпен танысу, бұрыштама салу, уәкілетті органның жауапты орындаушысына жолдау (1 сағат);
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы: құжат пакеттерінің толықтығын және біліктілік, төреші санатын және спорт дәрежелерін беру талаптарына сәйкестігін тексеру. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім шығару, мемлекеттік қызмет көрсету туралы бұйрықтың және қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көшірмесін дайындау, мемлекеттік қызмет көрсету туралы құжаттарды кеңсеге жіберу (күнтізбелік 27 күн);
4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері: құжаттарды бұрыштама қою үшін басшылыққа жолдау (1 сағат);
5) көрсетілетін қызметті беруші басшысы: бұрыштама салу, кеңсеге жолдау (1 сағат);
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері: уәкілетті орган құжаттарын ХҚО жолдау (1 жұмыс күні ішінде).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізімі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
10. Іс-қимылдың (процестің) орындалу мерзімінің көрсетілуімен іс-қимыл (процестің) бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. ХҚО-ға көрсетілетін қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның өкілі (бұдан әрі - уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкес ұсынады.
12. Көрсетілетін қызметті алушымен (немесе уәкілетті өкілмен) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш (ұсыным) алу кезінен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін тапсырған кезге дейінгі қызмет көрсету кезеңдері:
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкіл) ХҚО құжаттар ұсынады:
1) ХҚО инспекторы өтінішті (ұсынымды) тіркеуді жүргізеді, көрсетілетін қызметті алушының немесе жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын тұпнұсқа құжаттардың түпнұсқалылығын құжаттардың шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға немесе жеке тұлғаның уәкілетті өкіліне қайтарады, көрсетілетін қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
сұраудың қабылданған күні мен нөмірі;
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
2) ХҚО жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ХҚО АЖ бекітеді және қабылданған құжаттарды тіркейді, содан кейін басшыға қарастыруға жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарастырғаннан кейін жауапты орындаушыға тапсырма береді;
5) жауапты орындаушы ХҚО-дан ұсынылған құжаттарды қарастыруды жүзеге асырады, бұйрықты, бұйрықтың көшірмелерін рәсімдейді, содан кейін уәкілетті орган басшысына қол қоюға жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрыққа қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ХҚО-ға жолдайды, бұл ретте ХҚО АЖ бекітеді;
15. Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату үшін негіздер қарастырылмаған.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету поцесіндегі іс-қимылдардың логикалық бірізділігі арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
"Cпорт шеберіне кандидат, бiрiншi
спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi бiрiншi санатты
жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары
деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-
спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi
санатты спорт төрешiсi cпорттық
разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша
Іс-қимыл (үдеріс) бірізділігінің
сипаттамасы
1 кесте. Іс-қимылдарды сипаттау
Негізгі процестің (жұмыс барысы, ағымы) іс-қимылдары |
|||
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) № |
1 |
2 |
3 |
Атауы |
ХҚО инспекторы |
ХҚО жинақтау бөлімінің инспекторы |
ХҚО жинақтау бөлімінің инспекторы |
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдау |
Журналға қол қою, құжат жинау |
Тізілімді жасап, құжатты жөнелту |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім) |
Журналда тіркеу және қөшірмесін беру |
Жинақтау бөліміне құжат жинау |
Көрсетілетін қызметті берушіге құжат жіберу |
Орындалу мерзімі |
15 минут |
1 жұмыс күніне 2 рет |
1 жұмыс күніне екі реттен кем емес |
Негізгі процестің (жұмыс барысы, ағымы) әрекеттері |
|||
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) № |
4 |
5 |
6 |
Атауы |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы |
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдау, тіркеу, өтініштерді басшылыққа жолдау |
Құжатпен танысу, жауапты орындаушыны анықтау |
Құжат пакеттерінің толықтығын және біліктілік, төреші санатын және спорт дәрежелерін беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, бұйрықтың көшірмесін рәсімдеу |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім) |
Құжаттарды бұрыштама қою үшін басшылыққа жолдау |
Бұрыштама салу, жауапты орындаушыға жолдау |
Құжаттарды басшыға бұрыштама салу үшін тапсыру |
Орындалу мерзімі |
15 минут |
1 сағат |
Күнтізбелік 28 күн ішінде |
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) № |
7 |
8 |
9 |
Атауы |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері |
ХҚО инспекторы |
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттармен танысу |
Құжаттарды тіркеу |
Көрсетілетін қызметті алушыға бұйрықтың көшірмесін беру |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім) |
Құжатқа қол қою |
ХҚО бұйрықтың көшірмесін тапсыру |
Көрсетілетін қызметті алушыға бұйрықтың немесе бас тарту туралы дәлелді жауап көшірмесін беру туралы қолхат |
Орындалу мерзімі |
30 минут |
1 жұмыс күні ішінде |
15 минут ішінде |
2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс
ХҚО инспекторы |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы |
№ 1 әрекет |
№ 2 әрекет |
№ 3 әрекет |
№ 4 әрекет Құжаттардың толықтығын және біліктілік, төреші санатын және спорт дәрежелерін беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, бұйрықтың немесе бас тарту туралы дәлелді жауап көшірмесін рәсімдеу |
№ 5 әрекет |
|||
№ 6 әрекет ХҚО АЖ белгілейді |
|||
№ 7 әрекет |
|||
№ 8 әрекет |
"Cпорт шеберіне кандидат, бiрiншi
спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi бiрiншi санатты
жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары
деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-
спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi
санатты спорт төрешiсi cпорттық
разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2–қосымша
"Cпорт шеберіне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi cпорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 1 шілдедегі
№ 33/04
қаулысымен бекітілді
"Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші
жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру және спорт саласында көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" № 118 қаулысымен бекітілген "Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстық маңызы бара қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
3. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - спорттық атақ беру туралы, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға санаттар беру туралы, спорттан төреші санатын беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының өтініші (ұсынымы) болып табылады.
