Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 25.07.2024 № 17/4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 30.06.2023 № 6/5 (оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесі бекітілсін (қосымша).
2. Теміртау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 15/4 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2334 болып тіркелген, "Новый Теміртау" газетінің 2013 жылдың 31 мамырдағы № 21 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | И. Сиверский |
Мәслихат хатшысы | В. Свиридов |
КЕЛІСІЛДІ
"Теміртау қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің жетекшісі
Ю. Ким
2014 жылғы 7 наурыз
Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы № 27/7 шешімімен бекітілген |
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын
үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес әзірленген және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ереже
Ескерту. 1-тараудың атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 18.03.2021 № 3/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
3) кондоминиум – үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;
4) алынып тасталды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 18.03.2021 № 3/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;5) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
6) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) кірістердің жалпы сомасы;
7) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жеке өз атынан немесе отбасы атынан өтініш беретін адам (бұдан әрі - өтініш беруші);
8) алынып тасталды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 18.03.2021 № 3/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;9) уәкілетті орган – "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
10) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;
11) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 27/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2019 № 47/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 18.03.2021 № 3/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 30.06.2023 № 6/5 (оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Ескерту. Ереже 2-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 27/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 18.03.2021 № 3/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. Ереже 2-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 27/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 18.03.2021 № 3/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету үшін өлшем болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 30.06.2023 № 6/5 (оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3-1. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. Ереже 3-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 28.11.2019 № 47/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 18.03.2021 № 3/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің нормативтерін айқындау
Ескерту. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 18.03.2021 № 3/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіпте көрсетеді:
1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы (көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метр), бір бөлмелі пәтерлерде тұратын азаматтар үшін тұрғын үй ауданының нормасы – тұрғын үйдің жалпы ауданы, көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін тұрғын үй ауданының нормасы – 30 шаршы метр;
2) коммуналдық қызметті тұтыну нормалары:
нақты шығындар бойынша газды тұтыну, бірақ (тұрғын үй көмегін есептеген кезде, екі қабаттан аспайтын тұрғын үй ғимаратының пәтерлеріндегі баллонды газ ескеріледі):
орталықтандырылған ыстық суы бар, газ плиталарымен жабдықталған үйлерде бір адамға айына 8 килограммнан;
орталықтандырылған ыстық суы жоқ, газ плиталарымен жабдықталған үйлерде бір адамға айына 10 килограммнан артық емес;
қатты отынды тұтыну нақты шығындар бойынша қызметтерді жеткізушінің шоттарын (түбіртектерді, жөнелтпе құжаттарды, фактура-шоттарды, анықтамаларды) ұсына отырып, бірақ:
жылу беру мезгіліне есептегенде тұрғын үйдің 1 шаршы метр ауданын жылыту үшін – 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 161 килограмм көмір, 3-5 қабатта салынған үйлер үшін 98 килограмм көмірден артық емес (тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика жөніндегі облыстық органдардың мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Теміртау қаласында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады);
нақты шығындар бойынша бір адамның электр қуатын тұтыну, бірақ:
газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 80 киловаттан;
электр плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 100 киловаттан артық емес;
3) суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты шығару қызметін, лифттерге қызмет көрсетуді тұтынудың, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға шығыстардың нормаларын басқару нысанына тәуелсіз (басқарудың заңды нысанын ресімдеген пәтерлер меншік иелерінің кооперативтері, өзін-өзі басқару комитеттері, үй комитеттері) қызметтерді жеткізуші немесе тарифтерді бекітетін орган бекіткен тарифтер негізінде белгіленеді.
5. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына белгіленген нормадан жоғары шығыстарын төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
6. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілу сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегі механизмі арқылы өтемақы төленуге жатады.
3-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 18.03.2021 № 3/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
7. Тұрғын үй көмегін уәкілетті орган ұсынады және тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.
8. Ішімдікке немесе есірткіге құмар отбасы мүшелерімен, немесе 18 жасқа толмаған тұлғалармен бірге тұратын пәтерлердің иесі болып табылатын зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй көмегі бір адамға (18 шаршы метр) арналған тұрғын үй ауданының нормалары және бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұруына тәуелсіз бір адамға коммуналдық қызметті тұтыну нормативтерінің негізінде ұсынылады.
9. Жанжалды, даулы немесе стандартты емес жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының және телекоммуникация қызметін көрсетуге абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуі бөлігінде байланыс қызметінің шығындарына нақты есептелген төлем сомасынан аса алмайды.
11. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін нақты есептелген сома жөніндегі мәліметтерді коммуналдық қызметтерді жеткізуші (электрондық немесе қағаз тасымалдағышта) және (немесе) жеке тұлға (қағаз тасымалдағышта) ұсынады.
12. Тұрғын үй көмегін төлеуді азаматтардың жеке шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер немесе осы операцияны жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдары арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.
13. Тұрғын үй көмегінің төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдері мен кезеңділігі
Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 18.03.2021 № 3/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
14. Тұрғын үй көмегі оны алуға өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейін тағайындалады. Қоса ұсынылған құжаттармен бірге өтініш берген ай өтініш берген ай болып есептеледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 27/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.15. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін алуға немесе мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туралы 10 күн ішінде уәкілетті органға хабарлауға тиіс.
Тұрғын үй көмегін заңсыз немесе асыра тағайындалуына әкеліп соқтырған көрінеу теріс мәліметтерді берген жағдайда төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сома өз еркімен, ал бас тартылған жағдайда - сот арқылы қайтарылуға жатады.
16. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтері, отбасының шекті жол берілетін шығыстар үлесі өзгерген жағдайда тиісті өзгерістер туындаған айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.
17. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде, отбасының басқа елді мекендерде уақытша тұратыны тиісті құжатпен расталған тұлғалар есепке алынбайды.
5. Тұрғын үй көмегін есептеу және өтініш беру тәртібі
18. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
6) банктік шоты;
7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 18-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 18.03.2021 № 3/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Ескерту. Ереже 18-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 27/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18-2. Осы ереженің 18 тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. Ереже 18-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 27/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Ескерту. Ереже 18-3-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 27/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. Ереже 18-4-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 27/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18-5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.
Ескерту. Ереже 18-5-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 27/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 30.06.2023 № 6/5 (оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы делелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.
Ескерту. Ереже 18-6-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 27/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.19. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегі алушысының жеке ісі қалыптастырылады. Ай сайын тұрғын үй көмегін есептеу жүргізіледі және өтініш беруші өтініш беру шамасына қарау оған беріледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 27/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.20. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 27/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесіне 1-қосымша Уәкілетті органның басшысына |
_______________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
Тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі өтініш
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 30.06.2023 № 6/5 (оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесіне 2-қосымша |
нысан
Отбасының тіркелу нөмірі _____________
Отбасы құрамы және тұратын тұрғын
үйдің жалпы ауданының мөлшері туралы
МӘЛІМЕТТЕР
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 30.06.2023 № 6/5 (оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесіне 3-қосымша |
нысан
Отбасының тіркелу нөмірі _____________
20 ___ жылғы _______________ тоқсандағы
өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табысы туралы
МӘЛІМЕТТЕР
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 30.06.2023 № 6/5 (оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесіне 4-қосымша |
нысан
20 __ жылғы _______________ тоқсандағы
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерін, байланыс қызметтерін тұтынуға шығыстар туралы
МӘЛІМЕТТЕР
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 30.06.2023 № 6/5 (оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.