Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды қалалық мәслихатының 24.06.2014 № 2-34/282 хатымен).
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 22 бабы 2 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабы 4) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қаласында оқитындардың келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2014 жылдың наурыз, сәуір, мамыр айларында жеңілдікпен жол жүруі белгіленсін:
1) жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан (7 жастан үлкен) сегізінші сыныпқа дейін қоса алғанда білім алушыларына – билеттің толық құнының 50 % төлеумен;
2) жалпы білім беретін оқу орындарының тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейін қоса алғанда, күндізгі оқу нысанындағы, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқитындарға белгілі күнтізбелік мерзімге арналған жеңілдікті ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетін сатып алумен.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақтары комиссияға (төрағасы Мухтаров Жандил Ахуанович) жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді және 2014 жылғы 1 наурыздан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
V шақырылған Қарағанды | |
қалалық мәслихатының | |
кезекті ХХХІІ сессиясының төрағасы | С. Кентбек |
Қарағанды қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Оспанов |
Келісілді: | |
"Қарағанды қаласының білім бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Д. Жекебаев |
2014 жылғы 24 ақпан | |
"Қарағанды қаласының коммуналдық | |
шаруашылығы, жолаушылар көлігі | |
және автомобиль жолдары бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | М. Шалтаков |
2014 жылғы 24 ақпан