8. Әр процестің мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері: құжаттарды қабылдау, тіркеу, құжаттарды бұрыштама қою үшін басшылыққа жолдау (15 минут);
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы: құжатпен танысу, бұрыштама қою, уәкілетті органның жауапты орындаушысына жолдау (1 сағат);
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы: құжат пакеттерінің толықтығын және біліктілік, төреші санатын және спорт дәрежелерін беру талаптарына сәйкестігін тексеру. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім шығару, мемлекеттік қызмет көрсету туралы бұйрықтың көшірмесін дайындау, мемлекеттік қызмет көрсету туралы құжаттарды кеңсеге жіберу (күнтізбелік 28 күн);
4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері: құжаттарды бұрыштама қою үшін басшылыққа жолдау (1 сағат);
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы: бұрыштама қою, кеңсеге жолдау (1 сағат);
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері: құжаттарды ХҚО-ға жолдау (1 жұмыс күні ішінде).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізімі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
10. Іс-қимылдың (процестің) орындалу мерзімінің көрсетілуімен іс-қимыл (процестің) бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. ХҚО-ға көрсетілетін қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның өкілі (бұдан әрі - уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкес ұсынады.
12. Көрсетілетін қызметті алушымен (немесе уәкілетті өкілмен) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш (ұсыным) алу кезінен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін тапсырған кезге дейінгі қызмет көрсету кезеңдері:
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкіл) ХҚО-ға құжаттар ұсынады:
1) ХҚО инспекторы өтінішті (ұсыным) тіркеуді жүргізеді, көрсетілетін қызметті алушының немесе жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын түпнұсқа құжаттардың шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға немесе жеке тұлғаның уәкілетті өкіліне қайтарады, көрсетілетін қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
сұраудың қабылданған күні мен нөмірі;
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
2) ХҚО жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ХҚО АЖ бекітеді және қабылданған құжаттарды тіркейді, содан кейін басшыға қарастыруға жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарастырғаннан кейін жауапты орындаушыға тапсырма береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ХҚО-дан ұсынылған құжаттарды қарастыруды жүзеге асырады, бұйрықты, бұйрықтың көшірмелерін рәсімдейді, содан кейін басшыға қол қоюға жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрыққа қол қойып, кеңсеге жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ХҚО-ға жолдайды, бұл ретте ХҚО АЖ бекітеді.
15. ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға (немесе уәкілетті өкіліне) бұйрық көшірмелерін 15 минут ішінде ұсынады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету поцесіндегі іс-қимылдардың логикалық бірізділігі арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
"Екінші және үшінші разрядтар, бірінші,
екінші және үшінші жасөспірімдік
разрядтар, біліктілігі жоғары және орта
деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы,
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші
санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі
жоғары және орта деңгейдегі
санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық
разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Бірізділіктің және іс-қимылдың (үдерістің) өзара әрекеттестігінің
сипаттамасы
1 кесте. Іс-қимылдарды сипаттау
Негізгі процестің (жұмыс барысы, ағымы) іс-қимылдары |
|||
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) № |
1 |
2 |
3 |
Атауы |
ХҚО инспекторы |
ХҚО жинақтау бөлімінің инспекторы |
ХҚО жинақтау бөлімінің инспекторы |
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдайды |
Журналға қол қойып, құжат жинайды |
Тізілімді жасап, құжаттарды жөнелтеді |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім) |
Журналда тіркеу және қөшірмесін беру |
Жинақтау бөліміне құжат жинау |
Көрсетілетін қызметті берушіге құжат жіберу |
Орындалу мерзімі |
15 минут |
1 жұмыс күніне 2 рет |
1 жұмыс күніне екі реттен кем емес |
Негізгі процестің (жұмыс барысы, ағымы) әрекеттері |
|||
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) № |
4 |
5 |
6 |
Атауы |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы |
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдау, тіркеу, өтініштерді басшылыққа жолдау |
Құжатпен танысу, жауапты орындаушыны анықтау |
Құжат пакеттерінің толықтығын және біліктілік, төреші санатын және спорт дәрежелерін беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, бұйрықтың көшірмесін рәсімдеу |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім) |
Құжаттарды бұрыштама қою үшін басшылыққа жолдау |
Бұрыштама қою, жауапты орындаушыға жолдау |
Құжаттарды басшыға тапсыру |
Орындалу мерзімі |
15 минут |
1 сағат |
Күнтізбелік 28 күн ішінде |
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) № |
7 |
8 |
9 |
Атауы |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері |
ХҚО инспекторы |
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттармен танысу |
Құжаттарды тіркеу |
Көрсетілетін қызметті алушыға бұйрықтың көшірмесін беру |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім) |
Құжатқа қол қою |
ХҚО-ға бұйрықтың көшірмесін жолдау |
Көрсетілетін қызметті алушыға бұйрықтың көшірмесін беру туралы қолхат |
Орындалу мерзімі |
30 минут |
1 жұмыс күні ішінде |
15 минут ішінде |
2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс
1 топ |
2 топ |
3 топ |
4 топ |
№ 1 әрекет |
№ 2 әрекет |
№ 3 әрекет |
№ 4 әрекет Құжаттардың толықтығын және біліктілік, төреші санатын және спорт дәрежелерін беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, бұйрықтың көшірмесін дайындау, рәсімдеу |
№ 5 әрекет |
|||
№ 6 әрекет |
|||
№ 7 әрекет |
|||
№ 8 әрекет |
"Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші
және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі
жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты
жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі
екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі
жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты
әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен
санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2–қосымша
"Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы